- Учителю
- Мерекелік кеш Кішкентай ару-2016
Мерекелік кеш Кішкентай ару-2016
Тақырыбы: «Кішкентай ару» сайыс
Мақсаты: ұлттық мәдениет, ізгі салт, әдет-ғұрыптарды балалар бойына сіңіру,имандылық, ізгілік, сезімталдық әдептілік қасиеттерді қалыптастыру. Сұлулыққа, ақылдылыққа, тапқырлыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, қоржын, шарлар, слайд.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ән айту, би билеу.
Барысы: С.Тұрысбековтың "Көңіл толқыны" күйі ойнап отырады.
Жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым! Міне, көктем келіп алғашқы мерекелер қатарын тойлап үлгеріп жатырмыз. Тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты, құралайдың көзіндей мөлдіреген,раушан гүлдей қош иісті, сымбатты аналар мен кішкентай арулар! Кеше ғана өткен Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгін мектебімізде тағы той. Бірінен бірі өткен сыпайы, ақылды, ибалы да иманды кішкентай аруларымыз бүгін өз өнерлерімен тамсандырып, білімдерін шыңдап сайысқа түспекші.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Мерекесі халықтың,
Көктем тойын бастайық.
Көктем тойға арналған,
Сайысты біз бастайық.
Сайысымыз алты бөлімнен тұрады.
1-бөлім "Мен қазақтың қызымын"(өзін таныстыру).
2-бөлім "Біле білген білімді" (салт- дәстүрге байланысты сұрақтар).
3-бөлім "Он саусағы майысқан" (ою ойып, жапсыру).
4-бөлім «Қазағымның таусылмасын тойлары» ( көрініс)
5-бөлім "Мың бұралған бишілер" (2,3,4 сыныптар би өнерлерін көрсетеді).
6-бөлім «Марапаттау»
Әділдікпен баға берер аруға,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділдікпен алқаларын сайлайық,
Ақ аруды тандап бүгін алуға.
Әділқазылар мүшесі таныстырылып, есепші сайланады.
Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық (киім киісі, өзін ұстауы, сәлем беруі).
"Қыз сыны"әні ойнап тұрады. Әрбір аруға өзім арнап шығарған өлең жолдарымды оқып, қыздарды ортаға шақырдым.
1.Аруларға біз бүгін тамсанайық,
Қыздарға арнап біз бүгін ән салайық.
Келе жатқан ортаға Ақкоркемді
Құрметпен қол соғып, қарсы алайық!
2. Білім құйған бойына,
Сақтап жүрер ойына.
Игерген бар білімді,
Шақырайық ортаға,
Сәрсенби Несібеліні!
3. Әдемі қыз үлбіреп,
Қос жанары мөлдіреп,
Келеде, әне, Ақнұр да,
Қыз сынына келдім деп.
4. Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын,
Қыз сынына кеп қапты,
Мұрат Нұрай, батылым.
5. Қарсы алайық Құндызды -
Үлгілі қыз ибалы.
Мерекеге бүгінгі,
Әкелген көп сыйлары.
6. Сөйлеген сөзі ақтандай,
Ағарып таң атқандай.
Қошеметпен,қарсы алайық,
Шығады Жадыра ақ мандай!
7. Толықсыған толған-ай,
Айдай көркем болған-ай,
Қол соғып, қарсы алайық,
Ақниетім - әдемі-ай!
8. Танаулары бүлкілдеп,
Бұрымдары желпілдеп,
Енді Майра шығады,
Сайысуға келдім деп
9.Нәзіктік бар бойында,
Тұңғиық бар ойында.
Әдемі қыз - Құндызай
«Кішкентай ару» тойында
10. Өнер жиған бойына,
Салтты сақтап бойына.
Шығады қазір ортаға
Кендебаева Заида
11. Алдында көп армандары,
Шығар биік белесі.
Төгеді бар өнерді,
Қарсы алайық,ендеше,
Жомартқызы Әселді!
12. Сабырлы қыз - Айдана,
Өн бойында бар талап,
Игерген бар өнерді,
Өнерінді төк енді.
1-бөлім "Мен қазақтың қызымын"(өзін таныстыру).
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесуі» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік.
2-бөлім "Біле білген білімді" (салт- дәстүрге байланысты сұрақтар).
1.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
3. Наурыз көже қалай дайындалады?
4. Ұзынсары дегеніміз не?
5. Қандай салт - дәстүрлерді білесің?
6. Бала мектеп табалдырығын аттағанда жасалатын той қалай
аталады?
7. Тұсау кесу туралы айт.
8. Сүттен жасалатын тағамдар. Біреуіне тоқталып өт.
9. Төрт түлік туралы не білесің?
10. Уш тәттіні атап бер: ананың сүті, баланың тілі, туған жер.
11. Жеті ата тізбегін айтып бер: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
12. Жеті қазынаға не жатады? (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл білім,жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
13. Қазақтың ұлттық киімдерін ата: шапан, шекпен, кәжекей, сәукеле, мәсі, тақия, камзол, бешпент, ішік, тон,т.б.
14. Киелі сандарды ата. Мысалдар келтір: 3мұрат, ақыл,тоқтам, жүз, тәтті, жұрт; 7қазына, жұт, шелпек, ата, жетім, 9періште, құмалақ, ,13-бірінші мүшел жас,40нан шығару, жан, кісі,
15. Киіз үйдің сүйектерін ата: шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық, табалдырық
16. «Сүйінші» туралы не білесің?
17. «Бесік жырын» білесің бе? Айтып бер
18. Қыз бала туралы мақалдар айту.
19. Үш арсызды ата: ұйқы, күлкі, тамақ
20. Қазақша ұзындық өлшемдерді ата: сүйем, сынық сүйем, қарыс сүйем, қарыс тұтам, білек шынтақ, қолтық құлаш, табан елі.
21. Ана туралы мақалдар айтып бер.
22. Туыстық атауларды ата: ата, әже, әке, апа, шеше, аға, қарындас, іні, сіңлі, нағашы, жиен, жеңге, жезде, т.б.
23. Аптаның жеті күнін ата.
24. Ұлттық ет тағамдарын ата: бешбармақ, қазы- қарта, жал- жая, шұжық, бұжы, қуырдақ.
3-бөлім "Он саусағы майысқан" (ою ойып, жапсыру).
4-бөлім «Қазағымның таусылмасын тойлары» ( көрініс)
2- сыныптар «Тұсау кесу» рәсімі
3- сыныптар «Бесікке салу» рәсімі
4- сыныптар «Наурыз той» мерекесі
5-бөлім "Мың бұралған бишілер" (2,3,4 сыныптар би өнерлерін көрсетеді).
2- сыныптар
3- сыныптар
4- сыныптар
Ұлтымыздың әр сөзі,
Асып жатыр кәдеге,
"Қыздар сыны'мінекей,
Келіп жетті мәреге.
Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші!
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал,аруларға сәттілік тілейікші
Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріліп, аруларымыз бас жүлде 1, 2, 3 орындармен марапатталды.
Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!
Осымен «Кішкентай арулар» сайысымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!