- Учителю
- бастауышпен қоштасу кешінің сценарийі
бастауышпен қоштасу кешінің сценарийі
«Бала шақтан болашаққа бастау болған-бастауыш!» атты 4-сыныптардың бастауышпен қоштасу кешінің сценариі
Оқушылар биі
(жасырын дауыспен оқылады)
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып,қолды алғаны.
Бір мереке думан боп осы маңда ,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
Енді,міне, сағымдай боп өте шықты
4 жылда ел қатарына бізді қосты.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты!
Марш
Лицейдің болашақ тұғырының биік, рухының асқақ,беделінің белгілі болуына септігін тигізетін,білім әлемінің биік шыңдарын бағындыратын бүгінгі кештің иелері орталарыңызға шақырылады.
Сендерсіңдер еліміздің ертеңі,
Сендерсіңдер көркейтетін өлкені.
Сендерсіңдер «Алтын белгі» иесі,
Сендерсіңдер балғын бала болашақтың киесі.
Бала шақтан болашаққа ұмтылар
Сендерсіңдер бастауыштың түлегі
Рапорт беріледі
Мектеп-лицей директорының бастауыш сынып жөніндегі орынбасары Жания Әбілғаппарқызы 4 жылдық білімнің негізі қалыптасқан № 249 мектеп-лицейдің 4-сынып оқушылары бастауышпен қоштасу кешіне дайын.
Негізгі бөлімі
Қазақ биі.
Назерке (Ақ құс)
Қанатымыз қатайды,
Биікке енді самғаймыз.
Білім жолы сара жол
Қалықтаймыз,талмаймыз.
Әлемге жолды жалғаймыз
Көк аспанға жұлдызға
Ақ құстай боп самғаймыз
Сенімді біз ақтаймыз
Қош бол, балғын балалық,
Қош бол, сүйікті бастауыш!
(кептер ұшырылады)
1-жүргізуші (Дамир)
Армысыздар, ұстаздарым әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.
2-жүргізуші: (Айбота)
Бүгін,міне, қоштасады,бастауышпен балбұлақ
Әніменен жырына тарландарым сал құлақ
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан
Лаулап жанар болашағы шамщырақ.
3-жүргізуші: (Ерхан)
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар.
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған.
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
1-жүргізуші (Дамир)
Бүгін бізде қуанышты той
2-жүргізуші: (Айбота)
4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз бүгін білімнің негізі болатын бастауышты тәмамдап ,қанаттары қатайып бастауыш сыныппен қоштасқалы тұр
3-жүргізуші: (Ерхан)
Ендеше бүгінгі кешке қош келдіңіздер!
Ән. Тойбастар.
Бастауыш сынып - 4 жылдық білім.
Экстернат оқушы- Жантөре
Ән .Балдаурен.
4-жүргізуші (Гулвира)
Біз бақытты балалармыз . Осындай ғажайып ғибратханада оқып жүрген біздерде не арман бар?
5-жүргізуші: (Айдос)
Дұрыс айтасың,мұндай мектеп-бір кездері біздің арманымыз еді ғой. Естеріңізде ме,біз 2- сыныпта «Менің қиялымдағы гимназия» тақырыбында жоба қорғағанымызды. Арман алдамайды.Арман алға жетелейді.
6-жүргізуші: (Аружан)
Ия, мен де сол жобада осындай мектепте білім алуды армандайиынмынымды айтып Елбасыға хат жазғанмын. Бірақ ол хатты жібермесем де менің арманымды елбасымыз орындады. Өз жолдауына 100 мектеп салуды ұсынды.
4-жүргізуші (Гулвира) ия, ал біз елбасы жолдауын игі істермен жауап берудеміз.Соның бірі үш тілді меңгеру.
Бірге: Елбасы жолдауы берекелі істер ұйытқысы .
Орыс тілі
Ән. Арлекино.
Ағылшын тілі
Би. Ер балалар биі
1-жүргізуші (Дамир)
Ия, бұл мектеп біліммен қатар өнерді жандандырған орда.
2-жүргізуші: (Айбота)Қорқыт бабамыздың қасиетті қобызының үні есіп, мектеп өнерпаздарына рух беретіндей.
3-жүргізуші: (Ерхан)
Өнерлі тарландырымыз күннен-күнге көбейіп таланттары танылып,өнердің жарық жұлдыздарына айналуды. Айталық ,
Бірге: Ендеше өнерге ғашық өрендердің өнері өрге жүзсін.
Өнер сыныбы компазиция
Ән. Сүгірдің термесі.
Ән. Елге салем.
ІІІ бөлім. Спорт саңлақтары
4-жүргізуші
Біздер білім,ғылым, өнермен бірге спортты да серік еткен шәкірттерімз
5-жүргізуші:
Ия, спорт-жан дауасы, спорт-салауатты өмір негізі,Бізді спортқа баулыған Шыңғыс ағайымыздың спорт саласын жандандыруда өзіндік үлесі мол.
6-жүргізуші:
Әрине, ол біздің ағай ғой.
Бірге: Ал, спорттың саңлағына айналатын біздер боламыз.
Спортқа баулыған Шыңғыс ағай. Франк.
Спорт биі.
Ән.Қаражорға .
1-жүргізуші (Дамир):
Ұстазым!Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың ,даналықтың
Ұстаздың ұлағатынан басталарым.
2-жүргізуші: (Айбота)
Алғашқы ұстаз,ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сіз лайықтысыз ерекше туар ілтипатқа
Шәкірттер шын жүректен ұсынатын
Би. Гүлдер биі
Ілтипат гүлі.
Ән. Ұстазым.
Ү.бөлім. Ата-ана , оқушы, мұғалім-ынтымақтастық кепілі
4-жүргізуші (Гулвира)
Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,
5-жүргізуші: (Айдос)
Тілейтұғын әрқашан да бақ саған.
6-жүргізуші: (Аружан)
Тіршіліктің тынысы мен ажары
Бірге: Ата-анам, ұстаздарым-теңдесі жоқ жақсы адам!
Ата-ана , оқушы, мұғалім-ынтымақтастық кепілі
Ата-аналарға сөз
Ән.бала тілегі.
Би. Пингвин
1-жүргізуші:
Бүгінгі күн,мына тәтті өмірге,
Келдік біздер тәуелсіздік күнінде
Тиістіміз еліміздің алдында
Алға ұмтылып, тура жауап беруг.
2 жүргізуші: Ежелден ел тілегіне айналған тәуелсіздігімізге бүгінде 20жыл
Франк.
Шеру
Жаса, Қазақстан әні
1жүргізуші: Келер күн- біздерге бақыттың нәрін сепкейсің
2-жүргізуші: келер күн- біздерге жылы шуағыңды төккейсің
3-жүргізуші: Келер күн- өмірдің сыйлап нәсібін
4-жүргізуші: Келер күн- адуыңды жігер бергейсің
5-жүргізуші: Келер күнге нық қадаммен
1- жүргізуші: қажыр қайратпен
Бірге: Қадам басамыз
Бірге: Ендеше келер күнде кездескенше қош сау болыңыздар