7


  • Учителю
  • Сауат ашу пәнінен сабақ жоспары Әліппе

Сауат ашу пәнінен сабақ жоспары Әліппе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

(4-5 оқушыдан сұрау)

- Жарайсыңдар балалар, ал енді осы Астана жайлы не біесіңдер?

- Астана- еліміздің бас қаласы.

- Астана- жаңарып келе жатқан жас қала.

- Астана -әсем ғимараттарға толы қала.

- Ендеше балалар, осы ғимараттарды бірге тамашалайық. Астана сөзі қандай әріптерден құралған?

А С Т А Н А

- Балалар, Астана сөзінде неше әріп бар екен, қане санайықшы.

Санауды біздер қай сабақтан үйрендік?

- Математика пәнінен.

- Сонымен барлығы неше әріп болды?

- 6 әріп.

- Енді осы 6 әріптің астында сұрақтар жасырынған ,сол сұрақтарға дұрыс жауап беріп, оны аударсақ тағы бір әріп шығады.

1) А-а әріпінен басталатын сөздер айт. Ә

2) С- қазақ алфавитінде неше әріп бар? Л

3) Т- дыбыстар нешеге бөлінеді? І

4) А- қазақ тіліне тән төл әріптерді ата? П

5) Н- дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? П

6) А- Дауыссыз дыбыстар нешеу? Е

- Балалар, қандай сөз шықты?

- Әліппе.

- Ал бұл не?

- Әліппе оқулығы.

- Біз оқулықтарды қайдан аламыз?

- Кітапханадан.

- Сендер өз мектептеріңдегі кітапхананы көрдіңіздер ме? Ол кай жерде орналасқан? Кітапханашы апайдың есімі кім? Кітапханадан алған кітапты қалай ұстау керек?

-Енді оқулықтағы суретке қарайық. Осы кітапхана суретінде ерекше көзге түсіп тұрған қай кітап?

-Әліппе оқулығы.

-Мына бала да біздер сияқты әліппені аяқтап, қоштасып, кітабын тапсырып жатыр. Біздер жақында осы оқулықты тапсырып, ана тілі оқулығын аламыз.

-Балалар, біз енді осы әліппеден не үйрендік?

(Әліппенің маңызы жайлы айтып кету; әріптерді, сөйлем құрауды т.б)

-Олай болса, әріптер әлеміне барып, сергіп қайтайық.

































Балалар, бізге осы әріптерді үйреткен Әліппе оқулығы болатын. Сондықтан осы әліппе жайында да көптеген ақындарымыз өлеңдер жазған екен. Біз бүгін соның бірі М.Мақатаевтың «Әліппе» өлеңімен таныспақшымыз. Алдымен осы өлеңді жазған адаммен таныстырып кетейін.

Автормен таныстыру.























Өлеңмен таныстыру.

Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу.



























Оқу, білім бастауы Мектептің негізі



Барлық ғылым анасы



Оқулық

Өлеңді іштей, тізбектей оқыту.

VII. Дәптермен жұмыс.

-Балалар, біз осы өлеңнен не түсіндік, соны қысқаша бір ғана сөйлеммен дәптерге жазайық.

Әліппе - барлық ғылым анасы.

VIII. Шығармашылық тапсырма.

Буындардан мақал құрау.

Мек, ме, теп, ке, бі, те, лім, те, лім, ңіз.

- Балалар, қандай мақал шықты?

- Мектеп- кеме, білім- теңіз.

- Бұл мақалды қалай түсінеміз ?

- Басқа қандай оқу, білім туралы мақал білесіңдер?

IX. Сабақты қорытындылау.

- Бүгін қандай өлеңмен таныстық?

-Авторы кім?

- Бар ғылымға бас болған қай кітап екен?

- Бар ғылымға бас болған әліппе оқулығын қалай ұстауымыз керек?

Осы өлеңді жаттап алыңдар.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал