- Учителю
- Ашық сабақ '8 - ге көбейту және бөлу кестесі'
Ашық сабақ '8 - ге көбейту және бөлу кестесі'
Сабақтыңтақырыбы: 8-ге көбейту және бөлу кестесі
Сабақтыңмақсаты: Оқушыларды 8-ге көбейтужәнебөлукестесіментаныстыру
Білімділік: 8-ге көбейту және бөлу кестесін меңгерту
Дамытушылық:Тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын арттырып, математикалық ой - өрісін кеңейту
Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтыңтүрі:Саяхатсабақ. Жаңа білімді меңгерту
Сабақтыңәдістері: топтастыру, іздендіру, түсіндіру, салыстыру, сәйкестендіру, сұрақ-жауап, бекіту.
Сабақтыңкөрнекілігі:Бекеттер, поезд, сызба, көбейту мен бөлу кестелері, билеттер
Сабақтыңбарысы:
І. Ұйымдастырукезеңі
М: балалар, қазір қандай сабақ?
О:
М: Математика сабағында «математика еліне» саяхатқа шықсақ қалай қарайсыңдар?
О: Шығайық
М: Жолда бізге көптеген тапсырмалар мен есептер кездеседі. Ал сендер оларды орындауға дайынсыңдар ма?
О: Дайынбыз.
М: Жақсы, ендеше саяхатқа немен шығамыз деп ойлайсыңдар?
О: Поезбен
М: Тәуелсіздігімізге 23 жыл толуына орай еліміздің қалаларын аралаған «Тәуелсіздік поезды» бүгінгі біздің саяхатқа баратын көлігіміз. Көлік сапарға дайын.
- Бірақ поезге міну үшін біздерге не қажет?
О: Билет қажет
М: Олай болса, билет алып билеттерде берілген өрнектердің мәнін табу арқылы өз вагондарымызға орналасайық (Өрнектердің мәні бойынша вагондарға бөлініп отырады)
1-вагон ------------ 2-вагон ----------- 3-вагон ---------- 4-вагон
12: 12= 1 ---------- 2*1=2 ------------ 9: 3 =3 ------------- 4*1=4
6: 6 =1 ------------ 10: 5=2 ------------ 12: 4=3 ------------ 16: 4=4
15: 15=1 --------- 8: 4=2 ------------- 15: 5=3 ------------- 20: 5=4
40: 40=1 --------- 14: 7=2 ----------- 18: 6 =3 ------------- 24: 6=4
М: Жолаушы, азаматтар. Теренөзек бекетінен «Тәуелсіздік поезды» қозғалғалы тұр., сақ болыңыздар!
Кел,балалар, ойнайық.
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай есеп болса да.
Шешпей оны қоймайық.
Алға қарай самғайық,
Екілікті алмайық.
Поезд жүріп келесі бекетке келу.
Жаңасабақ
М: Балалар, біз 8-ге көбейту бекетінде, 8-ге көбейту кестесімен танысамыз.
Дәптерімізді ашып 8 цифрын көркем етіп жазайық. Біз бұрынғы өтілген сабақтардан
8*1=8 ---------- 8*4 =32 --------- 8*7=56 екенін білеміз
8*2 =16 -------- 8*5=40 -------- ал бүгін сендермен
8*3=24 --------- 8*6=48 ---------- 8*8 =? Болатынын меңгереміз.
8*8 дегеніміз 8-ді өзіне-өзін 8 рет қосу дегеніміз. Олай болса 8+8+8+8+8+8+8+8
Теңдіктің екі жағы тең оңжағында көбейтінді, сол жағында қосынды. Өткен сабақта 8 діөзіне-өзін 7 рет қосқанда 56 шықты. Енді оғантағы 8 бірлікті қоссақ қанша болады? 56+8 =64 8 өзіне-өзін 8 ретқосқанда 64 болады. Қосылғыштардыкөбейтіндіменалмастырамыз. Демек 8*8 =64
8*9= 8+8+8+8+8+8+8+8+8 олдегеніміз 64+8=72 демек 8*9=72
Көбейткіштердің орын алмастырып 9*8 деп жазуға да болады. Өйткені, бұл көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
Сонымен 8*8 ,8*9, 9*8, 8-ге көбейту бекетінде 8-ге көбейту кестесімен таныстық, енді келесі бекетке жылжып көрелік. Поезд қозғалып келесі бекетке келеді.
М: балалар, біздер 8-ге бөлу бекетіне келдік. Бұл бекетте 8-ге бөлу кестесімен танысамыз. Бөлу көбейтумен тікелей байланысты. Өйткені, бөлу көбейтуге кері амал.
64: 8 =8 себебі 8*8=64
72: 8=9 себебі 9*8=72
Сонымен 64: 8=8 72: 8=9
8-ге бөлу бекетінде біз 8-ге бөлу кестесімен таныстық. Поезд жүргелі тұрсақ болайық! Жолаушы азаматтар «Тәуелсіздік поезды» 4 белгісіз санды табу бекетіне келіп тоқтады.
Белгісіз сандар табылды. Белгісіз санды табу бекеті алғыс айтуда. «Тәуелсіздік поезды» математика әлеміне саяхатты жалғастыруда.
Поезд қозғалады келесі бекетке келеді. Поезд шығармашылық бекетке келіп тоқтады.
1 - вагонға --------- 2-вагонға -------- 3-вагонға -------- 4-вагонға
24 =?*? -------------- 12=? *? --------- 18=? *? ----------- 48=?*-------?
Вагондарға берілген сандарды біртаңбалы екі санның көбейтіндісі түрінде жазу беріледі.
(Оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы бірнеше нұсқасын орындайды). Бір оқушы тақтаға жазып түсіндіреді.
Сергіту сәті:
Қимылдауды жақсы көреміз
Жаттығуды жасайық.
(музыка ойнап тұрады оқушылар би қимылдарын жасайды)
Поезд 1-ші жолдан қозғалғалы тұрсақ болыңыздар! Тәуелсіздік поезды теңсіздік құру бекетіне келді. Бұл бекетте өрнектерден тура теңсіздіктер құрастыруымыз керек. (4 вагоннан 4-бала шығып 4 тура теңсіздік құрастырады)
1) 40: 8 6: 2
2) 29+9: 3 > 30: 5
4) 40: 8 < 70-8*8
Поезд қозғалып келесі бекетке тоқтайды. Поезымыз салыстыру бекетіне келіп тоқтады. Бұл бекетте өрнектерді салыстырамыз.
7×8*60
40: 5* 4×3
32: 8* 16: 4
Өрнектерді оқушылар тақтаға шығып отырған жауаптары арқылы тексереді.
Поезд тағы да жолғашықты. Поездымыз тік төртбұрыш сызу бекетіне келді. Бұл бекетте тіктөртбұрыш сызып оның ауданын табамыз. Бұл тапсырманы әроқушы өзбетінше орындайды. (бірін-бірітексереді)
Тіктөртбұрыш
А=8 см
В=2см
S=см2
Ш: S=8 см*2см=16 см2
Ж: 16 см2
Поезд есеп шығару бекетіне келіп тоқтады. Есептіоқыту, талдау, шартын құру, шығару.
Апельсин 8кг-нан 5 ж
Лимон - 9 кг-нан 9 ж ? кг артық
Шешуі: 9*9-8*5 =41 кг артық
Поезд сәйкестендіру бекетіне келіп тоқтады. Бұл бекетте көбейтінді мен көбейтіндінің мәнін сызба бойынша сызып сәйкестендіреміз.
6*8 16
8*5 32
8*4 9
32: 8 40
8*8 3
24: 8 48
72: 8 64
2*84
Тәуелсіздік поездымен математика елінің бекеттерін аралап тапсырмаларын орындап есептерін шығардық. Енді әр бекеттен алған әсерлерімізді жинақтайық.
1-бекеттен Іргетасы берік қаланған елді көрдік. Олардан іргетас әкелдік.
2-бекеттен Төрт құбыласы тең елді көріп, олардан төрт қабырғасын алдық
3-бекеттен Басқа елдермен терезесі тең елді көріп, олардан терезелерін әкелдік.
4-бекеттен Есігі ашық қонақжай елді көріп, олардан есік алдық
5-бекеттен Төбеміз көкке жетіп тең болдық, олардан үйдің төбесін алдық
6-бекеттен Түтіні түзу берекелі елді көрдік. Олардан түтінімізді шығардық
7-бекеттен Жайқалған жасыл елді көріп, ағаш ектік.
8-бекетте Білімді балаларды көрдік.
9-бекетте Аспан ашық бейбітшілік елді көрдік
10-бекетте Жарқыраған күнді көрдік.
Сонымен әр бекеттен жинаған әсерімізді жинақтай отырып өзімізге үй
құрастырдық.
Оқушыларды бағалайық.
Ойланайық бірмезет
Бақылайық, байқайық
Есептерді шығарып
Жауапберген балаға
Күншуағын сыйлайық! -деп оқушыларды күн шуақтары арқылы бағалау.
Күлімдеген күн-5
Ашуланған күн-4
Жылаған күн-3 деген баға екенін айтып, үйге тапсырма берейік
Үйгетапсырма беру
үйге 8-ге көбейту және бөлу кестесін жаттау.