- Учителю
- Ауыл Дүниетану 4 сынып
Ауыл Дүниетану 4 сынып
Әдебиетттік оқу. Қысқа мерзімді жоспар.
Сабақтың тақырыбы:
|
«Ауыл» | ||||
Мақсаты:
|
Мәтін мазмұнына сәйкес ауыл,туған жер,туған өлке туралы түсініктерін қалыптастыру. | ||||
Күтілетін нәтижелер:
|
А. Мәтін мазмұнын түсініп, ауыл туралы мәлімет біледі. В. Ауылдағы мәдени тұрмыстық құрылыстар және ауыл адамдарының еңбегі туралы сипаттама береді С. Мәтіндегі негізгі ойды аша отырып, тәрбиелік мәнін ұғынады. | ||||
Қажетті құрал-жабдықтар:
|
Видеоролик, интерактивті тақта,постер,фломастерлер,түрлі түсті стакан.
| ||||
Сабақ барысы: | |||||
Сабақ кезеңдері |
Уақыты |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті | ||
Кіріспе
|
6 мин |
«Мақал-мәтелдер» арқылы оқушыларды топқа бөлу. «Фасоль қапшығы» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ: Балалар біз алдыңғы тарауда нені қарастырдық? «Сұрағы бар қорап» әдісі бойынша тарауды бекіту сұрақтарын беру. |
Берілген сөздер арқылы Туған өлке,Туған жер туралы мақал құрастырады.
Оқушы ойланып «Мектеп» тарауын қарастырғандығы туралы және қораптағы стикердегі сұрақтарға жауап беру.
| ||
Тұсау кесер
|
2 мин |
Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге ашу. Сабақтын табыс критерилерін анықтау: 1) Мәтін мазмұнын түсініп, ауыл туралы мәлімет аламын; 2) Ауылдағы мәдени тұрмыстық құрылыстар және ауыл адамдарының еңбегі туралы сипаттама беремін 3) Мәтіндегі негізгі ойды аша отырып, тәрбиелік мәнін ұғынамын. |
Оқушылар өз ойларын айту. Жауаптарына қарай сабақтың мақсатын ашу. | ||
Негізгі бөлім:
|
3 мин
3 мин
6 мин
1 мин
10 мин
5 мин
1 мин
|
Видеоролик көрсету. Ойлануға түрткі сұрақтар: Бұл видеороликтен не көрдіңіз, қандай ой түйдіңіз?
Оқулықтағы тақырыпты 3 бөлікке бөліп оқып, «ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша талқылатуды ұйымдастыру.
Топтарға мынадай тапсырмаларды беру: 1.Көршіңе кедергі келтірмей іштей оқы. 2.Қолыңа қарандаш алып «түртіп алу» стратегиясын пайдалан. 3.Тек оқымай бөлік бойынша өзге топқа бір жуан,бір жіңішке сұрақ дайында.
«Джиксо» әдісі арқылы топ мүшелері өзге топтарға топтасып жаңадан құрылған топ мүшелері бір-біріне мәліметтерін айтады,түсіндіреді. Уақыт аяқталғасын өз орындарына келеді.
Топты бағалау кретериі: 1.Бөлікті түсіндіре білуі. 2.Өз сөзімен баяндауы. 3.Дауыс ырғағы.
Әрбір топтың түсіндіру дәрежесін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймыз. Қызыл - ештене түсінбедік. Сары - жеткіліксіз Жасыл - түсінікті
Топтарға постер дайындау тапсырмасы: 1топқа: Өзіңнің туған ауылыңның одан әрі көркейе тусуі үшін не істер едің? 2 топқа: «Менің туған ауылым» тақырыбына әңгіме құра. 3 топқа: Ауыл және қала тіршілігіндегі айырмашылық қандай?
«Галлерия» әдісі арқылы басқа топтардың жұмысын толықтыру,екі жұлдыз бір ұсыныс айту.
Үйге тапсырма: «Ауыл» тақырыбын оқу,түсінгенін айту, «Менің туған ауылым»эссе жазу,ғаламтордан,кітаптан,газет-журналдардан Қазақстанның өзге елді мекендерінің шаруашылықтары туралы біліп келу. |
Видеороликтен көрген көрінісі бойынша өз ойларын ортаға салу.
Оқушылар топтарда мәтіннің бөлігін оқып, бірге талқылау, өзге топқа түсіндіруге дайындалу,оқыған бөлігі бойынша жуан,жіңішке сұрақтар төңірегінде ойларын біріктіру.
Топтағы оқушылар сан ретімен өзге топқа барып танысқан бөлігі бойынша оқушыларға баяндайды,түсіндіреді.
Топтар бір-бірінің жауаптарын тыңдай отырып, олардың түсіндіру дәрежесін бағалайды.
Оқушылар берілген тапсырмаға байланысты бірлесіп постер құрастырады.
Дайындалған постерге басқа топ мүшелері ауысып келе отырып өз ұсыныстарымен толықтырады.
| ||
Қорытынды: |
3 мин |
|
Рефлексия. Бүгінгі сабақ бойынша өзіңді бағалау ағашының қай жерінде тұрмын деп ойлайсың? (қорша) Неге? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
| ||
Сабақтың өзіндік талдауы:
| |||||
Сабақ бойынша өзгертулер |
|