- Учителю
- Мероприятие: Нұр себеле,Ұлыстың ұлы күні!
Мероприятие: Нұр себеле,Ұлыстың ұлы күні!
Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» бастауыш сыныптар
арасындағы мерекелік кеш.
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы
толық мағлұмат беру, халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын
үйрете отырып, «Наурыз» қ(азақтың ұлттық мейрамы екенін ашып
көрсету.
Көрнекілігі: Презентация, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар,
суреттер.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Сіздерді
қазақтың ұлттық мерекесі «Ұлыстың ұлы - Науры» мерекесімен шын
жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың
ұлы күні» атты тойымызға қош келдіңіздер! Жаңа өмірдің қайта
басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан
тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді.
Сіресіп жатқан қар еріп, көл - көсір су болып ағады. Өсімдік
ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші
құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні.
Жүргізуші: Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата - бабам тойлаған
Әз - Наурызым, армысың! күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң
болсын!
Би: «Қара жорға» (барлық сынып оқушылары билейді)
(Тойдың ашылуы әр сыныптың өлеңдері.)
0-сынып
О, жарандар, жарандар!
Бәрің мұнда қараңдар,
Наурыз тойы басталды,
Текке қарап тұрмаңдар!
1-сынып
Әуелесін армандар,
Үміті от боп жанғандар.
Бақ дарып, Қызыр қарасын,
Мерекеден қалмаңдар!
2 -сынып
О, жарандар, жарандар!
Тамашадан қалмаңдар.
Құс қанаты көңілмен,
Жер әлемді шарлаңдар!
3-сынып
Оятып шың мен асқарды,
Ерітіп мұз бен асқарды.
Нұрландырған даланы,
Наурыз тойы басталды
4-сынып
1.О, халайық! Наурыз тойы құтты болсын!
2.Ұлыс оң болсын, қайда барсаң жол болсын!
3.Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
4.Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын!
Қыдыр ата келеді: Ерназар 4 «Ә»
Оу, аман ба, жарандар,
Алтын таңға қараңдар.
Ерте жайнап атты таң
Естіліп тұр шаттық ән.
Жұрағатым қуанып,
Рахатын тапты жан.
Келе жатыр жырымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз
Жас балаша нұрланып,
Жадырайды күніміз.
Күннің жаңа нұры бар.
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрам - бұл,
Жүргізуші: Қарсы алайық тұрыңдар! (Бәрі орындарынан тұрып қарсы алады)
Наурыз қыз: Анель 4 «Ә»
Сәлем ата-аналар!
Айналайын балалар!
Қызыр баба аман ба?
Жаса жайлы заманда.
Уақыт үдеп келдім мен,
Бақыт тілеп адамға.
Қудым жерден суықты,
Қырдан салқын бу шықты.
Гүл жайнаған көктемде
Гүлдей сыйлық көп менде.
Жүргізуші:Ал, ата жоғары шығыңыздар. Төрлетіңіздер. Біздің балалардың өнерін тамашалаңыздар.
(Жауапты 4-сынып оқушылары бастайды).
1Уа халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
2.Армысың Наурыз,
Қуаныш боп, кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый - құрмет!
3.Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
4. Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.
5.Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,
Әз Наурыз келіп еліме, Жер - Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,
Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!
6.Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз
7.Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен - саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
8.Қош келдің Наурызым Ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
9. Наурыз - шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.
10. Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.
Жүргізуші: Ортаға сөз ізгі ниет, «Ақ бата» беру Қыдыр атаға
беріледі.
Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт - түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін»
Ұлы халқым тоқ болсын»
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы - уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Әумин)
Ән: «Бозжорға»
Би: «Қамажай»
Ойын: «Күш сыңасу»
Жүргізуші: Сұрақ - жауап
1 .Наурызды қалай түсінесің?
Күтілетін жауап: Наурыз - жаңа күн, Жыл басы, Ұлыстың ұлы күні,
халыққа молшылық тілеу, өкпе назды ұмыту.
Наурыз көже неден жасалады?
Күтілетін жауап: Ет, сүт, тұз, кеспе т. б.
2.Ұлттық киімдерді ата?
Күтілетін жауап: Камзол, мәсі, тақия, көкірекше, сәукеле, шапан,
кимешек т. б.
Ұлттық ойындарды білесіңдер ме?
Күтілетін жауап: Сақина салу, арқан тарту, асық ойнау, бәйге,
ақсүйек, аударыспақ, орамал тастау, қазақша күрес, қыз қуу т.
б.
3.Қазақ ұлтына тән тойларды атаңыз.
Күтілетін жауап: Бесік тойы, сүндет тойы, тіл ашар тойы, беташар,
қыз ұзату, үйлену тойы т. б.
Наурыз қай мезгілде және Наурызда қандай ерекшеліктер болады?
Күтілетін жауап: Көктемде, жаңбыр жауады, күн жылынады, Наурыз тойы
тойланады, күн мен түн теңеледі.
Жүргізуші: Ортаға даярлық сыныбын шақырады.
0-сынып
-
Наурыз тойы - тамаша
Наурыз тойы - жаңаша
Табиғат та тамаша
Тамылжып тұр жараса
2. Жылдың басы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр - әніміз
3. Жыл басы Наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боялды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды
4. Күн мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз
Наурыз бұл - береке
Құтты болсын мереке!
5. Жарасып, жаңғырып
Құлпырды жер мен көк
Әр жүректен ән тарап
Шаттанады шартарап
Ән: «Көктем»
Би: «Балдырған»
Жүргізуші: Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге - деп ендігі кезекті
Наурыздағы салт - дәстүрлерге берсек.
Аяулым 4 «Ә» сынып: Наурызкөк - Наурыз айында ұшып келетін көктем
құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны
алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады.
Наурызнама - шат - шадыман, ойын - сауық. Тойда ат - жарыс, түрлі
ойындар өткізіліп, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада Қыз -
жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол уыз, ет сияқты
дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз - келіншектерге сақина,
сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп
атайды.
Наурызша - Наурыз айында жұп - жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны
халық «Наурызша» деп атайды.
Жүргізуші: Ортаға 1-сынып оқушыларын шақырады.
1.Наурыз тойым, Наурыз тойым
Құтты болсын, халайық!
Қане достар, қане достар
Шырқап әнге салайық.
2. Уа, ағайын халайық
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық
3. Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне!
4. Келді, келді Наурыз айы,
Ән салайық бәріміз.
Келді, келді Наурыз айы,
Би билейік бәріміз!
5. Бұл мұсылман Жаңа жылы,
Қуануда даламыз.
Бұл мұсылман Жаңа жылы,
Шырқап әнге саламыз
Салт-дәстүр: «Тұсау кесу»
Ән: «Наурыз»
Би: «Танцуй добро»
Жүргізуші: Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен
көктемгі мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен
жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын
Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз құтты болсын. Күншығыстың Наурызы
келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек
гүл атып, күннің көзі бүкіл әлемге нұрын шашып, үйсізді үйлімен
теңестіреді.
Наурыз келді, көктем келді ағайын!
Жадырайды, жаңғырады маңайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың!
Жүргізуші: 2-сынып оқушыларын ортаға шақырады.
1.Жадырап күннің жанары,
Бетті өпсе жылы самалы.
Сай-сайға ақса жылғалар,
Бұл Наурыз хабары.
2.Ашылып аспан шүмегі,
Жауынмен құм да түледі.
Көкмайса жұмсақ құлпырған,
Бұл Наурыз кілемі.
3.Бусанып тарғыл атырап,
Нәрленіп торғын топырақ.
Жауқазын өссе күнеске,
Бұл Наурыз - жапырақ.
4.Көз тігіп Күнге барлығы,
Бүршігін жарса әр гүлі.
Халыққа бақыт тілеген,
Бұл Наурыздың жарлығы.
5.Бөктіріп көктем жаңбыры,
Тіріліп шөптің тамыры.
Бүрленсе жусан бұрқырап,
Бұл Наурыздың таң нұры.
6.Қауымға қалың дүр болған,
Шаттыққа бөлер жыр болған.
Шапағат төккен мейірлі,
Бұл Наурыз ғой нұр болған.
Ойын: «Арқан тарту»
Ән: «Көбелек»
Би: «Қуыршақ»
Жүргізуші: 3-сынып оқушыларын шақырады.
1.Ақбоз үйді үлпілдеткен,
Боз даланы бүлкілдеткен.
Қуанышты күлкің - көктем,
Әсем едің, шіркін, неткен,
Наурызым!
2.Құлпырады сәнді бақтар,
Жұлқынады арғымақтар.
Сылқылдайды бал бұлақтар,
Мерекемсің мәңгі мақтар,
Наурызым!
3.Жарқыраттың шығыс Күнін,
Бар адамдар туыс бүгін.
Тілеп елдің тыныштығын,
Жүректерде жүр ұшқының,
Наурызым!
4.Аңсап жүрсең осы күнді,
Ашып таста есігіңді.
Болайықшы кешірімді,
Ән тербетсін бесігіңді,
Наурызым!
5.Бұл әлем қалғығандай,
Ұшты көкке ән қырандай.
Наурыз көже дәмді балдай,
Сенің көшің сәнді қандай,
Наурызым!
6.Аталардың - Қара Нардың,
Ақ жаулықты Аналардың.
Бас иетін саған әр күн,
Ақ батасын ала барғын,
Наурызым!
7.Ғашықтардың түр-түсінде,
Сәбилердің күлкісінде.
Ел үшін де, жұрт үшін де,
Қара Жерге кір түсірме,
Наурызым!
Ән: «Қазақ елі»
Би: «Өзбек биі»
Ойын: «Сақина салу»
Жүргізуші: Наурыз тойы ұлы күн,
Шырқап әнге салайық.
Хор: «Домбырасыз ән қайда»
Жүргізуші:Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке - бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!