- Учителю
- Сабақтың тақырыбы 'Жұмыс орнын дайындау'
Сабақтың тақырыбы 'Жұмыс орнын дайындау'
Пәні: Еңбекке баулу.
Күні:
Тақырыбы: Жұмыс орнын дайындау
Мақсаты:
1.Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі жайлы түсінік беру,
2.есте сақтау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындық.
ІІ Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі.
ІҮ.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі жайлы түсінік беру.
1.Қағазбен және қатырма қағазбен жұмыс істеу орны.
2.Ермексазбен (сазбен) жұмыс істеу орны.
3.Табиғи материалдармен жұмыс істеу орны.
4.Кесте және тігіс тігу орны.
Еңбек мәдениетінің негізгі ережелерін есте сақтаңдар:
Сабаққа арнаулы киіммен келу /алжапқыш, жеңсе немесе халат, жаулық немесе телпек/; - құрал жабдықтарды, сурет, сызба, жазу жазатын жұмыс дәптерлерін ретке келтіріп отыру; - тек дұрыс құралмен ғана жұмыс жасау, оларды өзінің тиісті жерінде ғана пайдалану; - техника қауіпсіздігінің ережесі бұзылған жағдайда, жараланғанда дереу мұғалімге хабарлау.
Сергіту сәті.
Ү.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап - тізбектей;
2. Сұрақтарға жауап алу .
3. Тапсырмаларды орындау.
ҮІ.Бекіту кезеңі:
Қорытындылау.
Жұмыс орнын қалай реттейсің?
Арнаулы жұмыс киімдеріне қандай киім түрлері жатады?
ҮІІ.Бағалау
ҮІІІ.Үйге тапсырма беру кезеңі:1. 4-5 бет түсініп оқу.