7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс Ойнайық та,ойлайық!

Сыныптан тыс Ойнайық та,ойлайық!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ойнайық та,ойлайық!

Сабақтың мақсаты:

-Балаларды ойын ойнату арқылы білімдерін тексеру.

-Балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту,есте сақтау қабілеттерін арттыру.

-Бір -бірін сыйлауға,сөзін аяғына дейін тыңдай білуге тәрбиелеу.

</ Сабақтың түрі :Ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,ойын,көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері,слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қараңдаршы бүгін бізге қонақтар келіпті,қане алдымен амандасып алайық:

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Сәлемберіп сіздерге,

Бас иеміз біз!

Жарайсыңдар,балалар,ал енді әркім өз орнына отыра қойсын.Білесіңдерме,бүгін біздің сыныптан тыс сабағымыз өте ерекше болмақшы.Сабағымызға қонақтардан басқа,ертегі кейіпкерлері де келіпті.

-Біз қандай ертегілерді білуші едік? - Мақта қыз бен мысық,Алдар көсе,Маша мен аю,Қызыл телпек, Жеті лақ.

Дұрыс айтасыңдар ,біз көп ертегілерді білет екенбіз.

-Ал бүгінгі ертегінің аты «Бауырсақ» деп аталады.

Ерте,ерте,ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті.Бір күні шал кемпіріне:

-Кемпірім,кемпірім маған бауырсақ пісіріп берші?-дейді.

- Неден пісіремін? Көп болды үйде ұн жоқ.

- Әй кемпір-ай!Сен қамбаны сыпырып ,қуыс мүйісін қырна,осылайша қалған-құтқан ұнды жина.

- Кемпір шалдың айтқанын орындап ұн жинап,бауырсақ пісіреді.Бауырсақ тегіс,домалақ,сырты қызарыңқырап әдемі болып піседі.Ата оны бірден жегісі келеді,бірақ бауырсақ өте ыстық екен,кемпір бауырсақты суытуға терезе алдына қояды.Бір өзі жата-жата жалыққан бауырсақ жерге түсіп домалай жөнеледі.Домалап келе жатып ол орманға келеді.Орманда оған қоян кездеседі.

Қоян айтады : Бауырсақ,бауырсақ! Мен сені жеймін!

Бауырсақ: Жемеші,мен саған өлең айтып беремін.

Мен атамнан қаштым,

Мен әжемнен қаштым,

Енді сенен қашамын,-дегенде қоян былай дейді:

-Жоқ ,сен менен өлең айтып құтыла алмайсың,егер сені жібергенімді қаласаң,менің тапсырмамды орындауың керек.

Ал балалар бауырсаққа көмектесіп қоянның тапсырмасын орындайық па?

Ол бізге көптеген сұрақтар алып келіпті.Олай болса тақтаға назар аударайық:

1.Неше жыл мезгілдері бар?

2.Қазір қай жыл мезгілі келді?

3.Көктем айларын білеміз бе?

4.Қазір көктемнің қай айы?

Жарайсыңдар,балалар,міне қоянның да тапсырмасын орындап,бауырсақты құтқардық.

Балалар,енді аздап серігіп алайық.

Сергіту сәті:

«Ұзын құлақ,сұр қоян»

-Осылайша бауырсақ әрі қарай домалай жөнеліп,келе жатқанда оның алдынан қасқыр шыға келіп:

Бауырсақ,бауырсақ! Мен сені жеймін!-деді

Сен мені жеме, саған өлең айтып беремін,деп бауырсақ өлең айтады.Бірақ қасқыр оған көнбейді.

-бауырсақ,егер сен маған мына есепті шығаруға көмектессең,мен сені жемеймін.

-Ал ендеше мен қасқырдың тапсырмасын оқиын:

Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да, үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның жұлынып,

Тағы түсті бесеуі,

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі?



Табақта бес алма,

Қолымда екі алма,

Қосқолда барлығын

Болады неше алма?



1-ден 10-ға дейін сана,кері сана

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0

Геометриялық фигураларды ата?

Төрт бұрыш,үш бұрыш,шеңбер,тізу сызық,қисық сызық,кесінді,шаршы,сәуле,тік төрт бұрыш.

Аптада неше күн бар?

Есепті шығар;

2+4-3 = 4+2-4=

6-2+1 = 6-4+3=

Осылайша бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.

Аю айтады:

Бауырсақ,бауырсақ! Мен сені жеймін!-деді. -

Бауырсақ: Жемеші,мен саған өлең айтып беремін.

Аю ағамыз бізге ойын әкепті ойынның аты: «Болады-болмайды»,-деп аталады екен.

1. Жылдап келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп шығуға ...

2. Үлкен адамның айтқан ақылын тыңдамауға...

3.Өзіңнен кішіге күш көрсетуге ....

4. Құстарға ұя жасауға...

5.Сабаққа кешігіп келуге...

6.Кұнделікті дене жаттығумен айналысуға....

7.Жануарларды қорлауға...

Балалар сендерге аюдың ойыны ұнады ма?Аю бізге өте риза оның сұрақтарының бәріне жауап бердік.

Бауырсақ домалап келе жатса алдынан Түлкі шығып :

Бауырсақ,бауырсақ! Мен сені жеймін!-дейді

-жоқ ,түлкі,сен мені жеме,оданда мен саған өлең айтып беремін.Бауырсақ өлең айтады.

-Жоқ ,бауырсақ сен менен бұлай құтылмайсың,менің мына қойған сұрақтарыма жауап берсең ғана жіберемін деді.

-Ал қане балалар бауырсаққа көмекке келейік,оны қу түлкіден құтқарайық.

Түлкінің сұрақтары:

Атта жоқ,отта бар.ОЛ қай әріп тап?

Қазақстан Республикасының рәмізі?

Призидентіміз кім?

Отанымыз қай мемлекет?

Ең қымбат жан?

Қасиетті тағам?

Жарадыңдар балалар,біздің бауырсақты қу түлкі асырып алдап жеп қоятын еді,ал бүгін біз оны өз біліміміздің арқасында құтқарып қалдық.Жарайсыңдар!

Ал,балалар тұрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Аман-есен болайық!-

Дей отырып сабағымызды аяқтаймыз.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал