- Учителю
- 'Ауызша қосу және азайту тәсілдері' математика сабағының жоспары
'Ауызша қосу және азайту тәсілдері' математика сабағының жоспары
Күні__________ Сабақ жоспары. 3 сынып Математика
Сабақтың тақырыбы: Ауызша қосу және азайту тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды қосудың ауызша тәсілдерімен
таныстыру.
2.Ойлау қабілеттерің дамыту.
3. Дәптерде әдемі, таза жазуға тәрбиелеу.
Керекті құрал: оқулық, кесте, суреттер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезені: Сыныпта тәртіп орнату.
II.Үй тапсырмасын тексеру: дәптердегі жұмысты тексеру 5 бет №6, №7.
III.Жаңа сабақ:
1. Дидақтикалық ойын ойнату « Артық, кем, сонша»
2. Оқулықпен жұмыс:
№1 Ыңғайлы әдіспен қосындыларды есепте.
20+2+8+40=20+40+2+8=70 6+40+4+20=6+4+40+20=70
30+3+50+7=30+50+3+7=90 1+10+9+60=1+9+10+60=80
№2 (<, > ,=)
2+30=30+2 20-1<19+1
8+5+7= 8+7+5 70+5>80-10
№3 Сөздік есеп
2 «а»-20 оқушы
2 «ә»-? 2 оқушы артық
2 «б» - ? 1 оқушы кем
Шешуі: 20+2=22
22-1= 21
Жауабы: 2 «б» сыныбында 21 оқушы бар.
IV. Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ ,
Сол қолымда бес саусақ,
Бесті- беске қосамыз,
Қатты-қатты соғамыз.
№5 Ауызша
64 82 76 35 49
60 4 80 2 70 6 30 5 40 9
№6 ауызша сөзді есеп құрастыру
12-5=7
12-3=9
5.Сурет бойынша жұмыс жүргізу, геометриялық фигураларды ажыра-
туға үйрету. Сызбада неше үшбұрыш, неше төртбұрыш бар?
№7. Дәптермен жұмыс. Көпбұрыштарды сызып, ұзындығын табу.
V. Сабақты қорыту: сұрақ жауап.
VI. Үйге тапсырма: дәптердегі жұмысты аяқтау. 7 бет №5,6
VII. Бағалау.