- Учителю
- Өрнек 10-а 1 В сынып
Өрнек 10-а 1 В сынып
Сабақтың тақырыбы: Өрнек 10-а
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды 10-а өрнегінің мәнін табу жолымен таныстыру. 10-нан бір таңбалы сандарды азайту тәсілдерін қайталау. 2. Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттырып, олардың білім және білік дағдыларын дамыту. Ой - өрісін кеңейту, таным қабілеттерін арттыру. 3. Алдарына қойған мақсаттарына жетілдіру және ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа ізденімпаздыққа өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.
Көрнекілігі: Кесте, кеспе цифрлар, сурет.
Сабақтың жүрісі:
-
Ұйымдастыру
-
Үй тапсырмасын сұрау.
-
Математикада белгісіз санды немен белгілейді?
-
Мұндай өрнектерді қандай өрнектер дейді а+9, а-9? 9 санының құрамын сұрау.
-
Негізгі бөлім.
0-ден 10-ға тура және кері санау. Бір таңбалы сандарды сұрау.
10-неше таңбалы сан.
-
Ал екі қолымызда неше саусақ бар?
-
Олай болса біз бүгінгі сабағымызда осы екі таңбалы саннан бір таңбалы сандарды азайтуды әрі қарай үйренеміз, яғни 10-а өрнегі.
Үш топқа бөлу.
I топ. Халық банкі
II топ. Альянс банкі
III топ. Нұр банкі
-
а+1 сандарының қосындысын жазу.
0+1=1 2+1=3 4+1=5 6+1=7 8+1=9
1+1=2 3+1=4 3+3=6 7+1=8 9+1=10
Ең үлкен 10 ең кіші
9+1=10 0+1=1
Сергіту сәті.
Мына қолда бес аусақ,
Мына қолда бес саусақ,
Екі қолды қосқанда
Болады сонда он саусақ.
-
Аулада 6 қарағай және 4 қайың өсіп тұр. Аулада неше ағаш өсіп тұр?
6+4, 6-4?
Шешуі: 6+4=10
Жауабы: 10 ағаш.
Аулада 6 қарағай және 4 қайың өсіп тұр. Қарағайдың қайыңнан нешеуі артық?
Шешуі: 6-4=2
Жауабы: 2-еуі
-
Сандардың құрамын көрсет.
</<font face="Times New Roman, serif">
Шығармашылық тапсырма
5-3 3+3
3+2 2+1 6
6-3 6+2
Логикалық есеп
I - топ. 5 жұмыртқа 5 минутта піседі. 1 жұмыртқаны пісіру үшін неше минут керек?
II - топ.
Бір ағашта бес бұтақ
Әр бұтақта 1 алма
Біреуін бер Маратқа
Қалды сонда неше алма?
III - топ.
Шығармақ кеше есеп,
Жинағанда 5 есек.
Үшеуі ұйықтап отырды
Ынталысы неше есек
Қорытынды.
Бағалау.
Үйге
Сабақтың тақырыбв: Әбу Сәрсенбаев. Сәулелі жұлдыз іздеген адам.
Сабақтың мақсаты:
-
Жазушы Әбу Сәрсенбаев туралы мағлұмат беру. Жазушының Сәулелі жұлдыз іздеген адам туралы мәтінін мәнерлеп оқып мазмұнын түсіндіру. Мәтінді оқыта отырып ең алғашқы ұстаздың ұлылығын, кемеңгерлігін, даналығын дәріптей білуге үйрету.
-
Оқушылардың ой - өрісін дамытып, ауызша сөйлеу дағдыларын арттыру, сөздік қорын молайту, жазба тілдерін жетілдіру.
-
Адамгершілік, белсенділікке, ақылдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Мәтінге байланысты сурет. Әбу Сәрсенбаев пен Ыбырай Алтынсаринің суреті.
Сабақтың жүрісі:
-
Ұйымдастыру.
- Балалар қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік.
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім.
Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - данам тілім - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім.
-
Міне балалар сендер әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабағымызды Диқан Әбілевтің бір шумақ өлеңімен аштыңдар.
II Үй тапсырмасын сұрау.
«Бәйге» ойыны арқылы тексеру.
30 - 40 - 20
20 - 50 - 30
10 - 60 - 10
-
Ортадағы - 60.
Бөгенбай қайда және кімнің үйінде дүниеге келді?
-
Сол жақтағы - 30
Бөгенбай бітім туралы қай елге елшілікке барды?
-
Оң жақтағы - 20.
Қаракесек биі Абылай ханға не айтты?
-
Оң жақтағы - 30.
Тәтіқара жырау Бөгенбайға қандай мінездеме береді?
-
Ортадағы - 40.
Қазақ тарихында Қанжығалы Бөгенбай туралы нелер шығарылды?
-
Сол жақтағы - 10.
Бөгенбай батыр дүниеден өткенде Бұхар жырау қандай жоқтау айтқан?
-
Ортадағы - 50.
Бұхар жырау қазақ батырлары туралы қандай өлең шығарды?
-
Сол жақтағы - 20.
«Қысылшаң уақыт» тіркесіндегі қысылшаң сөзінің мағынасын айт.
-
Оң жақтағы - 10.
Мәтін не үшін «Қанжығалы Бөгенбай» деп аталған?
Үй тапсырмасын қорытындылау.
III - Негізгі бөлім.
-
Балалар біз бүгін жазушы Әбу Сәрсенбаевтың «Сәулелі Жұлдыз іздеген адам» атты шығармасымен оқып танысамыз.
Әдебиетіміздің ақсақалы теңіз жыршысы Әбу Сәрсенбаев Атырау облысы Теңіз ауданында 1905 жылы дүниеге келген. Жазушы әдебиетке 1930 жылдардың ортасында келеді. Оның «Туған өлке», «Отан таңы» т.б. өлеңдер жинақтары, «Толқында туғандар», «Теңіз әуендері» романдары бар. Сонымен қатар Әбу Сәрсенбаев бастауыш сыныптарға «Ана тілі» оқулығын және басқа да оқу құралдарын жазған. Әбу Сәрсенбаев 1997 жылы қайтыс болған.
-
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді мәнерлеп оқып беріп, мазмұнын түсіндіру.
-
Ал, енді балалар осы мәтінде кім туралы айтылған екен?
-
Ыбырай атамызды не үшін «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» деп атаған.
-
Дәптермен жұмыс.
Инспектор-
Торғай уезі - Торғай облысы (қазіргі Қостанай облысы)
Орынбор - қазіргі Ресей мемлекетінің қарамағындағы Оренбург қаласы.
Сергіту.
Топтық жұмыс.
-
Балалар Ыбырай атамыз ақын әрі ұстаз болғанын сендер білесіңдер.
-
Енді сендер үш топқа бөлініп.
I - топ. Ыбырай Алтынсариннің өлеңінен 1-2 шумақтан оқиды.
II - топ. Оқу,білім, ұстаз туралы мақал - мәтел айтады.
III - топ. Ұстаз туралы мәтін құрастырып жазады.
-
Сабақты қорытындылау.
Сөзжұмбақ шешу.
-
Мәтінде кім туралы жазылған?
-
Мәтіннің авторы кім?
-
Әбу Сәрсенбаев қай облыста туған?
-
Мәтінде балалар Ыбырайды кім келді дейді?
-
Әбу Сәрсенбаев қандай оқклық жазған?
-
Қазақ балалары үшін ең алғашқы мектеп қай облыста ашылған?
Топтастыру.
жазушы
ұстаз ақын
инспектор ғалым
ағартушы
-
Бекіту
Бағалау.
Үйге тапсырма: Оқып мазмұнын түсіну
Сабақтың тақырыбы: 6 - ға көбейту және бөлу.
Сабақтың мақсаты:
-
Санды 6 - ға көбейту және бөлудің тиімді әдістерін қолдану арқылы сабақты меңгерту.
-
Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
-
Өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізуге үйрету. Сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Көрнекілі:
-
6 - ның көбейту.,
-
Кесте, суреттер.
-
Желтоқсан - жеңіс, Желтоқсан - ұлы жаңалық ұраны
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. (Дәптер ауысьтыру)
-
Үй тапсырман тексеру.
№6.
15:4=3(3 қал) 8:3=2 (2 қал)
27:4=6 (3 қал) 20:3=6 (2 қал)
63:4=15 (3 қал) 32:3=12 (2 қал(
35:4=8 (3 қал) 35:3=11 (2 қал)
-
Негізгі бөлім.
-
Балалар біз бүгін 6 санын көбейту мен бөлудің кестесімен танысамыз.
-
Балалар осы 6 санына байланысты біздің Қазақстан Республикасында қай дылы, қай айда, қандай оқиға болды? Осы оқиғаға кімдер қатысты?
-
1986 жылы 16 желтоқсанда «Желтоқсан оқиғасы» болды.
-
Ия, дұрыс айтасыңдар.
-
Бұл оқиғаны біз ешқашан ұмытпаймыз.
-
Ал, балалар біз енді осы 6 санын көбейту кестеден қарайық.