- Учителю
- Сабақтың тақырыбы:Сәулет деген не Сәулет ескерткіштері.
Сабақтың тақырыбы:Сәулет деген не Сәулет ескерткіштері.
Сабақтың тақырыбы:
</<font face="Times New Roman, serif">Сәулет деген не? Сәулет ескерткіштері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Әлем елдері мен Қазақстан жеріндегі сәулет өнерінде
маңызды орын алатын белгілі ғимараттар мен кесенелер
жайлы мәліметтер беру, жобалық суреттер салдыру.
ә) Дамытушылық: Озық тапсырмалармен қатар сабақтың барысын кеңейту,
жаңа ақпараттық технологияларды пйадалана отырып,
жұмыс жасау, ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту.
б) Тәрбиелілік: Адамгершілік қасиетке баулу, ұқыптылыққа, тазалыққа
жетелеуді оқушыларға жете түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, сәулет өнері шығармалары
бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ертедегі адамдар алғашында үңгірлерде тұрғанын білесің бе? Содан кейін олар өздеріне баспана тұрғыза бастаған. Ол кездерде адамдар баспананың әдемілігіне көңіл бөлмеді. Ең бастысы, ол адамды сыртқы жаулар мен табиғат апаттарынан қорғауы керек болды.
Баспаналар бір-біріне өте ұқсас әрі ұсқынсыз болды. Әдетте олар бұтақтардан, қамыстан, аң терісі мен сүйектерінен, кейінірек саз балшық кірпіштерден тұрғызылды. Біздің заманымызға дейін қарапайым баспаналардың қайсысы сақталған?
Уақыт өте келе, өмір сүру шарттары өзгерді. Сонымен бірге баспана құрылысы да басқаша сипатта өрбіді. Бай адамдар өзіне ыңғайлы да жайлы баспанасын місе тұтпай, сәулетті ірі сарайларда тұрғысы келді. Ондай күрделі құрылыстарды тұрғызу үшін жоғары шеберлік пен терең білім қажет болды. Сонымен қатар тұрғын үйлерден басқа да құрылыстар - адамдар құдайларына сиынатын ғибадатханалар, стадиондар, театрлар, кітапханалар салына бастады.
Көптеген ғасырлар бұрын итальяндық бай үй осындай көрініс тапты.
Самарқандағы Регистан
Сондай кешендер құрылысын ойлап тапқан адамды сәулетші деп, ал олардың туындыларын сәулет деп атайды (орысша архитектура - гректің «архитектон» - құрылысшы деген сөзінен шыққан). Сәулет өнері - адамдардың әдемі және ыңғайлы тұрмыс құруына арналған өнер. Сәулет ғимараттары әр түрлі құрылыс материалдарынан: кірпіш, тас, бетон, пластик, әйнек, т.б. салынады.Қалалар өскен сайын сәулет өнері де өркендей түсті. Бірте-бірте қалалардың келбеті де өзгерді. Қарапайым үйлер мен зәулім сарайлардың орнына көп қабатты ғимараттар пайда болды. Мына суретте АҚШ елінің Даллас қаласындағы аспанмен таласқан үйлербейнеленген. Алғашқы көп қабатты үйлер Римде, Аравияда салынған. Олар 4-5 қабаттан биік болған жоқ. Аспанмен таласқан алғашқы биік үйлер 19 ғасырдың аяғында АҚШ-та салынған. Қазіргі кездегі ең биік құрылыс Гонконгтегі Нина мұнарасы. Оның биіктігі 520 метр. Ал Дубайда биіктігі 800 метрден асатын мұнараның құрылысы қарқынмен жүргізіліп жатыр.Сәулетші де суретші сияқты шығармашылық ой иесі болуы тиіс. Суретшінің қиялынсыз ол әдемі ғимараттар мен құрылыстар туғыза алмайды. Мына Сидней қаласындағы опера театрының ғимараты ақ желкендерден аумайды емес пе? Ал Торонтодағы телемұнара аспанға атылған ракета тәрізді. Әсем қала Алматы да өзінің қазіргі заманға сай ғимараттарымен мақтана алады. Алматыдағы піскен бидай масағына ұқсайтын «Қазақстан» қонақ үйі - қалаға көрік беруші құрылыстардың бірі.
Мына сәулет құрылыстарына мұқият қара. Олар әр дәуірде, әр елде түрлі сәулетшілердің қолымен тұрғызылған. Сол сәулетшілердің көбінің есімдері біздің заманымызға жетпеген. Ал олардың туындыларын біз әлі күнге дейін қызықтап, тамашалаймыз. Бұл құрылыстарға тән ортақ нәрсе - олардың өзгешелігі, бір-біріне ұқсамайтындығы. Олар бір көргеннен-ақ өмір бойы есте қалады. Сондай-ақ, әрбір сәулет ескерткішінің өз тарихы бар. Ең алып және ұлы құрылыстарды гректер «әлем ғажайыптары» деп атаған. Мұндай ғажайыптардың саны жетеу еді. Солардың тек біреуі ғана - Египеттегі Хеопс пирамидалары біздің заманымызға дейін сақталган. Египет пирамидалары перғауындардың құрметіне тұрғызылған. Перғауындар көзінің тірі кезінде астында терең мәйітхана орналасқан пирамиданы салдыра бастайтын. Хеопс пирамидасы - Египет пирамидаларының ішіндегі ең ірісі. Оның биіктігі 146 метр. Әр қабырғасының табаны 227 метрге тең. Оның құрылысына екі миллионнан астам кесек жұмсалған. Барлық кесектердің бір-бірімен тығыз жымдастырылғаны сондай, араларынан ине де өте алмастай. Пирамида құрылысына 20 жылдай уақыт кеткен.
Қожа Ахмет ескерткіші - ерте заманнан қалған көне архитектуралық кешен. Ескерткіш 14 ғасырдың аяғында (1396- 1398) Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Ұзындығы 62,5 м, ені 46,5 м, биіктігі 38 м. Күмбезі Орта Азиядағы ең үлкен күмбез. Бұл ескерткішке сәулет өнерінің бар мүмкіншілігі пайдаланылған. Мұнда мешіт, медресе, кітапхана, хансарай, т.б. бірнеше бөлмелер бар. Қожа Ахмет кешені Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ құрылыс.
Тәж-Махал сөзбе-сөз аударғанда «сарайдың сәні» деген мағынаны білдіреді. Үнді шахы Жаһанның сүйікті жарын осылай атайтын. 36 жасында жары қайтыс болып, шах терең қайғыға батады. Шах асыл жары Мумтазға ескерткіш ретінде әлемде теңдесі жоқ әсем кесене тұрғызуды шешеді. 1653 жылы Агра шаһарында құрылыс аяқталады. Ақ мәрмәрдан өрілген асқақ кесене қалықтап тұрғандай көрінеді. Тәж- Махал кесенесі тек Үндістанда ғана емес, дүние жүзіндегі ең әдемі сәулет туындысы болып табылады.
Үйге тапсырма беру: Әлемге әйгілі сәулет ғимараттарын бейнеле.