- Учителю
- Сабақ жоспары қазақ тілі Тұрлаусыз мүшелер (3 сынып)
Сабақ жоспары қазақ тілі Тұрлаусыз мүшелер (3 сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Тұрлаусыз мүшелер»
Сабақтың мақсаттары: Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде
атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың
байланысын меңгеру. Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы
білімдерін кеңейте түсу таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру. Пән
аралық және өмірмен байланысты іске асыру, оқушылардың білім алуға
деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз
ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Оқушыларды өз ана тілін
сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі - өнеге
алуға, сол арқылы кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпейілдік
қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Топтық жұмыс, сұрақ - жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер (төрт түлік), слайд.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Оқушыларды тыныштатып, зейіндерін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру: 65 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме
құрастыру.
3. Өткен сабақты қайталау
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер?
3. Сөйлемнің қандай түрлері болады?
4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
6. Лепті сөйлем дегеніміз не?
4. Қызығушылықты ояту: «Ой қозғау» Суретпен жұмыс.
Төрт түлік туралы сөйлемдер құрастыру.
5. Жаңа сабақ:
«Тұрлаусыз мүшелер»
ЕРЕЖЕ:
Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін
тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? Кімге? Неге? Нені?
Қашан? қайда? т. б. сұрақтар қойылады.
Мысалы:
Айгүл гүлді суарды.
Қонақтар төрге отырды.
Біз ұшаққа міндік.
Арман жұмысқа кірісті.
66 - жаттығу "Ой қозғау" Ауызша орындалады. Екі бағанадағы
сөйлемдерді салыстырып оқу.
1 - қатар : Жадыра келді. / Жадыра қалаға келді.
2 - қатар: Қоңырау соғылды. / Қоңырау қайта - қайта соғылды.
3 - қатар: Мал өседі. / Мал төлден өседі.
Су ақты. / Су арықпен ақты.
67 - жаттығу "Ой шақыру" Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
Қарамен жазылған сөздер бастауышқа қатысты ма, баяндауышқа қатысты
ма?
6. Сергіту сәті «Аяқпенен топ-топ-топ» әніне билеу.
68 - жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.
7.«Шығармашылық жұмыс»
1 - топ: Өтірік сөз жанға қас
2 - топ: Ашу - ақылдың дұшпаны
3 - топ: Талапты ерге нұр жауар
Әр топ өздерінің мақал - мәтелдерін оқып, мазмұнын ашады.
8. Қорытынды.
Семантикалық карта толтыру.
10. Бағалау
11. Үйге тапсырма 71- жаттығу. Суретке қарап, әңгіме құра. Құраған
әңгіменді жазып, тұрлаусыз мүшелердің астын сыз.
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер?
3. Сөйлемнің қандай түрлері болады?
4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
6. Лепті сөйлем дегеніміз не?