- Учителю
- 'Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?' (сабақ)
'Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?' (сабақ)
Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта.Таным.
Бөлімі:Тіл дамыту.
Тақырыбы:Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?
Мақсаты:а/Балаларға көлік туралы түсінік беру,олардың түрлерін ажыратуға үйрету;сурет бойынша әңгімелей білуге үйрету.
ә/Сөздік қорларын толықтыру,дауыс ырғағын дұрыс сақтап сөйлеулерін дамыту.
б/Ойыншық көлік түрлерінмұқият,ұқыптыұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:түрлі көлік суреттері.
Сөздік жұмыс:жеңіл көлік,жүк таситын көлік,автобус,пойыз.
Оқу іс-әрекет кезеңдері.
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Қол ұстасып тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Жаңа шыққан бұл күнге
Иіліп сәлем қылайық
Балалардың назарын өлең жолдарына аудару.
Балалар қимылмен айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Үлкенмін ғой, міне, мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
М.Әлімбаев
-Мен не туралы өлең оқыдым?
-Балалар,айтыңдаршы,кімге қандай ойыншық ұнайды?
-Бейбарыс,сенде қандай ойыншық бар?
-Қандай көліктің түрлерін білесіңдер?
Алдымен жүк көлігін көрсету.
-Мына көлік жүк көлігі дейді.Бұл көлікпен жүк тасиды.
-Ол не тасиды екен?
-Жүк көлігі гүрілдиді. «Гүр-гүр-гүр»деген дыбыс шығарады.Кәне, бәріміз қайталаймыз.
-Балалар,мынау қандай көлік?
Жұмбақ шешу:
Терезесі көп оның
Іші жанға толы оның
Тоқтамайды,жүреді
Барар жерін біледі.
Бұл көлікпен адамдар тасиды.
-Ал мынау қандай көлік?Бұл көлікті жеңіл көлік дейді.
-Ал мынау қандай көлік? Бұл-пойыз.
Сергіту жаттығулары.
1,2,3,4,5-машина жүргізуді бейнелейміз.
1,2,3,4,5-велесипед тебуді бейнелейміз.
Балалар су және әуе көліктері де бар.
-Балалар ,мынау қандай көлік?
Кеме суда жүреді.Адамдар тасиды.
-Балалар, мынау қандай көлік?
Ол әуе көлігі.Әуеде ұшып жүреді.Адамдар тасиды.
Өлеңді тыңдайды.
-Машина.
-Машина бар.
-Жүк таситын,жеңіл көлік.
-Құм тасиды.
-Тас тасиды.
-Гүр-гүр-гүр.
-Автобус.
Автобус.
-Жеңіл көлік.
-Адамдар тасиды.
Балалар қимылмен көрсетеді.
-кеме.
-Ұшақ.
Рефлексиялық-түзетушілік.
-Балалар ,біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Көліктің қандай түрлері бар?
Сұрақ-жауап арқылы бүлдіршіндердің оқу-іс әрекетін қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:көліктердің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырманы;
Түсінеді:көліктердің пайдасы туралы мәліметтерді;
Қолданады:сұраққа толық жауап бере білу іскерліктерін.