- Учителю
- Word. Үкі - киелі құс ғылыми жоба 13 бет
Word. Үкі - киелі құс ғылыми жоба 13 бет
Аннотация
Зерттеу мақсаты: Үкі туралы мәліметтер жинақтап, зерттеу жүргізу.
Гипотеза: Бұл жұмыс кезінде мен іздену, зерттеу, бақылау, тұжырымдау әдістерімен жұмыс жүргіздім.
Зерттеу бөлімі 3 бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде үкі құсы туралы, негізгі бөлімде үкі құсының ерекшелігі және қазақ халқының үкіге қатысты сенімі туралы, қорытынды бөлімде жеткен жетістігім мен ұсыныс-пікірлер қамтылды.
1.Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеті айқындалып, зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізілді.
2.Барлық материалдар тақырыпқа сай жинақталып, қорытынды пікір жазылды.
Зерттеу әдістемесі: Жұмысты баяндау, интернет желісі материалдарын пайдалану, жинақтау, саралау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеу жаңалығы: Жапалақтәріздестерден тек үкі ғана Қызыл кітапқа тіркелген.Үкі өсіретін отбасы бар екені анықталды.
Зерттеу нәтижесі: -
Қорытынды: Халқымызда үкі - ерекше құрметке бөленген құс. Қолда ұстап, қауырсынын қадірлеп, бас киімге, домбыраға, бесікке, үйге іліп қою дәстүрі бар.
Жұмыстың мазмұны:
1. Мақсаты:
Құстар класы, жапалақтәрізділер отрядына жататын киелі үкі құсының
сан алуан түрлері мен оның қасиеті туралы түсінік беріп,
насихаттау.
2. Міндеті:
Жапалақтәрізділер отрядына жататын үкі құсының түрі мен пайдасы
туралы түсінік беру;
Киелі саналатын үкі құсының ауылшаруашылықта алатын орны туралы
таныту
3. Ғылыми жұмыстың зерттеу жұмысының негізгі болжамы:
Үкі құсының қанатындағы бедер құранның құпиясы екенін және оны
қауырсындары мен үлпілдеген үкілерін, тырнағын пайдалану қазақи
ырымдарға негіз болады.
4. Ғылыми жұмыстың зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
Үкі құсының киелілігі мен ғажайып тұстары туралы жан - жақты
сипаттама беріледі.
5. Ғылыми жұмыстың зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау арқылы үкі құсын жан - жақты
зерттеп, ерекше жағына тоқталу жұмыстың теориялық мәні болып
табылады. Жұмыс барысында үкі құсының қауырсынын, аяқтарын
тұрмыстық жағдайда пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімдігі жұмыстың
практикалық мәні болып табылады.
2. Жұмыстың жоспары:
1. Кіріспе
Үкі құсының классификациясы
2. Негізгі бөлім
* Үкі - киелі құс
* Үкінің түрлері
* Үкіге қатысты сенімдер
* Үкі өсірген отбасы
3. Қорытынды
4. Ұсыныстар
5.Пайдаланылған әдебиеттер
Мақсатыма жетудегі әдіс - тәсілдерім:
*Сұрақ - жауап
*Талдау жинақтау
* Іздену
* Интернеттік желі
Кіріспе
Үкі едім түнде ұшып қалықтаған,
Құртудан зиянкесті жалықпаған.
Үкімді үлпілдеген киелі деп,
Бұрыннан - ақ адамдар тағып алған - деп үкі құсын өте киелі
санаған.
Үкі - жапалақтардың ішіндегі ең ірісі. Ол бізде
тундрадан басқа жердің барлығында да кездеседі. Ұяларын жерге,
жартастарға, кейде ағаштарға салады. Ұяларында 2 - 3 жұмыртқа
болады. Осы ғылыми жобамның кіріспе бөлімінде үкі құсының
классификациясына тоқталуды жөн көрдім.
Типі: омыртқалылар Класс: жапалақтәрізділер Тұқымдас: жапалақтар
Туыс: жапалақтар
Түр: Үкі
Үкі - қыртөстілер - баяу қозғалатын - түнде жемін аулайтын жыртқыш - жыл құсы. Орманды, даланы, таулы жерді мекендейді. Ұясын жартасқа, жыраға, жасырын жерлерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене тұрқына қарай 2 - 12 жұмыртқа салады. Жұмыртқасын аналығы басады. Үкінің иіс сезу мүшесі нашар дамыған. Есесіне көру мүшесі мен есту мүшесі жақсы дамыған. Сондықтан олар жемін түнде аулайды. Ұшуға бейімделгендіктен үкіде қуық болмайды. Зәр шығару мүшесі жамбас қуысында орналасқан қызыл түсті екі бүйрегі. Зәр қышқылы екі несеп ағар түтігі клоакаға жалғасады. Қорегін ұзын саусақты табанымен қармап ұстайды.
Құлақ қуысының алдыңғы жағында дыбыс толқындарын
күшейтетін тері қатпарлары бар. Үкінің жемсауы болмайды. Үкінің
үлкен және кіші қан айналым шеңбері бар. Жүрегі 4 бөлікте 2
құлақша, 2 қарыншадан тұрады.
Үкі - отырықшы құс.
Себебі ол жыл маусымдарына және қорегіне байланысты Орта Азияда қыста - құстармен, Оңтүстікте жазда - кемірушілермен, қосаяқтармен қоректенеді. Жапалақтәрізділер отрядының 135 түрі бар. Оның 12 - сі Қазақстанда мекендейді. Жапалақтәрізділердің ішінде тек ғана үкі «Қызыл кітапқа» енгізілген. Үкінің балапаны қызылшақа болады. Бұндай балапанның құлағы жұмулы, құлақ тесігі жабық, денесінде мамығы жоқ, ата - анананың қамқорлығына зәру болады. Үкі балапанын 30 - 35 күнде шығарады. Үкінің қауырсынындағы елібтері жауын - шашынды және жел - құзды өткізбейді. Үкі 68 жыл өмір сүреді.
Негізгі бөлім
Үкі - киелі құс. Үкі түнде көретін құс. Себебі қараңғыда көру
ерекшелігін қазақ халқы ерекше ұлылыққа бағамдаса керек. сондықтан
қаралықтан, жамандықтан сақтайды деп қарайды десек алыс кетпеспіз.
үкінің үлпілдек жүнінен алып, үлпілдетін балалардың тақиясына,
иығына, әйел кісілер кимешегіне, үйде ылулы түскиізге, шымылдыққа,
жүрирік аттың жалына, құдаға алып баратын айыппен, үкі жолындағы
баратын жылқының кекіліне, қоржын аузына тағады.
Үкінің денесіндегі және қанатындағы бедерлер
құранның
құпиясы жазылған нұсқасы делінген.
Үкінің үлпілдеген жүнін баланың бесігіне жын -
перілерден қорғасын деп таққан. Қыздардың сәукелесіне бақыт әкеледі
деген сеніммен салса, домбыраға, әншілердің сәукелесіне табыс
әкелсін деген ниетпен таққан.
Үкі - білімнің, кітапқұмарлықтың, даналықтың,тапқырлықтың символы
саналған.
ҮКІ - негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2 - 12 - ге дейін жұмыртқа басады. Қоян, тышқан секілді кемірушілерді аулап пайда келтіреді. Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін түр. Еуразияда, сондай - ақ Қазақстанда кең тараған. Шөлді, далалы, таулы орманды жерлерді мекендейді. Санының қанша екені белгісіз, бірақ, көпшілік жерлерде сирек. Санын шектеуші себептер: электр сымдарында және уланған жемді жеп өлгенінен басқа, қауырсынынан ұлттық әшекейлер мен бой тұмарлар жасау үшін ұядағы балапандарын алудың да кері әсері үлкен. Сондықтан оны қорғаудың тағы бір жолы - оның қауырсынын пайдалану үшін қолдан өсіру керек. Үкіні қазақ халқы қасиетті құс санайды. Оның қауырсынындағы бедер, құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген.
Үкі - ежелгі грек құдайларының бірі Афинаның атрибуты болумен қатар, даналықтың да нышаны. Қара түнді қақ жаратын өткір жанарының арқасында ол бір орнында тапжылмай отырып та, көзге түртсе көргісіз қою қараңғылық құшағында жүйткіген аңнан жорғалаған тышқанға дейін қалт жібермейтін қырағы. Дыбыс шығармай ұшатынына, жанып тұратын көздеріне, кенеттен пайда болатынына қарап, осы бір құсты ажалмен байланыстыратын да көзқарас бар. Мәселен, ежелгі Египетте, Үндістанда, Қытай мен Жапонияда үкі «өлім құсы» саналған. Үнділердің сенімі бойынша, үкі - түн патшасы, әрі қайтыс болғандардың жанын о дүниенің табалдырығына дейін шығарып салушы. Одан ертеректе ол қараңғылықтан, қара күштерден қорықпай, көпшілік үшін құпия саналатын сырлардың кілті саналған. Ал үкінің бүгінгідей даналық, тереңдік, кітапқұмарлық символы саналуы Афина аңыз - әпсаналарынан бастау алады. Қазақта үкінің қауырсыны пәле - жаладан сақтайды деген сенім бар.
Үкінің жүні қазақтың ескі салты бойынша әсемдіктің белгісі деп саналған. Сонымен бірге үкіні қасиетті деп те білген. Мысалы, ерте кезде бақсы, молдалар, хан тұқымдары, атақты батыр, ақын, салдар үкі тағып жүрген. Ұзатылар қызға, қайнына баратын күйеуге, алғаш отау болғанда шымылдыққа үкі қадау ғұрпының бір жоралғысы осыдан қалса керек. Осыдан келіп жүнделетін бір үкі бір аттың құнымен бағаланған. Үкіні ұлпа және қара қасқа үкі деп екі түрге ажыратады. Үкінің балақ жүнін - ұлпа, ал бауыр жүнін - қара қасқа үкі деген. Қара қасқа үкіні көбінесе ерлер қадаған. Сәукеле, тақия, бөрік сияқты қыз - келіншектер дүниесіне көбінесе ұлпа (балақ жүн) үкісі қадалған. Ақ үкінің жүнін түрлі түсті етіп бояп та пайдаланған. Мұндайда бояуға қазының майын қосқан. Үкіні аулап ұстап, балақ жүні мен бауыр төсінің жүнін алып, өзін жемге тойғызып қоя беретін. Мұны «үкі жүндеу» деп атайды. Үкі жүндеген ауылдан олжа алу салты да болған.
Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы ала аласыз!