7


  • Учителю
  • Классный час: Жасөспірім және темекі

Классный час: Жасөспірім және темекі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жасөспірім және темекі.



Мақсаты: 1) темекінің адам өміріне зиянды, улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, тазалыққа, құқықтық тәрбиеге баулу;

2)салауатты өмір салтын сақтауға оқушыларды тәрбиелеу;

3)тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, тән сұлулығы мен жан сұлулығын қатар сақтауға тәрбиелеу;

4)жасөспірімдер арасындағы әр түрлі жаман әдеттердің (темекі шегу, ішімдік ішу) таралуына тосқауыл

қойып, жаман әдеттерден сақтандыру.

Көрнекілігі: "Біз темекісіз болашақты бастаймыз, салауатты емірді біз қолдаймыз!" атты қабырға газеті, нашақорлықты бейнелейтін суреттер, бүктемелер, мақал-мәтел, нақыл сөздер.

Барысы.

Тәрбиеші: Еліміздің президент! Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдар-ламасында салауатты өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулыгын жақсарту мақсатында жұмыс жүргізу қажеттілігін атап көрсетті. Гүлденген экономика жағдайында да өз денсаулығын дұрыс күтпеуінен және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан жылға өсіп отырғанын айтпай кету мүмкін емес. Ал енді өз денеміздің сау болуы үшін, қоршаған ортаның таза болуы үшін біз не істеуіміз керек екен? Біз бүгін соны ұғып алайык. Бүкіл халык болып, дүние жүзі болып сол үшін күресіп жатыр.

19-қараша - Халықаралық шылымқорлыктан бас тарту күні болып белгіленді.



1-жүргізуші:Құрметті қонактар,оқушылар,бүгінгі "Жасөспірім және темекі" атты шығармашылық кешімізді ашық деп жариялаймыз!

Салауаттылық - халқымыздың үлгі-өнегелік дәстүрі. Есірік туғызатын ішкіліктен, темекі тартудан аулақ болу, таза, сау болуы, игі іс-әрекеттер - міне бұлар салауаттылықты көрсетеді.

2-жүргізуші: Соңғы жылдары бүкіл әлемді жаулап алған темекі тарту, нашакорлыққа салыну, есірткі шегу сияқты жаман әдеттер біздің елімізге де, әсіресе жасөспірімдер арасында кенінен таралуда.

1-жүргізуші: Ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің тірегі деп жүрген жастардың мұндай жаман әдетке бой алдыруы кімді болса да ойландырары анық. Сондықтан да біз бүгінгі әңгімемізді осы тақырыпқа арнап, сол жасөспірімдердің өздерімен ой бөлісіп, пікір алмасуды жөн көрдік. Мен көпшіліктің мына статистикалық мәліметтерге көңіл аударуын өтінемін.

2-жүргізуші: 1) Дүние жүзінде 1 млрд адам темекі шегеді.

2)Темекі зардабынан күніне 10000 немесе жылына 3,5 млн адам қайтыс болады.

3)Қазақстан бойынша 3,2 млн адам, яғни 33% темекі тартады.

4)Темекі зардабынан жылына 25 ООО адам қайтыс болады.

5)Темекі түтінінің улылығы автомобиль шығаратын газдан 4 есе, тұрмыстық газдан 250 есе артық.

1-жүргізуші: Жас өспірім кезде әр нәрсеге деген әуестенушілік, еліктеушілік, қызығушылық басым болады. Кейбір балалар қызығып, кейбірі ермек үшін темекі шеге бастайды. Темекіні бірден емес біртіндеп үйренеді. Енді осы үйрену сатысы жайлы сен не айтасың? Балалар арасында темекі шегу қай кезден басталады?



1-оқушы: Күрк-күрк көк жөтел,

Күркілдеген не жөтел?

Жасыңнан шексең темекі

Түбіңе сенің сол жетер.

Түтінмен ыстап өкпені.

Никотин уын төккені.

Жүректің ұстап талмасы,

Мишықтың қурап кеткені.

2-оқушы: Мына өлеңде жырланғандай темекі адамдардың ең керекті ағзалары - өкпе, жүрек және миды улайтынын білдік.Темекініңосыншалыкты зиян екенін біле тұра адамдар темекіні неге шегеді? Сен қалай ойлайсың? Темекіні шегуге не итермелейді?

