- Учителю
- ҚМЖ жоспар.Түсті металл кендері.
ҚМЖ жоспар.Түсті металл кендері.
Сыныбы 4 «а» |
Күні | ||
Сабақтың тақырыбы
|
Түсті металл кендері. | ||
Мақсаты
|
Оқушыларға түсті металл кендері туралы түсінік бере отырып, игеру жолдары, қасиеттері және оларды адамдардың шаруашылықта қолдануы туралы білімдерін толықтыру | ||
Күтілетін нәтижелер
|
-Түсті металл кендері туралы түсінік қалыптасады. -Түсті металдардың қасиеттері мен түрлерін ажыратып,сипаттайды. -Түсті металл кенін игеру жолдары және адамзатқа тигізер пайдасы туралы ойларын тұжырымдайды. | ||
Керекті жабдықтар
|
Қазақстан пайдалы қазбалар картасы, слайд, АКТ , суреттер, кестелер, ребус. | ||
Сабақбарысы: | |||
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті | |
Кіріспе
|
Психологиялық дайындық. - Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталап айтады.
Бір, екі үш сандарын санай отыра 3 топқа бөлу . Өткен сабақты қайталау ретінде сұрақтар қою: Қандай пайдалы қазбалармен таныстық? Олар қандай қасиеттерге ие? Темір кенінен не қорытылып алынады? |
- Армысың, алтын күн. Армысың, көк аспан! Армысың, жан досым! Жылуыма жылу қос Міне менің қолым бос! Сәттілік тілеймін. Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.
Кенді пайдалы қазбалармен таныстық. Олар судан ауыр. Су өткізбейді, балқиды. Темір кенінен шойын мен болат өндіріледі. | |
Тұсаукесер
|
Суретпен жұмыс. Қандай бұйымдарды көріп отырмыз? Олар қандай металдардан жасалған? Неліктен олай аталады? |
Топтағы оқушылардың ықтимал жауаптары:
| |
Негізгі бөлім
|
3 топқа ребус шешкізу. Осы шыққан сөздер туралы не айтуға болады?
АКТ-ны пайдалана отырып, Қазақстанның түсті металдар кендерінің орналасуы картасымен танысу, түсті металдардың қасиеттерімен, маңызы және шаруашылықта қолданылуымен танысу. Қ. Сатпаевтің өмірі мен еңбек жолымен танысу. Оқулықпен жұмыс: Мәтінді 3 бөлікке бөліп оқу. Оқыған бөлімдерін түсіндіру. Топтық тапсырма беру: Ι-топ Мыс. ΙΙ-топ Қорғасын. ΙII-топ Алюминий. Ассоциация жасау.
Мыс қорғасын алюминий
|
Әр топ өздеріне берілген ребустарды шешеді. Бұлардың барлығы түсті металдарға жатады.
Топтар мәтінді оқып танысады. Өз ойларын ортаға салады. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
| |
Қорытынды
|
Қара металл мен түсті металдың ұқсастығы мен айырмашылығы айта отыра венн диаграммасын жасау.
Топ басшысы өз топтарының мүшесін бағалайды Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу,кескін картамен жұмыс, қосымша іздену |
Сабақта түсті метал кендерімен таныстық. Түсті металдар тоттанбайды, оңай иіледі, электр тогын жақсы өткізеді. Түсті металдардан әр түрлі, өмірге қажетті бұйымдар жасайды. Топ басшылары дайын бағалау парақтарын толтырды. |