7


Урок казахский язык 4 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ                                                                                                                         Қазақ тілі  Ашық сабақ Тақырыбы:Да (де) , та (те) шылаулары        Өткізген 4 «А» сынып жетекшісі:Нұрғаламова
предварительный просмотр материала



ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ





Қазақ тілі


Ашық сабақ


Тақырыбы:Да (де) , та (те) шылаулары









Өткізген 4 «А» сынып жетекшісі:

Нұрғаламова Г.А.







Астана -2014


Сабақтың тақырыбы: Да (де) , та (те) шылаулары

Сабақтың мақсаты:

  1. Да (де), та (те) шылаулары жатыс септік жалғауларына ұқсас келетіндігі, бұл шылаулардың бөлек жазылатындығы және өзі тіркескен сөзге күшейткіш үстеме мағына үстеп тұратындығын түсіндіру.

  2. Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындату арқылы да, де, та, те шылауларын шылау тұлғалас қосымшалардан ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, деңгейлік тапсырмаларды орындау, өзара білімдерін тексеру қабілеттерін арттыру.

  3. Сабақ барысында еңбекқорлыққа, шығармашылық жұмыс істеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдіс- тәсілі: сұрақ жауап, кітаппен жұмыс, түсіндіру , иллюстрация- демонстрация, әңгімелеу, баяндау

Сабақтың көрнекілігі: слайд, сурет, деңгейлік тапсырма, проектор

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ. Психологиялық икем


Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Жаңа білім алуға,

Алға қадам аттаймыз!

Жарқын күн, жарқын күн!

Біз сені сүйеміз!

Біз сенен сұраймыз!

Бер бізге жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын.

Бер бізге жарқын күн,

Денсаулық, ізгілік.


ІІІ. Өткенді пысықтау

А)Үй тапсырмаларын тексеру осы жаттығуға байланысты

Шылау және мен ( бен, пен), және шылау туралы ережелерді еске түсіру.

Б) сурет арқылы сөз бен сөзді байланыстыратын шылауларды пайдаланып мысал құрастыру, қорытындылау.




ІV. Жаңа сабақ

Кестемен жұмыс

Орманда өсімдіктердің алуан түрі өседі.

Нүргүлде М.Әуезовтың шығармалар жинағы бар.

Аңшының көзі ақсандай басып бара жатқан елікте болды.

Көктем шыға орман да шуға толды.

Биыл Асылбекова Нүргүл де педагогикалық практикадан өтті.

Хайуанаттар бағында елік те бар.

І.

А) Бірінші бағандағы сөйлемдерді оқыңдар, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратыңдар.

Б) Қарамен жазылған сөздер туралы не айтасыңдар?

Олар жатыс септігінің жалғауы.

ІІ.

А) Екінші бағандағы сөйлемдерді оқыңдар, ешқандай мағынасы жоқ, сұрақтарға жауап бере алмайтын сөздер бар ма?

Б) Ендеше олар не болады?

Олар шылаулар. Ол шылаулар алдындағы сөзге күшейткіш мағына үстеп түр.

Мына сөйлемдерді оқыңдар:

Үйірмеге Айдар да, Марат та қатысады.

Оның жасаған бұйымдары әдемі де сәнді.

Осыдан барып қандай қорытынды шығаруға болады:


  • Да (де) , та (те) шылаулары бөлек жазылады

  • Өзі тіркескен сөзге күшейткіш мағына үстеп тұрады

  • Да (де) , та (те) шылаулары өзі тіркескен сөздің соңғы дыбысына қарай үндестік заңы бойынша бірде да, бірде та, бірде те болып өзгеріп тұрады.

  • Бірыңғай сөздермен қайталанып тіркескен да (де) , та (те) шылауларының арасына үтір қойылады.

  • Екі сын есімнің арасына келсе, онда ешқандай тыныс белгісі қойылмайды.


Сабағымызды әрі қарай деңгейлік тапсырма орындай отырып жалғастырамыз.

Келесі кезең үш деңгейден тұрады. Тапсырмаларды толығымен орындап отырған оқушы тиісті ұпайларын алады. Ұпай сандары арқылы бүгінгі білімдерін бағаланады.


І деңгей- 3 ұпай

ІІ деңгей-4 ұпай

ІІІ деңгей-5 ұпай

Жиыны 12 ұпай болса «5», 11-10 ұпай- «4», 9-8 ұпай-«3»


І деңгей

Кітаппен жұмыс

А) 2-жаттығу

Тапсырмасын оқу, орындау.

1-2 сөйлемді І қатар, 3-4 сөйлемді ІІ қатар, 5-6 сөйлемді ІІІ қатар орындайды, ережеге сүйене отырып түсіндіреді.

Ә) Нәзік сөзіне дыбыстық (фонетикалық) талдау

Ауызша талдау

  1. Бұл- Себебі

  2. Тілдің қатысына қарай- .....

Себебі , бұл дыбысты айтқанда.....

  1. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай -...

Себебі, бұл дыбысты айтқанда

  1. Ерін мен езудің қатысына қарай- .....

Себебі, бұл дыбысты айтқанда

  1. Бұл-.... Себебі

  2. Үн мен салдырдың қатысына қарай -

Себебі , бұл дыбысты айтқанда....

3. Айтылу (жасалу) тәсіліне қарай-.....

Себебі , бұл дыбысты айтқанда....

4.Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай-

Тексеру, бағалау парағына ұпай сандарын жазу


ІІ деңгей

А) 4- жаттығу, ауызша талдау сұрақтарға жауап беру.

Да (де) , та (те) шылауларын қатыстырып екі сөйлемнен құрастыру.

Ә) Домбырашылардың сөзіне сатылап кешенді талдау

  • Түбір дегеніміз не?

  • Қосымша дегеніміз не?Оның неше түрі болады?

  • Жұрнақ дегеніміз не?

  • Жалғау дегеніміз не? қандай түрлері болады ( көптік, септік, жіктік,тәуелдік)

Тексеру, бағалау парағына ұпай сандарын жазу


ІІІ деңгей

А) Мына берілген сөйлемді көшіріп, сөйлем мүшесіне талдау.


Асқар мен Асыл көрші тұрады.

Тұрлаулы мүше:

  1. Баяндауыш -

  2. Бастауыш -

Тұрлаусыз мүше:

Анықтауыш-

Толықтауыш -

Пысықтауыш -

  • Сөйлемде неше тыныс белгісі бар? (бір нүкте)

  • Оның қойылу себебі неде? (ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр)

  • Айтылу сазы мен мазмұнына қарай қандай сөйлем? (хабарлы сөйлем, ой баяндап жеткізіліп тұр)

  • Құрылысына қарай қандай сөйлем? (жай сөйлем, жай сөйлемнің ішінде жайылма. Себебі, тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар)

Тексеру, бағалау парағына ұпай сандарын жазу

V. Рефлексия

  • Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

  • Сөз таптарды пайдаланып, алған әсерлерінді білдіріңдер.

IV. Үйге тапсырма: 3-жаттығу, ережені жаттау.

Шығармашылық тапсырма: сурет бойынша сөз бен сөзді байланыстыратын, күшейткіш мағына үстеп тұратын шылауларды пайдаланып, мысал , сөйлем құрастыру.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал