7


  • Учителю
  • Ана тілі Жетім. Мұхтар Әуезов 4-сынып

Ана тілі Жетім. Мұхтар Әуезов 4-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Пәні: Ана тіліСыныбы: 4 сыныпКүні: 19. 11. 2013 жСабақ : №41Cабақтың тақырыбы: Жетім. Мұхтар Әуезов.Сабақтың мақсаты: 1. Мұхтар Әуезовтің өмірімен таныстыру, «Жетім» әңгімесін оқыту, түсінік беру; 2. Бұрынғы оқыған шығармаларын еске түсіре отырып, ой-өрісі мен сөздік қорларын кең
предварительный просмотр материала

Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 4 сынып

Күні: 19. 11. 2013 ж

Сабақ : №41

Cабақтың тақырыбы: Жетім. Мұхтар Әуезов.

Сабақтың мақсаты: 1. Мұхтар Әуезовтің өмірімен таныстыру, «Жетім» әңгімесін

оқыту, түсінік беру;

2. Бұрынғы оқыған шығармаларын еске түсіре отырып, ой-өрісі мен

сөздік қорларын кеңейту;

3.дұрыс түсініп оқуға үйрету, адамгершілікке, мейрімділікке

тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, жұптастыру, ой толғау, сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: Мұхтар Әуезовтің суреті, мақал-мәтелдер, плакаттар, кесте

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: --Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез-құлықтар байқалады? Арыстанның сөзінен оның қандай мінез-құлқын байқауға болады? Ары қарай не болады деп ойлайсың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

-- Мұхтар Әуезов туралы не білеміз?

Мұхтар Әуезов (1897-1961). Семей облысында, Абай ауданында туған. Шебер жазушы. «Абай жолы» романын жазған. 2 - 3 кластарда «Әбілмансұр», «Бала Абай», «Әке арманы», «Боран», «Кешкі дөң басында» атты шығармаларымен таныстық.

Ү. Жаңа сабақ: 1. кіріспе. «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді адам емес» - деген екен Мұхтар Әуезов.

Мұхтар Әуезов қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеуші, драматург және қоғам қайраткері. Ол Абайтану ғылымының негізін сала отырып, қазақ әдебиеті тарихына орасан қызмет сіңірді. Оның әлемге тараған «Абай жолы» роман-эпопеясы - ұлтымыздың рухани қазынасына қосылған ұлы мұра. Балаларға арналған шығармалары да баршылық, мысалы: «Көксерек», «Жетім», «Қорғансыздың күні» т.б.

2. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу.

--Әңгіме қалай басталады?

---Жападан-жалғыз келе жатқан бала кім?

---Әңгімеде Қасым жетімдіктің қорлығын қалай көрген?

Сол тұсты тауып оқы. Қасымның әжесінен айрылған кезде жоқтау айтып жылаған сөзін мазмұнына сай ырғақпен оқы.

3. Сөздік жұмыс. Қиянат - әділетсіздік, зорлық, өктемдік. Қаға беріс - шеттеу, бұрылыс, тасалау жер.

4. Дәптермен жұмыс. Сызбаларды толтыру.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. --Әңгімеде қараңғы түндегі қорқыныш елесі қалай берілген? ---Сенің көз алдыңа нелер елестеді?

---Егер сен Қасымның орнында болсаң, не істер едің?

----Қасымға жетімдіктен құтылудың қандай амалын айтар едің?

2. Табиғат пен баланың көңіл күйін суреттеуде қандай байланыс барын мәтіннен тауып, мына кестені дәптеріңе толықтырып жаз.


Табиғаттағы өзгеріс

Баланың көңіл күйі

1. қалың қара бұлт

2. бұлт жиі-жиі күркіреп,күн жарқылдайды;

3. ымырт жабылып, қас қарайған шақта ...

1. жалғыз жаяу бала

2. түсі де, көңілі де қартайып, жүдеп

3. жүрегі қалтырап, шошынып, елеңдеп...


ҮІІ. Қорыту. Әңгіме бойынша құрылған мына жоспарды оның мазмұнына қарай қайта реттеп жазып шық.

  1. Ағашқа сүйеніп қатып қалған бала. (4)

  2. Қасымның әжесінен айырылуы. (1)

  3. Тау ішіндегі қорқыныш. (3)

  4. Иса мен Қадишадан көрген қорлығы. (2)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал