- Учителю
- Қазақ тілі 2 - сынып
Қазақ тілі 2 - сынып
Күні: Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сызба бойынша сөйлемдер құрау.» 222-227-жаттығу.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: әр сөздің мағынасы болатындығымен таныстыру, оқушылардың сөйлем және оның тыныс белгілері жайындағы алған ұғымдарын тиянақтау.
Дамытушылық: Дұрыс сөйлеу,сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттіліктерін дамыту, сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру
Тәрбиелілік: Таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу, сөздік қорларын арттыру
Сабақтың байланысы: ана тілі, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
А) Психологиялық дайындық.
Балалар сәлемдесу туралы қандай мақал - мәтелдерді білесіңдер? (Сәлем сөздің анасы.Сәлем беру де парыз, сәлем алу да парыз. Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 - тағы қария иіліп сәлем береді.)
-
Мінеки, балалар, сәлемдесу де әдептіліктің белгісі. Біз сәлемдесу арқылы бір - бірімізге тек жақсылық пен қуаныш сыйлаймыз.
-
Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, сәлемдесейік.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
221-жаттығу.»Қысқы ойын» тақырыбына әңгіме құруға берілді.Ереже жаттау.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Тақтамен жұмыс.
«Ойлан тап» ойыны.
Ұяшықтар берілген.Оқушылар қалауы бойынша таңдайды. Әр ұяшықтың соңында сұрақтар бар.
-
1
2
3
4
5
6
1.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
2.Сөйлемдегі сөздердің байланысы дегеніміз не?
3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
4. Лепті сөйлем дегеніміз не?
5.Сөйлем дегеніміз не?
6.Қысқы ойын» тақырыбына жазған әңгімені оқу.
Балалар міне үй тапсырмасын да тексердік. Енді осы тақырыбымызға жаттығулар орындап сызба бойынша сөйлемдер құрайық.
ІV.Жаңа сабақ.
«Сызба бойынша сөйлемдер құрау.Өткен тақырыптарға шолу.
222-жаттығу.
Анасы жұмысқа кетті. Дана мен Жанар үйде қалды.Олар үйді тазалауға кірісті.Дана еденді жуды. Жанар шаңды сүртті.Жұмыстан орлаған анасы риза болды.
Ережені еске түсіру.
2
Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Олардың байланысын сұрақ қойып білеміз.24-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру.
, ,, ,,, ,,,
Сергіту сәті.
. Сызба бойынша сөйлем құрау.
- ?
- .
- ?
- .
-Кітапты қайдан алдың?
-Дүкеннен сатып алдым.
-Сенің досыңның аты кім?
-Менің досымның аты Сержан.
Сызбалар бойынша сөйлемдер құра.
Қанат ерте тұрды. .
Қар жауды .
Ала бұзау мөңіреді.
.
Дәптермен жұмыс.
225-жаттығу.Сөйлемдерді оқы. Жақшадағы сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын дәлелде.
Ажар (гүлді) суарды. Оқушы (мектептен) келді. Ол (домбыраға) қосылып ән айтты.
«Адасқан сөздер» ойыны арқылы берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.Сөйлем соңына тыныс белгісін қой. «Шырша құрастыру» ойыншықтарды ілеміз.
1.Жылқы, бағады, ағам.
2.Көмектестім, мен, досыма.
3. Жем, біз, дайындаймыз, құстарға.
4. Қыстыгүні, борайды, қар, далада.
Сабақты бекіту.
а) Тест тапсырмасы:
Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысқанын тап.
1. А) Үйді олар тазалау кірісті.
Ә) Үй олар тазалауға кірісті.
Б) Олар үйді тазалауға кірісті. *
2. А)Оқушы келді мектептен.
Ә) Мектептен оқушы келді.
Б) Оқушы мектептен келді. *
Үйге тапсырма:
227-жаттығу. «Ұқыпты оқушы» әңгіме құрау.
Ережелерді жаттау.
Бағалау.
«Ойлан тап» ойыны.
Ұяшықтар берілген.Оқушылар қалауы бойынша таңдайды. Әр ұяшықтың соңында сұрақтар бар.
-
1
2
3
4
5
6
1.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
2.Сөйлемдегі сөздердің байланысы дегеніміз не?
3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
4. Лепті сөйлем дегеніміз не?
5.Сөйлем дегеніміз не?
6.Қысқы ойын» тақырыбына жазған әңгімені оқу.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
?
!
.
?
!
.
?
!
.
?
!
.
?
!