3-оқушы: Адам тән мен жаннан жаратылған, кейбір кездері күні бойғы жұмыстан немесе реніштен т.б. жағдайларға байланысты адамнын жүйкесі шаршайды. Сондай сәтте темекі шегу жүйкенің шаршағанын басып, адамның көңіл-күйін орнықтырады дейді. Сондықтан болар.

4-оқушы: Денсаулыққа зор кесел,

Үйрете көрме ауызды

Насыбай-напақ, шылымға.

Атпаңдар тіл алсаңдар насыбайды,

Атсаңдар нас боласың басыбайлы.

Желді күні "туф" деп жерге түкіргенде,

Жаппадай бет-аузыңа шашырайды.

5-окушы: Дүниед,. тіпті дені сау адамнын әзіне темекі мен түтіндеген ауада болудың өзі зиянды екенін білмейтін ешкім жоқ.

2-жүргізуші: Иә, соңғы кездетемекіні жарнамалау көбейіп тұр. Теледидарда да, қалалардағы жол жиектерінде, сондай-ақ күнделікті тұтынатын пакет, сөмкелерде де темекінің суреттері жапсырулы.

6-оқушы: Бұл кім?

Күрк-күрк жөтелген,

Кеудесін зорға көтерген?

Біреуі келді ілбіп,

Кім екенін білдік.

Қарасаңдар сиқына

Шылымшы ғой сұмдық!

"Магна".

7-оқушы: Жүзі солған,

Көзі тұздай болған.

Шүберектей оңып тұр,

Алдымызда адам емес

Кәдімгі өлік тұр.

Кім екенін білдік.

Қарасаңдар сиқына

Шылымшы ғой сұмдық!

"Қазақстан".

8-оқушы: Бұғаналары ақсиған,

Иығы-иығына тиіп кетті.

Тістері сарғайып.

Екі ерні түтінге күйіп кетті.

Кім екенін білдік.

Қарасаңдар сиқына

Шылымшы ғой сұмдық!

"Мальборо".

9-оқушы: Еті қашқан арқасы,

Тұтас емес үш бөлек.

Адам емес бұл өзі,

Кәдімгі скелет.

Кім екенін білдік.

Қарасаңдар сиқына

Шылымшы ғой сұмдық!

10-оқушы: Нансаңда, нанбасаң да,

Қалмайды зәрең.

Адам ба, аруақ па,

Айырасың әрең.

Кім екенін білдік.

Қарасаңдар сиқына

Шылымшы ғой сұмдық!

Шылымы сонда да езуінде,

Обалы жоқ екен өзінің де.

1-жүргізуші: Темекі түтінінің кұрамындағы бірнеше зат адамның денсаулығы үшін қауіпті екен, соның ішінде әсіресе никотин, көмірқышқыл газы, азот қышқылы, аммиак, висмут, смола т.б. бар. Қазіргі керсетілетін көріністен сіздер никотиннің өкпеге қалай сіңетінін көре аласыздар. Сонымен алдарыңызда "Қара перделі адам" көрінісі.

Қара киімді (қара перделі) адам: Мен қалың көпшілікке өзімнің басымнан өткен, өмірден алған ащы сабағымды кейінгілерге сабақ болсын деген мақсатпен айтқым келеді. Мен темекіні ең алғаш рет он үш жасымда бастадым. Оқиға былай болған еді.

1-оқушы: Темекі тартқан қандай жақсы! Мен бар ғой осыны тартқаннан бастап салмағымнан біраз арықтадым.

2-окушы: Қыста қалада,

Тауып алдық далада.

Темекіні шегейік,

Жаңа өмірге енейік.

3-окушы: Мен бар ғой темекіні шай сияқты пайдаланамын.

Көрініс.

Оқушы: Әне, кішкентай бала кетіп бара жатыр. Балақай, бері келші. Қызық көргің келе ме?

Жас бала: Қандай қызық?

Оқушы: Сен былай темекіні будақтатып тарта аласың ба?

Жас бала: Жоқ, оны тартқанда не болады?

Оқушы: Мә, мынау балапан екен ғой, нешінші сыныпта оқисың?

Жас бала: Бесіншіде.

Оқушы: Мынаның жасында біз бар ғой темекіні шиыратын едік. Мына бала әлі шіп-шикі балапан екен.

Оқушы: Мына балапанға темекінін дәмін үйретейік. Мә, тартып көр. Жарайсың, ішіңе қарай сор.

Қара киімді адам (бетінлегі пердесіз): Сөйтіп мен осылай темекіге әуестене бастадым. Ата-анам білмесін деп қуыс-қуыста тартып ауыздандым. Оны әжем де байқады.

(Дастарханға әжесі тамақ дайындауда.)

Әжесі: Осы баланың асқа қарамауы қатты ойландырады. Тамақ ішпеген соң жүдеп, көздері шүңірейіп кетіпті. Балам-ay. ауруға тап боласың ғой мына күйіңмен, не дейін?

Жас бала: Әже, мені уайымдама. Тамақ ішсем болды құсқым келеді. Неге зорланып ішемін?

Әжесі: Балам-ay, дәрігерге көрінсеңші. Өстіп жүріп бір күні өліп қаларсың.

Жас бала: Иә, әже, демалысқа шыққан бойда қараламын.

(Арада біраз жылдар өтті. Би кеші. Көңілді әуен. Билеген жастар.)

Қара киімді адам (бетіндегі пердесіз): Қарындас билеуге болады ма екен?

Бойжеткен: Шылым шегесіз бе?

Қара киімді адам: Бар ма? Әкел, шексек шегейік.

Бойжеткен: Нағыз ләззат өмірді көргің келе ме?

Қара киімді адам: Иә, ол не?

Бойжеткен: Тартқан да, тартпаған да арманда. Кел, бірге жұмаққа барайықшы.

Қара киімді адам (қара пердееін кие): Сөйтіп танысқан қызым шылымқор етіп қоймай нашақор да қылды.

Бойжеткен (қолына шприцті тыға):Құрбым, тез кел, тезірек.

Шылымды әкеп тезірек.

Наша бар қалтада,

Өліп барам тезірек.

Нашаны біз тартайық.

Кел, қызыққа батайық!

Досы: Жастықтың оты жалындап,

Өмірге құштар ең бір кезде.

Азапқа түсіпсің бұл күнде,

Көркіңе көз тастап ойланам.

- Ал, досым. ""Адамға сынықтан басқаның бәрі жұғады" деген ата-бабамыз. Мен сені құрдымнан құтқарамын деп келдім. Еңсенді көтер. "Шын досты басыңа іс түскенде білесің" дейді халқымыз. Дос легендерің дұшпанға айналды. Жүр, екеуміз емдеу орталығына барып дәрігерге көрінейік. Ажал тұзағынан осылай құтылайық.

(Салауатты өмір салтының орталығы. Ақ халатты дәрігер екеуін қабылдап, бос шыныға темекіні түтіндете салып, адам ағзасы осы бос шыныдай таза болу керектігін тәжірибе түрінде айтып көрсетеді.)

Қара киімді адам: Досымның, ата-анамның, дәрігердің қолдауымен толықтай жазылдым. Мен сияқты аңқауларға алданбай, жаман әдеттерден аулақ болыңдар дегім келеді.

(Би биленеді.)

2-жүргізуші: Жастар -Қазақстанның болашағы. Олардың денінің саулығы, білімінің тереңдігі, жақсы азамат болып қалыптасуы- мемлекетіміздің байлығы. Жаман әдеттен аулақ болуы үшін дүние жүзіндегі әр мемлекет өзінше күреседі.

1-жүргізуші: Темекі шегу-атадан қалған ас емес. Денсаулықты қадірлеп күткен қазақ "Денсаулық - зор байлық" деп тоқсан ауыз сөздің мағынасын тобықтай сөзге сидырған.

Шиқ-шиқ деп шиқылдап,

Демігіп өкпе қиқылдап.

Табиғат берген денсаулық,

Құртамыз үгіп қиқымдап.

2-жургізуші: "Достарыңа ақыл қос" демекші барлық зиянды әдеттен аулақ болайық.

1-жүргізуші: Бүгінгі кешке қатысып, өздерінің ой -пікірлерін бөліскен ұстаздар мен оқушыларға үлкен рахмет айта отырып кешімізді аяқтаймыз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал