- Учителю
- Дүниетану пәнінен сабақ жоспары Қоршаған дүние 1-сынып
Дүниетану пәнінен сабақ жоспары Қоршаған дүние 1-сынып
Пәннің аты |
Уақыты: |
Кабинет: |
Мұғалім |
Сабақтың атауы |
Қоршаған дүние | ||
Мақсаты |
Білімділік: қоршаған орта мен ондағы ағзалардың бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүруін, таралуын түсіндіру; Тәрбиелік: Тіршілік ортасы туралы түсінік бере отырып, табиғи ортаның алуан түрлілігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу; Дамытушылық: Жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті дамыту, білім деңгейін тереңдету, техникалық құралдар арқылы қызығушылығын арттыру; | ||
Күтілетін нәтиже | |||
+Психологиялық ахуал |
Домала, доп, домала (екі қолынды айналдыру) Балшыққа тек жолама(Сұқ саусақпен ескерту) Жек көремін оныңды (Сұқ саусақпен оң және сол жаққа серпілту) Бүлдіресін қолыңды (екі колының алақандарын жоғары көтеріп айналдыру) Секіріп өт ордан да,(екі қолынды жұдырықтап кезек кезекбірінің үсінен бірін секірту) Секіріп өт жолдан да, (екі қолынды жұдырықтап кезек кезекбірінің үсінен бірін секірту) Қуса күшік жетпесін (баяу жүгіру) Машина басып кетпесін ( машинаның рөлін айналдыру) |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
Қызығушылықты ояту |
Айналаға қарасандар өздеріңізге таныс және таныс емес те өсімдіктер қаншама! Осыған байланысты дәрілік өсімдіктер туралы айтып берсеңіздер. 1. Итмұрын 2. Жалбызтікен 3. Меңдуана 4. Түймедақ 5. Өгейшөп 6. Усарғалдақ «Неге?» деген білуге құштарлық сөз бар! Ол сөз әр кезде әр қашанда өмірдің мәнін аңғаруда туындайды. Бұл сөз айнала қоршаған дүниені танып білуге көмектеседі. |
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | |
Мағынаны тану |
Бізді қоршаған орта Мақсаты: оқушылардың табиғат жөнінде ой - өрістерін дамыту; білуге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін және сөйлеу мәдениетін олардың бойларында дамыту; табиғатты сүйе білуге, оны қорғауға, ұйымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Орны: сынып кабинеті Көрнекілігі: интертақта, слайд - шоу, «Экологиялық жағдайлар»- жайлы фотосуреттер. 1) Кіріспе сөз Табиғат - күрделі де көп түрлі, Біз оны неғұрлым көп танып түсінсек, соғұрлым табиғат бізге қызықтырақ бола түседі. Өмір сүруге қажеттінің бәрін береді тамақ, киім, баспана. Табиғатқа басталған сүйіспеншіліктен махаббат пен Отан басталады. Табиғаттың әсемдігін сезініп оның тілін оқу, білу, байлығын қорғау керек. Бүгін өздеріңізбен сынып сағатында танымдық саяхат жасаймыз. Саяхат барысында білім, достық, тапқырлық, шапшаңдық және тапсырманы ұқыптылықпен орындауды қажет етеді. Өздеріңіздің білетіндей адам табиғаттың сырын ұғып жапырақтың сыбдырымен, бұлақтың сылдырын естіп, бұлбұлдың әнімен, шегірткенің дыбыстауын тыңдап, адам болғаны бәрімізге мәлім, яғни адам табиғатпен тығыз байланыста болады.Қазіргі таңда экология сөзін жиірек еститін болдық.. Экология сөзі грек тілінен аударғанда «үй - жай» және «мекен» туралы ілім. Ол бірнеше бөлімге бөлінеді: аутэкология, синэкология, демэкология, биоэкология, адам экологиясы. Ал енді біз саяхатқа шығамыз. І аялдама: «Қорық» | ||
Сергіту сәті |
Орманда кірпі келеді, |
Ой сергітеді,шашағандары басылады | |
Ой толғаныс |
Сұрақ жауап Елімізде 9 қорық бар. Қорықта қаншама жануар түрлері кездеседі, көбісі әрине бізге таныс. Тапсырма: «Сен білесің бе?» - айдарымен жануарлардың ерекшеліктерін айтып беру. 1оқушы: Орлов сәйгүлігі - әріптерден сөз құрастыра біледі және дыбыстап жауап та бере алады екен. 2 оқушы: Тоты құс - адамша сөйлей алады және оны орнымен айта алады: «Сәлем!», «Қайырлы түн!», «Тамақ бер!», «Тоңып қалдым»- деген сияқты. 3 - оқушы: Қарғалар қатып қалған нанды шалшық суға салып, жібітіп жейді екен. Шоқып, қайта салып жібіген кезде жеп отырады екен. 4 - оқушы: сауысқан - өз ұясына жылтыр заттарды жинап отырады екен. | ||
Үйге тапсырма |
Мазмұндауи
|
Күнделіктеріне жазып алады | |
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</</p>
|
Бағалау парақшасын толтырады. | |
Кері байланыс |
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |