7


  • Учителю
  • Тәрбиелік іс-шара Күлше қыздың балында

Тәрбиелік іс-шара Күлше қыздың балында

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Мерекелік іс-шара «Күлше қыздың балында»



Ортаға күлшеқыз кіреді. (ән айтады)

(Өгей шешесі кіреді. )

Өгей шешесі: Күлшеқыз бері кел!

(аяғымен жерді ұрып)

(Әуен естіліп есіктен қолында қағазы бар ергежилі кіреді.)

Ергежилі (оқиды) : Гуд монинг! Қайырлы күн! Ойын сауық кешіне шақырамыз. Барлық қыздар қауымын. Ханымыз солай бұйырды.

(Ергежилі хатты тапсырып, басын иіп кетеді)

Ө.Ш:

Рахмет, өте қуаныштымыз.

Міндетті түрде барамыз

Күлше қыз киім дайында

Ойын сауық кешіне үшеуміз бірге барамыз.



(Екі қызы ортаға шығып)

Күлше қыз: Ооо, мен де кешке барамын

1 қыз: Патшамыз сені күтіп отыр дейсің бе? !

2 қыз: Сендей кір қожалақтарды шақырған жоқ!

(Күлше қызды мазақтап Өгей шешемен залдан шығып кетеді)

Күлше қыз:

Онда қандай көңілді

Шам шырықтар жағылған,

Барлық қыздар билейді

Ханзадамен қызықтап. (әндетіп айтады)

Өгей шешесі:

Қыздарым менің әдемі!

Сұлулықтың әлемі

Ойын сауық кешінде

Боласыңдар сендер әдемі



1 жүргізуші:

Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер. Көктем гүліндей жайнаған апайлар Аяулы қарындастар және сүйікті достар!

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз Халықаралық аналар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!



2 жүргізуші:

Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,

Ана деген бұл өмірдің сәні ғой

Ән жырымен дүниені тербеген,

Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.



1 жүргізуші:

Бүгінгі біздің «Күлше қыз» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Еліміздің ертеңі осы ұрпақтың қолында. Сол себептен болашақ арулардың ұяңдығын жойып; сайысқа деген шығармашылық қабілеттерін ояту; әсемдікке тәрбиелеу - басты мақсатымыз. Құрметті көрермен қауым! Енді бүгінгі сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар!



1 -бөлім: Таныстыру.

2-бөлім: «Күлше қыздың үй тапсырмасы»

3-бөлім: «Сәнді киім үлгісі»

4-бөлім: «Өз өнері» ( би немесе ән, пародия )



1 жүргізуші:

Шын жүйрік сыналатын кезең келді,

Көрейік тамашалап сайысты енді.

Әділқазы ойы терең, ақылы кең,

Саралап, әділ баға берсін енді, - дей келе әділқазы алқасымен таныс болайық.

1._______________________________________________

2._______________________________________________

3._______________________________________________

Ендеше сахнаға сұлу да, сымбатты, сыпайы да ұстамды, өрелі де өнерлі, қайратты да жігерлі ару қыздарымызға лайықты ықылас - ниеттерімізді білдіріп, бүгінгі сайысқа қатысатын қыздарымызды 1 таныстыру бөліміне ортаға шақырайық.

(Жүргізушілер аруларымызды атап таныстырады)

2 жүргізуші:

1 А сыныбынан

Қос бұрымы беліне төгілген

Біздің - Сағымжан Аружан инабатты тегінен.

1 жүргізуші:

1 Б сыныбынан Муслимова Кәусар

Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі

Кәусар біздің - әдепті де әдемі



2 жүргізуші: Санкевич Ольга

Ольганың күлкісі күн, тілі бал,

Ай секілді арайлап атар түрі бар.

1 жүргізуші:

2 А сыныбынан Сапар Нүргүл

Нүргүлдің да - ақылына көркі сай

Сайыста оған тең келер ару қай?

2 жүргізуші :

2 Б сыныбынан Киязова Дильназ

Ақ жүзінен күн сәулесі төгілген,

Дильназ біздің аспайды уақыт шегінен.



1 жүргізуші :

2 В сыныбынан Курманбай Исмира

Өнерімен таң қалдырған баршаны

Исмира біздің көрікті де, ажарлы.

2 жүргізуші:

2 Г сыныбынан Каппасова Дильназ

Қос бұрымы беліне төгілген

Біздің - Дильназдың инабатты тегінен



1 жүргізуші: 3 А сыныбынан Джумабекова Амина

Әминаның да - ақылына көркі сай

Сайыста оған тең келер ару қай?



2 жүргізуші: 3 Б сыныбынан Сабит Аршат

Аршаттың сұлу келбетіне,

Бар көрермен таңқалар.



1 жүргізуші:

3 В сыныбынан Турабекова Роза



Ер балалардың құттықтауы

1. В марте с первого числа,

Начинается весна.

Женский день 8 марта, Акат 3 В

Отмечает вся страна!

2.Сегодня цифра 8,

Любимей всех других, Рома 4 Б

Мы с праздником поздравляем,

Наших девочек дорогих!

3.На носу 8 Марта -

Праздник, что ни говори. Олег 9

Всех волнующая дата,

Праздник света и любви.

4. Да, мы поздравляем вас!

Весны вам голубой и нежной! Алаберген 4 Б

Счастливых дней и радостной мечты!

Пусть март подарит, хоть и снежный,

Свои улыбки и цветы!

1. Бүгін Наурыздың сегізі,

Сұлулықтың егізі. Нұрқанат 5 В

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі.

2. Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай. Нұрасыл 5 В

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

3. Жүре берсем қасымда,

Әйбат анам, әй анам.

«Ботам» деген даусыңнан, Айдос 4 А

Мен мәз болып оянам.

4. Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең Нұрасыл 4 А

Құтты болсын ұстаздарым

Қуанышты берекең.

6. Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Бізді ана қуантып Әли 4 А

Ұзақ өмір сүріңіз.



1 Таныстыру бөлімі бойыншв қыздарды ортаға өздерін таныстыруға шақырамыз.

Музыкалық номер: Ән: «Алло! Кім едіңіз?»

5 А сынып оқушысы Данабек Назерке мен 5 В сынып оқушысы Смағұл Нұрасыл орындайды.



2 жүргізуші:

Бөлендік сырлы әуенге сиқырлы,

Өмір жолы, білесің ғой, сан қилы,

Жүрегінде ән ойнаған жандардың

Алда әлі болашағы, сан жылы.

2-бөлім: «Күлше қыздың үй тапсырмасы»

Музыкалық номер: «Джентльмендер » биін қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші :

Ал, халайық, ықыласпен демейік,

Арулардың сән үлгісін көрейік.

Сыры менен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.

3-бөлім: «Сәнді киім үлгісі»



2 жүргізуші :

Өнер білім еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз.

4-бөлім: «Өз өнері» ( би немесе ән, пародия )



Марапаттау. Сыйлықтар табыс етіледі.

1 жүргізуші :

Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

Барымен шат -шадыман болыңыздар.

Қоштасайық келесі кездескенше,

Әрдайым сау - саламат болыңыздар!

2 жүргізуші: Құрметті: сүйікті достар, аяулы қатысушы арулар және әділқазы мүшесі сіздерге көп рахмет! Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Келесі кездескенше! Сау болыңыздар!





















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал