7


  • Учителю
  • «Сабақты зерттеу» тәсілі эксперименталдық зерттеудің ерекше нысаны ретінде Баяндама

«Сабақты зерттеу» тәсілі эксперименталдық зерттеудің ерекше нысаны ретінде Баяндама

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Сабақты зерттеу» тәсілі эксперименталдық зерттеудің ерекше нысаны ретінде

Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің ұжымына 2014 жылдың қаңтарынан бастап Lesson Study экспериментіне енуге ұсыныс жасалды.

5 шығармашылық топ құрылды.

Сол топтарының бірінің жетекшісі ретінде мен, бастауыш сынып мұғалімі, Абишева Гульназ Балтабайқызы тағайымдалып, жұмыс атқарып жатырмыз.

Біздің топта жұмыс істейтін 4 мұғалім бар: Сол мұғалімдердің ішінде екеуі ІІІ деңгейді бітірген Жалмуканова Шолпан Қинаятқызы және Абишева Гульназ Балтабайқызы

Ең басында Lesson Study туралы көп нәрсені түсінбедік. Барлығымыз қосылып осы жобаға кірістік. Ең әуелі Lesson Study (сабақты зерттеу) бойынша көп мәліметтер алуға тырыстық. Тренерлер келіп көп мәліметтерді ұсынып, түсіндірді. Әріптестерімізбен ой бөлістік. Біздің шығармашылық топ, қай пәннен, қай сыныпта сабақ өткізетінімізді анықтап алған соң, жоспар құруға кірістік. Алдымызға қойған мақсатымыз

«Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім спасын арттыру»

Оқушыларға математика, қазақ тілі, дүниетану, әдебиеттік оқу пәндерінен тестілеу алынды. Соның нәтижесі бойынша сыныпта оқитын оқушылардың ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар үш оқушыны таңдап алдық.

А, В, С оқушыларын анықтадық.

А В С


Бақылаушылар арасында кім қай бақылаудағы оқушыны (оқушыларды) қадағалайтынын келісіп алдық.

Жалпы 2014-2015 оқу жылы 5 сабақ өткіздік.


сынып

мерзімі

Пән

тақырыбы

мұғалім

3

16.05.2014ж


дүниетану

«Мал шаруашылығы»

Абишева

4

22.10.2014 ж

Қазақ тілі

«Сөйлем мүшесі»

Абишева

4

17.03.2015ж

Әдебиеттік оқу

«Наурыз мейрамы»

Абишева

1

16.01.2015

Дүниетану

«Өсімдік мүшелері»

Жалмуканова

1

16.05.2015

Дүниетану

«Жазғы табиғат»

Жалмуканова


Мен 3 сабақ өткіздім.

1-сабақ Дүниетану пәні

Тақырыбы: «Мал шаруашылығы»

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Тапсырмалары:

  • Диалог

  • АКТ

  • СТО

  • Бағалау

  • Рефлексия

  • Көшбасшылық

  • Критерийлер бойынша бағалау

Рефлексия

  • Бейнефильмді қарап, флипчартқа түсінгендерін жазу

  • Мәтінмен жұмыс, қорғау

  • Сергіту сәті

  • Ребус шешу

  • Шығармашылық тапсырманы орындау

  • Дәптермен жұмыс


Бірінші өткізілген сабақтың қорытындысы бойынша А,В,С оқушыларын зерттей келе мынандай тұжырымдамаға келдік. Оны төмендегі кестеден көре аласыздар.

1-сабақ дүниетану «Мал шаруашылығы»

3 - cын

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

А

Cабақта белсенді жұмыс істейді. Өз ойын толық жеткізе біледі. Балалармен қарым-қатынасы жақсы. Лидерлік қабілеті жоғары. Мәтінмен жұмыс істегенде, негізгісін сұрыптай алады, жаңа тақырыпты түсіндіруде белсенділік көрсетеді. Тапсырманы түгелдей дұрыс орындайды.

Басқа оқушыларға топта ойын айтуға мүмкіндік бермеді, лидерлік қабілеті жоғары.

В

Cабақта белсенділігі орташа. Басқалардың ойын қабылдайды. Бірақ өзінің білімімен бөліскісі келмейді. Өзін қызықтырған сұрақтарға жауап табуда ізденеді.


Сұрақтарға бір сөзбен ғана жауап береді. Толық жауап жоқ. Көп ойланады.

С

Сабақта өз ойын айтуға ұмтылды. Дәптердегі тапсырманы орындады.

Бірақ тапсырманы толық орындап үлгермеді. Мұғалім қойған сұраққа толық жауап бере алмады. Сабаққа белсенділігі төмен

Ұсыныс: А,В,С оқушыларын бақылаған мұғалімдер осы шығармашылық тапсырмаларды балалар аса белсенділікпен орындағанын байқады. Сондықтан осындай тапсырмаларды көбірек дайындауды ұсынды.

2-сабақ Қазақ тілі

Тақырыбы: «Сөйлем мүшелері»

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Тапсырмалары:

  • Диалог

  • АКТ

  • СТО

  • Бағалау

  • Рефлексия

  • Көшбасшылық

  • Критерийлер бойынша бағалау

  • Рефлексия


  • Суретке қарап әңгіме құрастырып, сөйлем мүшелеріне талдау.

  • Көркем жазу

  • Ребус шешу

  • Топтастыру

  • Деңгейлік тапсырмалар

  • Дәптермен жұмыс


Екінші өткізілген сабақтың қорытындысы бойынша А,В,С оқушыларын зерттей келе мынандай тұжырымдамаға келдік. Оны төмендегі кестеден көре аласыздар.

2-сабақ қазақ тілі «Сөйлем мүшелері»

4 - cын

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

А

Cабақта белсенді жұмыс істейді. Тапсырмаларды толық орындап отырды. Топта өз ойын жеткізе алады. Сұрақтарға толық жауап береді. Белсенділігі жоғары. Балалардың ойымен топта бөліседі. Бағаны әділ қоя біледі.


В

C ұрақтарға жауап берді. Белсенділігі төмен. Тапсырмаларды орындауға тырысты. Білгенін айтты. Топта өз ойын айтуға тырысты.

Диас тақырыпты дұрыс түсінбеген. Тапсырманы дәптерге дұрыс орындай алмады. Топпен тексергеннен кейін 3 баға алғанға көңілі түсіп қалды.

С

Тапсырмаларды орындады. Сұрақтарға бір сөзбен жауап береді. Басқалардың ойын тыңдады.

Белсенділігі төмен.Мұғалім қойған сұраққа толық жауап бере алмады. Топта өз ойын жеткізе алмады.

ІІІ деңгейлік тапсырманы толық орындай алмағаны анықталды. Бұл оқушымен көп жұмыс істеу қажет.

Ұсыныс: Осы сабақты талдау барысында мынандай ұсыныстар айтылды: деңгейлік тапсырмаларды дайындау кезінде баланың қабілетін ескеру.

3-сабақ Әдебиеттік оқу пәні

Тақырыбы: «Наурыз тойы»

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Тапсырмалары:

  • Диалог

  • АКТ

  • СТО

  • Бағалау

  • Рефлексия

  • Көшбасшылық

  • Критерийлер бойынша бағалау

  • Рефлексия


  • Бейнефильмге қарап, ассоцияция жасау

  • Мәтінмен жұмыс, қорғау

  • Мақалдарды аяқта

  • Шығармашылық тапсырманы орындау

  • Деңгейлік тапсырмалар

  • Бес жолды өлең құрастыру

Бірінші өткізілген сабақтың қорытындысы бойынша А,В,С оқушыларын зерттей келе мынандай тұжырымдамаға келдік. Оны төмендегі кестеден көре аласыздар.

3-сабақ әдебиеттік оқу «Наурыз тойы»

4 - cын

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

А

Cабақта белсенді жұмыс істейді. Аудутория алдында еркін сөйлеуге үйренген. Тапсырмалардың барлығын орындады. Топта өз ойын айта алды. Қорғау кезінде барлығынын айтқанын қорытындылап, өз ойын да қосты. Мақал мәтелдерді өте көп айтты.


В

Cабаққа белсенді қатысты. Сұрақтарға қысқа жауап қайтарады. Тапсырмаларды орындады. Топта өз ойын айтты.

Диас қорғау кезінде өте баяу сөйлеп, жалықтырып жіберді.

С

Сабақта тапсырмаларды орындауға тырысты. Сұрақтарға қысқа ғана жауап берді. Мақал мәтелдер айтты. Сабақта домбыра «Арынғазы» күйін орындап берді

Қорғау кезінде екі ақ сөз айтты.

Ұсыныс: Уақытты тиімді қолдану

Бұл сабаққа ауданның мектебінен әріптестер келіп, қатысты. Сабақ жоғары деңгейде өтті деп, бағалап кетті. Олар да осындай экспериментке қатысқысы келетінін айтты. Балалар белсенді жұмыс істеді. Ал А,В,С оқушыларына келетін болсақ, алғашқы екі сабаққа қарағанда әжептәуір оң өзгерістер болғаны байқалды.


Қорытынды:

Әр сабақ өткізілгеннен кейін коучинг болады. Коучингке барлық шығармашылық топтар қатысады. Коучинг барысында әр топ өздерінің топтарындағы сабақты толық талдайды. Күшті және әлсіз жақтарын анықтайды. А,В,С оқушыларына нақты тоқталып, қандай жетістіктерге жеткенін, немесе нені келесі сабақта дұрыстау керектігін ұсынады. Бірінші сабақ өткізгеннен кейін бізге Өрлеуден келген тренерлер бағалау критерийлері туралы біраз мәліметтер айтып, ақпараттар берді. Содан кейін топ мүшелері отырып, бағалау критерийлерін құрастырдық.

Әрбір сабақтаң кейін балалардан сұхбат алып отырдық. Мысалыға бірінші сабақтан кейінгі А,В,С балаларынан алынған сауалнама қорытындысы мынандай болды.

Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтарға оқушылардың берген жауаптары

(1-сабақ)

Сұрақтар

А оқушы

В оқушы

С оқушы

Саған сабақта бәрінен де не ұнады?


Барлығы ұнады әсіресе бейнефильм, қызықты тапсырмалар

бейнефильм, қызықты тапсырмалар, топпен жұмыс

бейнефильм, сурет салу

Сен нені үйрендің? Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың? Нені жақсырақ істей аласың? Қаншалықты жақсы? т.б.


Мен топпен жұмыс істегенді ұнатамын, жұмысты қорғау ұнайды.

Маған тақтаға шықанда сұрақтарға жауап бергенім ұнады. Мұғалім маған жарайсын деді.

Дәптерге тапсырмаларды орындадым, мәтінді оқыдым

Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды?


Тапсырмалардың барлығын орындап үлгердім

сурет салу

сурет салу, тапсырмалар орындадым, мәтінді түсіндім

Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса, нені өзгертер едің? Неліктен бұл бөлігін өзгертер едің?

Мен ол топта суретті өзім салатын едім, себебі, Аружан суретті жаман салды

Мен бағаны өзім қоятын едім. Мен жақсы жұмыс ісстедім. Бірақ маған топ 5 емес, 4 қойды

Мен мәтіннің мазмұнын айтып беретін едім

Lesson Study іс-тәжірибесінің күшті жақтары:


  • Оқушылар сабақтағы жетістігі: бала аудитория алдында еркін сөйлеуге үйренеді, мінез-құлқы өзгереді, сабақ үстінде өздерін еркін ұстайды, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

  • Сабақ жоспарын құру барысында топ мүшелері бірлесе отырып сабақ жоспарын құрастырады.

  • Сабақ барысында А,В,С деңгейлі оқушыларды мұғалімдер, бақылайды, өз зерттеулерін жүргізеді.

  • Сабақ өткеннен кейін коучинг болады. Топ мүшелері өткізілген сабаққа талдау жасайды, ұсыныстарын айтады.

  • Топ мүшелері сабақтағы біздің қолданған 7 модульді, әдіс-тәсілдердің кейбіреулерін алып өз сабақтарында қолданады. Іс-тәжірибе алмасады.

  • Бұл тәжірибеге тренерлер келіп бақылап, тексеріп, ұсыныстар айтады, бағыт-бағдар береді, үйретеді.

  • Мұғалімдерге көп жұмыс істеп, ізденуге мұқтаж етеді.


Сабақпен қатар аудандық, облыстық, ресспубликалық конкурстарға да қатысамыз. «Мұғалім» журналына біздің мектептегі өтіліп жатқан зерттеу сабақтарымыз, яғни лессон стади туралы мақаламыз жарияланған. «Инновациялық педагогикалық білік -мектеп тәжірибесінде» тақырыбындағы республикалық он- лайн режимінде педагогикалық жоба жәрмеңке-байқауына қатысып сертификат алдым. Онда Лессон стади туралы жұмысымды ұсындым. Жұмыстарымды жеке сайтыма жібердім. Осы сайттан көре аласыздар. Назарларыңызға рахмет!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал