- Учителю
- Урок Әә дыбысы және әріпі (Мектеп алды даярлық)
Урок Әә дыбысы және әріпі (Мектеп алды даярлық)
Бекітілді:
34 - ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: Ә ә дыбысы және әрпі
Мақсаты : Әә дыбысы туралы алған білімдерін толықтыру, ә әрпіне байланысты сөздерді буынға болу, дыбыстық талдау жасау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; сөзге дыбыстық талдау жасату; оқуға, жазуға жаттықтыру. Балалардың сөздік қорын, тілін дамыту. Өз ана тілін, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Жазу дағдысына қолын жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап; ой қозғау; ой толғау; логикалық ойын дамыту, бақылау; мәнерлеп оқу қабілетін дамыту.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: әже,әке, дәрі, әтеш, әмиян суреттері.Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
І. Ұйымдастыру кезеңі.1. Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен,бас иеміз біз.
2.Дөңгеленіп тұрайық,достық үйін құрайық
Сауат ашу пәнінде,біз көңілді болайық
Адал жақсы ниетпен,бар адамға бақ тілеп
Жарып шыққан жүректен, сөздің бәрі ақ тілек.
Балалар қонақтармен амандасады.
Ұйымдастыру-іздестіру
ІІ .Үй тапсырмасын бекіту.
-Өткенде қай әріппен таныстық?
-І дыбысы бауысты ма, дауыссыз ба?
-Неге дауысты дыбысқа жатқызамыз?
-Қане сол І дыбысынан келетін сөздер ойлап жіберіңдерші.
4. «Керемет ағашы» ойынын ойнаймыз.
Бұл ағаштың кереметтігі сонша,пісіп тұрған алмалардың артында дыбыстар жасырылған. Сол дыбыстарға сөз құрайды.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Бұрап қойған сағаттай
Айқайлайды таң атпай
-Әтеш сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
-Ә дыбысынан. Бүгін өтетін дыбысымыз Ә дыбыс мен әрпі.
-Ә дыбысы дауысты ма, дауызсыз ба? Бұны білу үшін бәріміз Ә деп айтып көрейік.
Қандай дыбыс екен.
Ә дыбысынан келетін сөздер ойлап табамыз.
5. Дәптермен жұмыс: Дәрі, әке, әтеш сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ә дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ә дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады.
6. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады.
Барлығы хормен қайталап оқиды.
7.Сергіту
8. Жазу жұмысы: Педагог ә дыбысын ауада жазып көрсетеді, сонан соң балалардың өздеріне жазғызады. Дәптердегі үлгі бойынша ә дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.
9. Топтық жұмыс.
І топ:Дауысты және жауыссыз дыбыстарды өз үйлеріне кіргізеді.
ІІ топ: Суреттегі заттардың атын жазады.
ІІІ топ: Жоғалған дыбысты тап.
... же, ... ке, д...рі.
Балалар жауап береді.
Ілгіш, ішік, ін, кірпі, ешкі
Балалардың жауабы.
Әтеш
Әсел,әткеншек,әскер,ән,әнші,әлди,сәбіздәрі.
Ә әрпін жазады.
Үш топ бір - бірін бағалайды.
Рефлексивті-түзетушілік
ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту: 1. Ия, жоқ ойыны.
2.Біз қандай дыбыспен таныстық?
3.Әә дыбысы қандай дыбыс екен?
4.Бағалау
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ә дыбысымен таныстыру, сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.
Қандай түсініктерді игерді: Балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Балаларды Ә дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету.