7


  • Учителю
  • Разработка урока по литературе на тему: 'Туған өлкем'

Разработка урока по литературе на тему: 'Туған өлкем'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Туған өлкем. Қайрат Жұмағалиев.

Мақсаты: Оқушыны Қайрат Жұмағалиевтың «Туған өлкем» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу; елге, жерге патриоттық сезімдерін ояту; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. . Мұқағали Мақатаевтың бұл өлеңі қандай шығармаға (лирикалық, драмалық) жатады? Лирика деген сөздің мағынасын есіңе түсір. Ол не? Ақын Қазақстанға деген шынайы сезімін, ішкі тебіренісін қалай білдіреді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен өз еліңе, жұртыңа, Отаныңа деген сүйіспеншілігіңді қалай білдіретін едің? Сенің өз ойың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. «Туған өлкем!» дегенде сен өзіңді қалай сезінесің? Қандай әсер пайда болады?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе: Қайрат Жұмағалиевтың «Туған өлкем» атты өлеңін оқып көрелік. Қандай әсер алады екенбіз. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Өлеңнің әр шумағын жеке оқу арқылы негізгі идеяны табуға ықпал жасау. Сөздік жұмыс: Кермиық - асыл, жақсы, әсем. Ықылым күн - өткен күн. Өлеңнің негізі неде? Ақынның Қазақстанға деген шынайы сезімін, ішкі тебіренісін білдіретін сөздерді тап. (Қазақстаным - мұңдасым, досым, сырласым, кермиық Далам) , ( өмірден іздегенім - көлбеген көлдер, шөлдеген белдер, өр таулар, арда теңізде), (Адамзат білген, білмеген барша байлықтың, Киелі туған топырағым, Бәрі - бір сенде!)

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Ақын өлеңде туған өлкенің қандай байлықтарын мақтаныш етеді? (көлдерін, белдерін, тауларын, теңізін, құмын, нуын, қиырсыз түзін, топырағын).

2.Өлеңге сүйеніп, берілген сөздерге көркем, бейнелі сөздерді сәйкестендіріп сызықпен қос.

Асау белдер

Кермиық көлдер

Көлбеген далам

Шөлдеген ну

Өр топырақ

Қып - қызыл таулар

Жап - жасыл құм

Киелі жыр

ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта не жайлы білдік? Өсы өлеңді оқығанда қандай сезімді сезіндің? Өзің алған әсерің жайлы не айтар едің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп оқу, өзіңе ұнаған шумағын жаттап ал.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал