- Учителю
- ҚМЖ Дауысты, дауыссыз дыбыстар
ҚМЖ Дауысты, дауыссыз дыбыстар
|
БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы № 2 ЖОББМ Нысанова Мөлдір Сапаргалиевна Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі. | ||
Сауат ашу Тақырыбы: |
0ә Дауысты, дауыссыз дыбыстар | ||
Мақсаты: |
Оқушыларға дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыстың ерекшеліктері туралы түсінік беру.Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.Дауыссыз дыбыс туралы түсінік беру | ||
Күтілетін нәтиже:
|
A. балалар дыбытардың дауысты және дауыссыз болып бөлінетіні жайлы біледі. Б. Дыбыстық талдау жасауды үйренеді | ||
Керекті жабдықтар |
Әліпе-дәптері,суреттер, үлестірмелі дидактикалық карта | ||
</<font face="Times New Roman, serif">Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті | |
Кіріспе
|
1.Психологиялық дайындық -Сәлематсыздар ме, балалар? көңіл күйлерің жақсы ма? Шаттық шеңберіне шығып бір-бірлерімен бірігіп тақтада көрсетілген сурет бойынша айтады Қорыққанда:-«ой» дейміз. Таң қалғанда:-«ах» дейміз. Шаршағанда:-«уф» дейміз. Кейігенде:-«Ей е»дейміз. Біліп алып:-«Е-е» дейміз. Қуанғанда:-«Алақай» дейміз. \слайд\
3.Үй тапсырмасын тексеру. 1.Сұрақ-жауап -дыбыстарды қайтеміз? -осы дыбыстарды таңдап жазсақ не болады? -әріптерді қайтеміз? Слайдтан сурет көрсету |
Оқушылар шаттық шеңберін құрды.
Сұрақтарға жауап береді \естиміз\ әріп\ \жазамыз,оқимыз,көреміз\ | |
Тұсаукесер |
Таңғажайып кезең. Топқа қонақ келеді. (музыкамен кіреді) -Сәлеметсіңдер ме балалар бұл даярлық топ па? Мен өте қызықты әріптер әлемінен келдім. Мен дыбыстар әлемінің ханшайымымын. Мен сендерге өз әлемім жайлы айтып берейін. Әлдеқандай патшалықта емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр, ал олардың үйі міне қандай әдемі. (ауызды көрсетші, аша ғой қане). Үйдің төбесі бар. Еден төменгі таңдай, Есік еріндер. Есік бекем болу үшін сүйек шарбақтар да бар. Бәрі жақсы болар еді, бірақ үйдің шінде ашулы айдаһар кіріп алыпты. Алайда кейбір дыбыстар емін-еркін өтіп кетеді және олар қызыл киім киіп алыпты. Ал басқа дыбыстардың. Жолына кедергі жасапты. Есікті жауып алады немесе қоршауды қойып қояды. Олар емін еркін шыға алмайды сондықтан көк көйлек киіпті. Мен жайлы не білесіңдер? Менің әлемім жайлы білдіңдер енді мен сендермен қоштасайын. Сендерге қызықты тапсырмалар бар соларды орындасаңдар сендерді сыйлықтар күтіп тұр. Сау болыңдар! |
-Сөз, сөйлем,дыбыс,дауысты,дауыссыз дыбыс жайлы балалар айтады.
| |
Негізгі бөлім
|
1. Сонымен дыбысты естиміз. Әріпті көреміз жазамыз Сұрақ қою
Кедергімен айтылатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар олар көк көйлек киеді\көк түспен белгілейміз\ 2.Әліппе-дәптерімен жұмыс жүргізу Бес саусақ Бас бармақ-атам,үййдің данасы Балаң үйрек-әжем,ашақ анасы Ортан терек -әкем,отау панасы Шылдыр шүмек-шешем,шаңырақ ажары Ал ,біз бала-отбасының базары |
\еркін,кедергі болады\
Әліппе-дәптерімен жұмыс
| |
|
Ә\берілген сурет бойынша дауысты дыбыс,дауыссыз дыбыстарды төртбұрыштардың ішіне белгілерін саламыз\дауысты дыбыс-*** дауыссыз дыбыс болса ***\саламыз Әке,ана,бала,сырмақ т.б -Дыбыстық талдау жасау ата- ** ** **
3.Сергіту сәті. \қыймыл қозғалыс жаттығуы видео\ Б\жетпей тұрған суретті салып боя\шаршы\ |
| |
Қорытынды |
Топтық тапсырмалар І қатар Дауысты дыбыстан басталатын суреттерді тап ІІ қатар дуыссыз дыбыстан басталатын суреттерді тап ІІІ қатар Дыбыстық талдау жаса \ана\ |
Тапсырма орындайды.
| |
Үйге тапсырма |
Дауысты дыбыстан сөздер ді ойлап келу |
Үй тапсырмасын күнделікке жазады. |