7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Тәуелсіздік тарихы-ел тарихы

Тәрбие сағаты Тәуелсіздік тарихы-ел тарихы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тарихы -ел тарихы»

Мақсаты:Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне ата- мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға дұрыс бағыт бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, суреттер, шарлар

Жоспар:1 Тарихи шолу

а)Тәуелсіздік жолында

ә)Желтоқсан жаңғырығы

2.Тәуелсіз Қазақстан

Мұғалім:16- желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымызды мемлекеттік гимнмен бастайық.

(Гимн орындалады)

Мұғалім: Тәуелсіздік, еркіндік ежелден ел тілегі.Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі.

Амина: -XV ғасырдың ортасында көшпелі Өзбек мемлекетінің құрамынан, яғни Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан қазақ тайпалары Керей мен Жәнібек сұлтандардың басқаруымен дербес қазақ хандығын құрды.

Хор:«Қазақстан»

Дархан:- Әйгілі Төле, Қазыбек,Әйтеке билердің ұйтқы болуымен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шашақұлы Жәнібек, Баян батыр, Көкжал Барақ секілді көптеген батырлар қазақ халқын қазақтың ханы- Абылай ханның ақ туының астына біріктіріп, жоңғар шапқыншылығынан толық азат етті.

Сабира:-Қазақ халқын аман алып қалу үшін осындай қысылтаяң кезде Әбілқайыр бастаған қазақ сұлтандары, билері мен бір топ батырлары Ресей империясының құрамына кіре бастады. Сөйтіп, қазақ халқы тәуелсіздігінен айырыла бастады.

Темірлан:

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.

Нашақор деп , ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Қақаған күннің ызғыры,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

Омондар бастан тепкен күн.

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір дауа

Ер қайрат қыршын кеткен күн.

Ән «Менің Қазақстаным»

Аяулым:- Қазақ халқының ең соңғы өліп тірілуі біздің халқымыздың қайғы қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. Адам жоғары оқу орындарынан 758 адам комсамолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді.

Ақниет:- Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға апаларысыз Қайрат, Ляззат, Ербол, Сәбира емес пе Ізгілік атаулыдан күдерін үзбей, бар сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі» артында қалды.

Камила: -Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға аналарымыз Қайрат, Ляззат,Ербол, Сәбира емес пе? Ізгілік атаулыдан күдерін үзіп, бар сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң жігі Қайраттың «Ақтық сөзі» артында қалды.

Бекарыс: Ақтық сөзің не? Деген

Бүгін қойды сот сұрақ

Айтайын оны халқымы,

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Қорлай да беріп қайтадан,

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы

Бөтен қолда кетпесін.

Салт санадан айырылып,

Арақтан адам азбасын,

Қызғаныштан тозбасын,

Қолдаушысыз болмасын,

Барлық ұлтпен тең болып,

Ешкімнен көңілің қалмасын.

Ендігі жерден басыңнан.

Бірлік пен бақ таймасын.

Осы айтылған ақтық сөз,

Туың болсын әрдайым.

Мойныма алып жаланы,

Мен болайын құрбаның.

Ән: «Солдат болам мен ертең»

Ботагөз:-Желтоқсан оқиғасы- XX ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені желтоқсан оқиғасы тек бүкіл тоталитарлық коммунистік жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай ақ ол бұрын бағынышты болып келген еөптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси әлеуметтік құбылыс болды.

Ғани:

Тәуелсіздік бабалардың ұраны

Бей уақытта бойға таққан ұраны.

Тәуелсіздік түнектерге тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

Амина:

Тура келіп тарихи бір орайға

Тәуелсіздік түсті деме оңайға.

Бастан өткен шұбырынды ақтабан,

Не көрмеді қазақ елі соны ойла.

Дархан:

Дербестігін аңсаған ел, ақ адал

Қанын төкті қанша батыр бабалар.

Осы жолдар құрбан болды емес пе

Халық жауы атанған көп бабалар.

Камила:

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым

Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік

Дербестікке кім сұрамақ басқа күн.

Ән «Қазағым менің»

Ақниет:

Кеше көрсек қол жетпейтін армандай,

Арзандатып бүгін сыйға алғандай,

Үлесіңе сенің тиді тер төгу,

Даңқың қалсын ұрпақ еске алғандай.- деп ақын жырлағандай қазір әрқайсымыз да тәуелсіздік бізге қандай қиыншылыұпен келгенін сезінуіміз керек.

Сабира:

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім Күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.

Мен қазақпын, биікпін ,байтақ елмін

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Мұғалім: - Ия, Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді,айта бергім деп ақын Жұбан Модағалиев атамыз жырлағандай, Тәуелсіздігімді жариялағаннан кейінгі аз уақытта еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Сол жетістіктерімізді атап өтейікші. Мыс:

1990 ж 25 қазанда Қазақ КСР інің егемендігі туралы Декларация қабылданды. Ары қарай, жалғастырып айтып көрейік.

Ботагөз:

1991ж 29 тамызда Семей полигоны жабылды.

Ғани:

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды.

Аяулым:

1992ж 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды.

Бекарыс:

1992 ж 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы қүштері құрылды. Сол жылы 4- маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.

Темірлан:

1991ж 1 желтоқсанда тұңғыш Президент сайланды. Ал сол жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Амина:

1992 ж 2 наурызда Қазақстан Респубьликасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды.

Дархан:

1992 ж 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Сол жылы маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.

Би «Қара жорға»

Ғани:

Қазақстан сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан бұл азат ел, танысыңдар.

Көк байрақты, елтаңбалы, әнұранды,

Қазақ елі егеменді ,сан ұлты бар.

Ән: «Қазағым менің»

Мұғалім:- Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтейік.

Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін.

Ашық тәрбие сағатымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш жігерін салған оқушылар, сіздерге рахмет.

Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымыз аяулы ұстаздар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, ілтипат ниеттеріңіз үшін сіздерге зор алғысымды білдіргім келеді. Осымен «Тәуелсіздік тарихы ел тарихы» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал