7


'Дені сау ұрпақ' сынып сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ.

Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету; зиянды заттар мен әдеттердің(ішімдік ішу, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау) ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту; денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Түрі: тренинг

Көрнекілігі: денсаулық жайлы мақал-мәтелдер, сюжетті суреттер, витамин, сағыз, тәтті сусын, чипсы және т.б.

Барысы: І. Кіріспе.

ІІ. Сергіту сәті.

ІІІ. . Жұмбақ шешу.

ІҮ Зиянды әдет - мың бір әдет

Ү.. Мақал-мәтел айту.

ҮІ. Рефлексия.

І. Кіріспе.

Мұғалім: - Құрметті оқушылар! «Денсаулық - зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық - табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға ұмтылады. Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ» аталуы тегін емес екенін енді түсінген боларсыңдар (мақсатына тоқталу). «Ас - адамның арқауы» дейді халқымыз, балалар, қалай ойлайсыңдар, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы бар ма?

- Ал, дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?

- Тамақты уақытында ішу;

- Ақ нанды мүмкіндігінше сирек жеу;

- Дастарханға тамақ ішерде ғана отыру;

- Тамақты асықпай әбден шайнап жеу;

- Тамақ мәзірі әртүрлі болуы керек;

- Суды мөлшерден тыс ішпеу керек.

- Қолды жууды ұмытпау керек.

- Жемістер мен көкөністерді жумай жемеу керек.

- Газды сусынның құрамына түрлі консерванттар, бояғыш пен ароматизаторлар - дәм беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар азқазан мен ішек жолына жағымсыз әсер етеді. Газды сусындағы көп мөлшердегі қант тіс құртының пайда болуына себепкер болады. Жәй тәтті газды сусын құрамында баланың ағзасына қажетті витаминдер не болмаса минералды заттар жоқ.

Мұғалім: - Ал қандай тамақ пайдалы?

Оқушы: - Құрамында минералды заттар мен витаминдері бар тамақ ағзаға пайдалы.

- Ал, витамин(дәрумен) дегеннің не екенін білесіздер ме?

- Витамин адам ағзасына қажетті зат, vito - өмір, amin - қажетті деген латын сөзінен тұрады. Егер витамин жетіспесе адам ауырып қалуы мүмкін.

- Витамин туралы бірненше оқушыға тапсырма берілген еді, соларды тыңдайық.

1-оқушы: - Балалар, дұрыс өсіп, жақсы көру үшін және тістерің мықты болсын десеңдер А витамині керек. Ол сәбізде, қызанақта, балық етінде кездеседі.

2-оқушы: - Сендер мықты болу үшін, болмашы жағдайға ренжіп көңілсіз жүрмеу үшін В витамині өте қажет. Оны күріштен, бұршақтан, сырмен наннан алуға болады.

3-оқушы: Егер суық тимесін десеңдер, үнемі сергек жүру үшін С витамині керек. С витамині қарақатта, итмұрында, лимон мен пиязда, болғар бұрышында, капустада, шиеде көп кездеседі.

- Дұрыс айтасыздар, көкөністер мен жеміс-жидек - пайдалы тамақ. Олардың құрамында иммунитетті нығайтатын, күшейтетін, көптеген аурулардың алдын алатын витаминдер бар.

ІІІ. Сергіту сәті.

- Әйгілі «Қаражорға» биін билейік. Би - қозғалыс. Қозғалыс - денсаулық. Денсаулық - зор байлық.

Би «Қара жорға»

ІҮ. Жұмбақ шешу.


1. Оны күткен адамдар

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар

Байлық осы деседі. (Денсаулық)

2. Бір-бірімен дос туыс,

Тау түбінде қос қуыс. (Мұрын)

3. Жарасы жоқ сыздайды,

Өртенеді, мұздайды. (Жүрек)

4. Ертемен күнде сен

Қолыңа сүйкесең.

Кетіп кір, ласың

Тап-таза боласың.

Бұл не? (Сабын)

5. Шомылған баланы

Аймалап алады:

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да.

Бұл не? (Сүлгі)

6. Сырты жаман, іші жын,

Абыройын түсіреді кісінің. (Арақ)

7. Түтін болып кіреді,

Күркіл болып жүреді. (Темекі)


Ү. Зиянды әдет - мың бір індет.

Мұғалім: - Арақ ішіп, темекі шеккен,

Денсаулық түбіне жеткен, - деген нақыл тегін айтылмаған. Маскүнем адамдардың қоғамға тигізер пайдасынан зияны асып кетеді. Олар адамдық бейнеден кетеді. Қоғамда белгілі орны жоқ. Тұрмыс жағдай, ой-өрісі төмен жандар. Өмірі қайғылы аяқталуы мүмкін. Осы зиянды заттар туралы не ойлайсыңдар?

Оқушы: - Спиртті ішімдіктер - адам ағзасын ірітіп-шірітетін заттар.

Оқушы: - Ішімдіктердің құрамында адамға зиянды улы заттар көп болады.

Оқушы: - Бір сөзбен айтқанда, ағзаны улайды, ең соңында ішімдікке салыну өлімге әкеледі.

Мұғалім: - Темекі түтіні тартып тұрған адам ғана емес айналасындағы адамдарға да кері әсер етеді. Темекі құрамындағы негізігі зат - никотин. Осы никотин жүйке жүйесіне, ас қорыту, сондай-ақ тыныс алу және қан тамырлар жүйесіне әсер ететін ерекше «У». Темекі шегу ақырын ғана өлімге жетелейді. Дүние жүзінде жыл сайын 3 млн адам темекі кесірінен қайтыс болады. Балалар арасында да үлкендерге еліктеп темекіге әуестенушілер өте көп. Темекі шегуге әуестенетін достарыңа не айтар едіңдер?

Оқушы: - Темекі шегу - халық арасына кең тараған зиянды әдет және ол адам ағзасын іштей жейтін құрт.

Оқушы: - Әрбір тартылған темекі тартушының өмірін сегіз минутқа қысқартады екен.

Оқушы: - Темекіде смола күйе деп аталатын жабысқақ зат болады. Күнделікті темекі тартатын адамның өкпесінде 1 жылда 1 литр смола жиналады екен.

Мұғалім: - Дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы. Сондықтан адам ағзасын улайтын әдеттерден аулақ болыңдар. Енді денсаулық жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік.

ҮІ. Мақал-мәтел айту.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал