- Учителю
- Сыныптан тыс Құстар 2 сынып
Сыныптан тыс Құстар 2 сынып
Құстар-табиғат байлығы.
Тақырыбы: Құстар-табиғат байлығы
Мақсаты:А)Оқушыларға құстар жөнінде түсінік беру.Құстарға қамқор болуға аялауға
тәрбиелеу.
Ә) Халық қазынасы мақал-мәтел,жұмбақты,болжамдарды пайдалана білуге .
үйрету
Б) Отанын,жерін,табиғатын сүюге баулу,тәрбиелеу.
Түрі: Аралас,сыныптан тыс
Әдісі: Сұрақ,жауап іздену,сипаттау.
Көрнекілігі: Слайдтар,интерактивті тақта.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі кезең
1.Психологиялық дайындық.
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Селем бердік сіздерге.
Құрметпенен біз
2.Айналамыздағы қоршаған дүние туралы түсінік беру.(орман,тау,өзен,көл,ағаш,жан-жануар) (слайд көрсету.)
Айналадағы қоршаған дүние нешеге бөлінеді?
Табиғат
өлі табиғат тірі табиғат
Өлі және тірі табиғат туралы түсінгендерін айтады.
3.Табиғатты аялау міндетіміз.(слайд жіберіледі) су,тау,тас,адам,аң,құс,табиғатты сақтайтын құдіретті күш.
4.Құстар түрі (слайд)
Құстар нешеге бөлінеді
1.Үй құстары- Құс фермасы туралы айту.
2.Жабайы құстар.
Оқушылар үй құстары және жабайы құстар туралы айтады.
5.Толғаныс:(слайд)
Екі бірдей әріпті сызу арқылы құстың атын айт
У, т, у, қ, т, а, з,
Ж, ү, и, ж, р, е, к
Оқушылар парақтарына әріптерді жазады.Екі бірдей әріпті сызып сөзді шығарады.Қаз және үйректі екі оқушы сипаттайды.
6.Сөз кезегін жұмбақтарға берелік.
Тұмсығы қашау.
Кәсібі ұя жасау.
Ағашты қорғап.
Зиянкестерді асау. (тоқылдақ)
Ұзақ тектес кішкентай адал торғай,
Мұндай құсқа шүпірлеп дала торғай.
Құрт-құмырсқа,шіркейді қағар қоймай.
Бұл қандай құс. Кім айтады? (қара торғай)
Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сондай қарқылдақ. Бұл не? (қарға)
Жұмбақтарды шешіп болған соң,суреттер көрсетіледі.Құстар туралы болжам айту.
7.Сен білесің бе?
Құстар қалай дыбыстайды?
Бұлбұл қаңқылдайды
Қаз сайрайды
Әтеш шырылдайды
Торғай шақырады
Шымшық шықылықтайды
8. Ойлан тап!
Аққу, әтеш туралы сұрау,оқушыларпдың ойларын ортаға салу.
9. Дауысынан танимыз ба? (тоқылдақ,қарға,бұлбұл,үкі)
10.Қорытындылау:
Адамзатқа құс не береді?
1.Құс адамды аспанда қалықтау сезіміне бөлейді.
2.Құс адамға қуаныш сыйлайды.
3.Ән, қимыл-қозғалыс,шабыт арқылы келеді.
4.Бостандықты көзбе-көз көру,әсемділікті түсіну үшін құс адамға көп нәрсе береді.
5.Қуанышты сезіне білуге көмектеседі,қанаттандырып отырады.
6.Құссыз әлем қаңырап бос қалады.
11.Біздің міндетіміз-қанатты досымыз құстарды қорғау.
Құстарға қамқор болайық!