- Учителю
- 'Ізденіс игілікке бастайды' сыныптан тыс іс-шара 2-сынып
'Ізденіс игілікке бастайды' сыныптан тыс іс-шара 2-сынып
«Ізденіс игілікке-талпыныс табысқа бастайды»
1-жүргізуші. Ақнұр
Қайырлы күн оқушылар, қонақтар
Қане енді қуаныштан жыр ақтар
Бүгін міне бастауыштың 10 күндігінде
Өнеріңді ортаға сап сыр ақтар
2-жүргізуші Мадияр
Көз салып қараңызшы бойыңызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойыңызға
Қош келіпсіздер ұстаздар, ата-аналар
10 күндіктің салтанатты кешіне
1-жүргізуші Ақнұр
Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар.
2-жүргізуші Мадияр
«Ізденіс игілікке- талпыныс табысқа бастайды» атты бастауыш сыныптарының 10 күндігіміздің ашылу салтанатты кешіне қош келіпсіздер
1-жүргізуші Ақнұр
Бұл апталық қыс мезгілінің алғашқы күнімен тұспа -тұс келуінде.
2-жүргізуші Мадияр
Қыс келді қарашы,
Қызықтарын санашы.
Балалар шулап ,қар тасып,
Басталды күн жағасы.
1-жүргізуші Ақнұр
-Иә,бүгін желтоқсан айының екінші күні емес пе?
2-жүргізуші Мадияр
-Иә, дұрыс айтасың
1-жүргізуші Ақнұр
-Ал желтоқсан айында қандай мерекелер бар?
2-жүргізуші Мадияр
-16-желтоқсан-Желтоқсан оқиғасы,Жаңа жыл мерекесі және Тұңғыш президент күні.
1-жүргізуші Ақнұр
-Иә ,дұрыс айтасың.
2-жүргізуші Мадияр
Ал біздің апталығымыз қай мерекеге сәйкес келіп отыр?
1 -жүргізуші Ақнұр
Әрине, тұңғыш президент күніне сәйкес келіп отыр.
2-жүргізуші Мадияр
Олай болса,2- сынып оқушыларының «Елбасына арнау»атты жүрек жарды туындыларын қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші Ақнұр
Ұстаздардың берген білімі,
Бізге дағы нәр болсын.
10 күндіктің жақсы өтуіне,
Біздің де үлесіміз зор болсын-деп Мұхтаржан Айданың орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар.
Ән.
2-Жүргізуші Мадияр
Мадияр сен білесің бе? Бастауыш сынып кафедрасының тыныс-тіршілігі туралы басқа елдер не дейді?
1-Жүргізуші Ақнұр
Білмедім меніңше жақсы пікірде болу керек
Олай болса,бастауыштың тыныс -тіршілігін біздің тілшілер шолып қайтқан еді?
Бейнефильмге кезек берейік.
2-жүргізуші Мадияр
Құрметті ұлағатты ұстаздарым
Көп ойланып бір шешімге тоқталдым
Бүгінгі 10 күндіктің ашылуына
Гүлфайра Сүйінбекқызына сөз беремін деп оқталдым.
Ендеше Гүлфайра Сүйінбекқызына сөз кезегі өзіңізде.Бүгінгі онкүндік туралы не айтасыз.
1-жүргізуші. Ақнұр
Бірақ ұшқыр қиялыммен жасымнан.
Бар әлемнің биін билеп келемін.
Тынбай соққан даланың бір жүрегін.
Бетке алады тағдыры ортақ би елін-демекші ендігі кезекті «Барби» биіне береміз.
2-жүргізуші Мадияр
Жандары қаламайтын аласаны
Шәкірттер алда талай бел асады
Әлемге туған халқын танытатын
Осылар -еліміздің болашағы- дей келе «Гимназия» әнімен гимназияның бастауыш сынып түлектерін ортаға шақырамыз.
-
жүргізуші
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
2-ж