7


Жол тәртібін жадыңда ұста!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

№30 орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахытжанова Гульбагида Закировна

Тақырыбы: Жол тәртібін жадыңда ұста!

Мақсаты:

1.Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру.

2. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой - өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту.

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол ережесіне арналған суреттер.

Сабақ түрі: сайыс сабақ

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді:

1-топ. «Бағдаршам»

2-топ. «Жол белгілері»

3-топ: «Жүргізуші»Жол тәртібін жадыңда ұста!

Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болу қажет. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Жол тәртібін жадыңда ұста!»

атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз.



Арманға алда күткен асығармыз,

Біз талай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз! - деп сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін:



1.Өз орныңды тап. (Әр топ өз топтарын, ұрандарын таныстырып өтеді.)

2.Жасырдым жұмбақ. (Жұмбақтар шешеді)

3.Қызықты бағдаршам. (Ойын түрінде өткізіледі.)

4.Сен білесің бе? (Тест сұрақтарына жауап береді.)



1-кезең. «Өз орныңды тап.»



І-топ. «Бағдаршам»

Топтың ұраны:

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.



ІІ-топ. «Жол белгілері»

Топтың ұраны:

Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл!



ІІІ-топ. «Жүргізуші»

Топтың ұраны:

Жол тәртібін білейік

Аман - есен жүрейік!



2-кезең. «Жасырдым жұмбақ»

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен. (Жол полициясы)Жол тәртібін жадыңда ұста!

Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды. (Автобус)



Көліктің қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)



Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)



Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)



Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)





3-кезең. «Қызықты бағдаршам.»

Ойын шарты:

  1. Бағдаршамның жасыл түсін көрсеткенде, балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.

  2. Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.

  3. Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.

(Қателескен топтан 1 ұпайдан алынып отырады.)



4-кезең. «Сен білесің бе?»Жол тәртібін жадыңда ұста!

Тест.

1.Көшеден өтуге болады:

а)Сары жанғанда

ә)Қызыл жанғанда

б)Жасыл жанғанда

2.Бағдаршам жоқ болған жағдайда:

а)Көшеден мүлде өтуге болмайды

ә)Жүргіншілер жолы арқылы өту керек

б)Көлікпен жарыса өту керек

3.Сырғанауға болады:

а)Төбешікте және мұз айдынында

ә)Машинаға жабысып

б)Жол бойында

4.Бағдаршамсыз жағдайда (2)

а)Алдымен сол жағыңа, содан соң оң жағына қарап өту керек.

ә)Сол жағыңа қарап өту керек.

б)Оң жағыңа қарап өту керек.

5.Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?

а) болады

ә) болмайды

б) білмеймін

Қорытынды.

Жол тәртібін жадыңда ұста!

Мадақтау.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Тәрбие сағаты №2 2012ж.

  2. Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі

  3. Жолда жүру ережелері. сС.Рыспаев 1-2 сынып.2010 жыл.

  4. Ғаламтор жүйесі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал