7


Жақсы сөз – жанға қуат

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: «№2 Ұзынкөл орта мектебі» КММ

Мерзімі: 24.11.2015

№ 9

Тақырып: Жақсы сөз - жанға қуат

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, ешкімді ренжітпеу,жақсылық жасау

Мұғалім: Шегенова Римма Жакиевна

Сынып: 4

Оқушылардың саны:11Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жақсылық жасау,басқалардан жақсылықты іздеудің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып ақиқат құндылығын ашу.

Міндеттері:

  • жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейту, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

  • ешкімді ренжітпеу, қолынан келгенше жақсылық жасауға ұмтылдыру

  • Оқушыларды бір - біріне, туыстарына, достарына, қоршаған ортаға мейірімді, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

аудиожазба, плакатқа жазылған дәйексөз, әуен, фломастерлер, т.б.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлеметсіздер ме, менің аяулы достарым. Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.Сабақты бастайық.

1) Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Баяу әуен тыңдай отырып жасау.

- Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

- Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

- Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?

2) Оқушыларды түгендеу, көңіл-күйлеріне зер салу, сабақтың тақырыбын хабарлау. Сабақтың мақсатымен таныстыру

2. Үй тапсырмасын тексеру (алдын-ала берілген)

«Сыпайы қоян» (мексика ертегісі) (оқулықтағы 50- бет)

Талдау сұрақтары:

  • Ертегі не туралы?

  • Қоян қалай сөйледі?

  • Жылы, сыпайы сөйлеу қоянға қалай көмектесті?

  • Өмірде осындай мысалдар бар ма? Сыпайы жақсы сөздер сендерге көмектескен жағдайларды естеріңе түсіріңдер.

Қорытындылау:



Түрі: аралас сабақ



Әдісі: тыныштық сәті, топтастыру, дәйексөз, мәтінмен жұмыс,сұрақ-жауап аңызды талдау, әңгімелесу, постер қорғау, топпен ән айту.



3. Дәйексөз

Жақсы сөз - жарым ырыс

Халық мақалы

(2-рет ұл балалар, 2 рет қыз балалар,1 рет бәрі қайталап айтады, дәптерге жазып алады)

  • Бұл ойдың мәні неде? Неліктен жақсы сөзді ырысқа теңейді?

  • Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?

  • Жақсы сөздер естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жаман, дөрекі сөздер естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөздер айтар едіңдер?

Қорытындылау:

- Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Жақсы сөз, жақсы тілек айтудың өзі адамға жақсылық жасау болып табылады.

Тақтада жазылып немесе қағазда ілініп тұрады

4. Мұғалім сыйы «Шегенің ізі» аңыз-әңгіме тыңдату (видео)

Талдау сұрақтары

- Әңгіме не туралы?

- Әкесі баласын қалай ұстамдылыққа үйретті?

- Жағымсыз сөз естіген адам өзін қалай сезінеді?

- Жақсы, жылы сөздер арқылы қандай жағдайларда көмектесуге болады.?

Қорытындылау:





5. Шығармашылық жұмыс

1) Топтық жұмыс.Оқушылар үш топқа бөлінеді.Жақсы сөздерді пайдалана отырып, диалог құрастыру, сахналап көрсету

  1. Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.

  2. Анасы мен баласының бір - біріне айтқан жылы сөздері.

  3. Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалог.

2) «Жақсы, жылы сөздердің адамдарға әсері» (кластер құру)













































</<font face="Times New Roman, serif">6. Топпен ән салу. «Ата - әже»



7.Үй тапсырмасы

Өздері жиі қолданатын жылы сөздерді жазып келу (атаға,әжеге,әкеге,анаға,аға,апа,іні,сіңлі,қарындас, туған-туысқандарға қатысты)



8.Қорытынды тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

- Бүгінгі сабақтағы айтылған жақсы қасиеттерді жүрегімізге түйіндейік.

Көздеріңді ашуға болады. Бәріңе рахмет!



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал