- Учителю
- Қазақ тілі ашық сабақ Одағай сөздер
Қазақ тілі ашық сабақ Одағай сөздер
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Одағай сөздер.
Сабақтың мақсаты: Одағай сөздер туралы түсінік беру. Олардың қазақ
тілінде қолданылу ерекшелігін ұғындыру. Шығармаларда одағайларды
табуға жаттықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кестелер, сөзжұмбақтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.46-жаттығу.
IV.Өткен сабақты қайталау.
-Шылау дегеніміз не?
-Қандай шылауларды білеміз?
- Шылаудың қандай ерекшелігі бар?
-- Шылау мен шылау тұлғалас сөздер қалай жазылады екен?
-Шылау сөздерге сөйлем құра.
IV.Жаңа сабақ. Сөзжұмбақ шешу «Одағай»
1. Орман емшісі (тоқылдақ)
2. Әдемі құс (дуадақ)
3. Ол қарқылдайды (қарға)
4. Су құсы (шағала)
5. Жүйрік құс (сұңқар)
6. Бау - бақшаны қорғайды (торғай)
Көркем жазу
Алақай, жыл құстары келді!
Жыл құстарымен таныстыру (қарлығаш, лейлек, тырна, аққу)
Одағай сөзі шықты.
-Бұрын одағай деген сөзді естідіңдер ме?
- Бүгінгі өтетін тақырыбыз: «Одағай» деп аталады.
- Одағай сөз дегеніміз - адамның әр алуан көңіл күйін білдіреді, басқа сөздермен байланысқа түспейді, сөйлем мүшесі болмайды. Одағайларға қатысты тыныс белгілеріне, дауыс ырғағына назар аудару керек. О-һо! Міне, қызық! Одағайдың түрлері бар. Түрлерінің өзі қызық! Одағай сөзін буынға бөлейікші!
- О-да-ғай.
- Неше буын бар?
- 3 буын бар.
- Қызықтың өзі осында. Одағай сөзінде қанша буын болса, сонша түрі болады. Бірінші түрі, ол - Көңіл күй одағайлары деп аталады. Көңіл күй одағайлары қандай мағынаны білдіруі мүмкін?
- Қуану, шаттану, таңдану, жылау,армандау, өкіну, ренжу, т.б.
- Ал екінші түрі - Шақыру одағайлары деп аталады.Шақыру одағайлары нені білдіруі мүмкін. Кімнің қандай ойы бар?
- Білімге шақыру, мектепке шақыру, төлді шақыру.
- Керемет! Ойларың керемет екен. Шақыру одағайлары - ол ит, құс, малды шақыру, мысалы: моһ-моһ, шөре-шөре, кә-кә, т.б. және оларды қуумен байланысты: пырс, ара.
- Үшінші түрі ол - Жекіру одағайлары. Ол - тыйым салу мағынасын білдіреді. Мысалы: тәйт, жә.
Одағайлардың тыныс белгілері
Қосарланған одағайлар дефис арқылы жазылады.Мысалы: шөре-шөре, пай-пай.
Одағайлар сөйлем мүшесінен үтір немесе леп белгісімен бөлінеді.
Мысалы: Алақай, алақай! Атам ауылдан келді!
Одағайлар сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.
Мысалы: Пай-пай, ауылдың кереметін-ай!
Одағайлар сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.
Мысалы: Сөйлей беріп, түу, басымды ауырттың.
Одағайлар сөйлемнің соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады.
Мысалы: Даусың қандай тамаша, пай-пай!
</
V. Оқулықпен жұмыс.
«Кел, оқиық!» 1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған
сөздерді талдау. Ережемен таныстыру. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін
жазу. Көркем жазу. Алақай, жыл құстары келді!
Жыл құстарымен таныстыру (қарлығаш, лейлек, тырна, аққу) Пай - пай,
мына аттың жүйрігін - ай! Бәрекелді, келгендерің жақсы болды!
Алақай, алақай, ауылдан әжем келді! Апырай, ата қонысым еді!
(Қарамен жазылған сөздердің мағынасына, тыныс белгісіне назар
аудар)
2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, одағайларды табу.
Шіркін, мына атқа мінер ме еді! Бәрекелді, Сүйіндік аға, оныңыз
жақсы ақыл. Әттеген - ай, көре алмай қалдым - ау! Е, тәйір,
күзектің шөбі бітуші ме еді? Түу, қандай тымырсық түн!
(Одағайлардың мағынасын түсіндір)
Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
3-жаттығу.Өзіндік жұмыс.
Па, шіркін, әттең, ойпырай. (Берілген одағайларды қатыстырып сөйлем
құрап жаз)4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті одағайды қойып,
сөйлемдерді көшіріп жазу.1. ..., емтиханнан бес алдым! 2. ...,
сенің жайбасарлығыңнан қалып койдық! 3. ..., киноактер болсам! 4.
..., сен қашан, келдің?
5-жаттығу. Сөйлемдерді одағай сөзі бар сөйлемге айналдырып
жаз.
6-жаттығу.Жаңылтпашты оқып, жатқа айт.7-жаттығу.Ребус шешу.
Шешуіндегі сөзді шылаулармен салыстырып, бір - бірінен
айырмашылығын айт.
ҮІ. Бекіту.
8-жаттығу. Шығармашылық тапсырма.
Одағайды тауып мағынасын түсіндір.
.