- Учителю
- Сауат ашудан Ұ дыбысы мен әрпі 1-сынып
Сауат ашудан Ұ дыбысы мен әрпі 1-сынып
| Күні: 8.12 Сынып: 1ә | Қатысқандар саны: 24 Қатыспағандар саны: | ||
| Сабақтың тақырыбы | Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі. | ||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту | ||
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. | ||
| Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. | ||
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||
| Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. | ||
| Тілдік құзыреттілік | Ұ дыбысы мен әрпі. | ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
| Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут | Қолдарыңды көтеріңдер - бір дейік. Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық - екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі. Алға, артқа қарадық та - үш дедік. Тағы жаңа жаттығулар істедік. Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, Отырайық көңілді енді марқайтып. /Б.Бөрiбаев/ - Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! | 
 
 
 
 Шаттық шебері 
 
 
 
 
 
 
 | |
| Сабақтың ортасы 8 минут 
 
 | №1 Сызба және сөздермен мәтінді оқы. Мысалы: Мынау-атам. Оның аты -Мұрат. Ол-ұста. Атам-ұстамды. | 
 Таныстырылым, оқулықпен жұмыс | |
| Сергіту сәті 1 минут | Оңға түзу тұр, Солға түзу тұр. Алға бір адым Артқа бір адым. Оңға бұрылып, Солға үңіліп Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық. | Сергіту сәтіне арналған жинақ | |
| Қызықты тапсырма 8 минут 
 Аяқталуы 
 16 минут 
 
 
 | 
 №2 Өз отбасыңның әр мүшесі туралы әңгімеле. 
 
 
 | 
 
 
 
 Оқулық, дәптерлер. 
 | |
| Сабақтың соңы 2 минут 
 | Рефлексия 
 | 
 Кеменің суреттері | |
| Дифференциация - оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | 
 Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? 
 | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
| Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | 
 Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) 
 | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | |
 
      