- Учителю
- Урок «Қош бол, құтты әліппем!»
Урок «Қош бол, құтты әліппем!»
№7 ЖОББББММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Бердіхан Еркегүл
Тақырыбы: «Қош бол, құтты әліппем!».
Әуен ойналып тұрады.
Мұғалім : Армысыздар құрметті қонақтар , ұстаздар , оқушылар!
Барлық ғылымның атасы , болашағымыздың негізі әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып , ертеңгілімізді бастаймық.
Мұғалім :
Қайырлы күн , уа , халайық!
Армысыздар , мұғалімдер , әз жандар ,
Білім іздеп , инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді ,
Би биленіп , әнде бүгін шырқалар.
Мұғалім:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз дер, ұстаздар , ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтындаршы.
Іші толы әріпке ,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті - Әліппе !
Ол сүйікті - Әліппе !
1-жүргізуші:
Олай болса , бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар , ата-аналар!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың ,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйрендік , не білдік,
Қане ортаға салайық!
1- оқушы:
Өтті оқу , сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Басқа оқулықпен достаспақ ,
Әліппемен қоштаспақ.
2 - оқушы:
Әліппем менің Әліппем ,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің ,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
3 - оқушы:
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе - білім бесігі
4 - оқушы:
Оқитын , әрі жазатын
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімнің кілтін ашатын.
5 - оқушы:
Келгенде алғаш мектепке ,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте ,
Үйреткен оны Әліппе!
6-оқушы:
Әліппем, менің Әліппем ,
Өмірді көрем танып мен .
Қайталап айтам мың рет ,
Өзіңе көп - көп рақмет!
7 - оқушы:
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Ән: « Әліппе»
10 - оқушы:
Әліппе даңғыл жол ашты ,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған ,
Рақмет ұстаз алғашқы!
11-оқушы:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
13 - оқушы:
Әріптерді үйретіп
Жақын болған кім бізге
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл болған кім бізге!
14 - оқушы:
« 5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Би : Теңізшілер биі
Әліппе
Айналайын балғындар,
Менен білім алдыңдар!
Оқумен өсіп толыңдар
Аман -есен болыңдар.
Жүргізуші:
Қош, сау бол! Әліппе!
1 - жүргізуші:
Жұмбақ жасырам , шешімін тапсаңдар бір сөз шығады.
1. Әжеде бар , атада жоқ
Әтеште бар , көжекте жоқ ( Ә)
2. Мынау - доға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? ( Л)
3. Ірімшік жедің ғой,
« Тәтті екен дедің ғой.
Оның аты біз жазған,
Қайсы әріптен басталған? ( І )
4. Ата-анаңмен барып сен,
« Пілді» көрдің « парктен»
Осы атауға зер салшы
Басталған қай әріптен? ( П )
5. Пілде бар , шілде жоқ.
Допта бар , шарда жоқ. ( П )
6. Елікте бар , көлікте жоқ
Еменде бар, алмада жоқ. ( Е)
/ Әліппе/ деген сөз шығады.
Жүргізуші :
« Әліппемен қоштасу биін » тамашалайық.
Жүргізуші:
« Қош , бол құтты Әліппем» әнін қабыл алыңыздар.
Әліппе : Ал , балалар мен сендермен қоштасамын.Көп нәрсені үйреніпсіңдер енді білімнің жалғасын
ана тіліден жалғастырасыңдар .
Қош болыңдар балалар!
Ана тілі :
Армысыздар құрметті қонақтар , балалар . Енді менім ен достасып , Ана тілін жақсы оқиды деген ойдамын.
Ана тілің - арың бұл ,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл ,
Өз тіліңді құрметте! Әрі қарай балалар сендердің өнерлеріңді тамашалайын.
Жүргізуші :
Келесі кезекті санамақтарға берейік.
Санамақтар:
-
Дегенім - бесік ,
шықтық содан өсіп.
2 - дегенім - елім ,
далам , тауым көгім
3 - дегенім - үміт ,
үміт артар жігіт
4 - дегенім - төзім ,
төзе білем өзім
5 - дегенім бақыт ,
бағалайтын бақыт
6 - дегенім - ақыл ,
тыңдағанын мақұл
7 - дегенім жалау ,
жүректегі алау
8 - дегенім - сөзім ,
серт беретін кезім
9 - дегенім - тоқтау ,
</ елдің жоғын жоқтау
10 - дегенім - Отан
қорға еліңді ботам.
Жүргізуші: құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар осымен біздің «Қош бол құтты әліппем» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыныздар.
Мұғалім
Қымбатты балалар!Сендер еңбек сүйгіштіктерің және білімге құштарлықтарыңның арқасында мектептегі алғашқы жеткен жеңістеріңмен құттықтаймын.Сендер алфавиттің бүкіл әріптерін жаттап алдыңдар,әрі өздеріңнің тұңғыш оқулықтарың «Әліппе» бойынша оқуға үйрендіңдер. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ,оның беттері сендерді бір-біріңмен дос болуға,мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті.Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!