7


  • Учителю
  • Төрт түлік мал әдебиет сабағы 2016

Төрт түлік мал әдебиет сабағы 2016

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Өз бетінше топта жұмыс нәтижесін көрсете білуге жетелеу. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Білімділікке,бірлікке,алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, көл бейнесі, төрт түлік бейнеленген үлкен плакат.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру.

Оқушыларды шаттық шеңберіне құрып, бір-бірлеріне сәттілік тілей отырып жылы сөздер айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Т. Молдағалиев «Көл» өлеңін жатқа сұрау.

1. Т. Молдағалиев кім? ( автор туралы қысқаша мәлімет)

2.Ақын көл бейнесін неге теңеген?

3. Көл жағасынан қандай дыбыстар естуге болады?

Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.

1 топ «Абай» ауылы.

2 топ «Төле би» ауылы.

3 топ «Әйтеке би» ауылы.

4 топ «Қазбек би» ауылы.

Әр топтан 2 оқушыдан үй тапсырмасына жауап береді. Топ басшыларына қосымша сұрақтар қойылады. Әр жауапқа топ басшылары бағалау мақсатында бір күлкі (смайлик) дәптердің сыртына жапсырып отырады.

IV. Жаңа сабаққа дайындық:

«Бұл кім?» ойыны ойнатылады.

Оқушыларға сұрақ қоя отырып, ойын ойнатылады.

Бұл адам негізінде балаларға арнап жазады. Қазіргі таңда құрметті зейнеткер, бүгін туған күні.

Оқушылар: Бұл- Ескен Елубаев.

V. Жаңа сабақ:

Дұрыс айтасыңдар Ескен Елубаевтың автопортреті ілінеді.

Балалар сендерге жұмбақ жасырайын мұқият болыңдар.

Оңға қарай, оқысаң да- бір халық,

Солға қарай оқысаң да- бір халық.

Бір буыным құс,бір буыным түс.

(Қазақ, қаз, ақ).

Балалар біздің ұлтымыз кім? қазақ.

Ал қазақ халқы несімен танымал?

-Ұлттың тағамы «бесбармақ» етпен танымал.

- Қора-қора қойымен, үйір-үйір жылқысымен, табын-табын сиырымен.

Олай болса осы ұғымның барлығын біз қалай айтамыз. Төрт санға байланысты тағы не білеміз төрт құбыла, төрт мезгіл,төрт тұс (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс).

Жаңа сабағымыз Е.Елубаевтың «Төрт түлік» өлеңі.

Мен өленің оқимын.Сендер де көз жүгірте отырып таныс емес сөздерді түртіп отырыңдар 1- топтан.

Оқу түрлері: 1 оқушы өлеңді мәнерлеп толық оқиды.

Шумақтап оқу түрі 3 оқушы.2,3,4 топ.(1 оқушыдан).

Тізбектей оқу қалған оқушылар түгел оқиды.

Түсінбеген өздер: Ноқта, бүйде, көген, жүген.

Оқушылар әр топтан түсінгендерін айтады. Қандай тыйым сөздер білеміз.

«»Ақты төкпе», «малды теппе», «малға теріс мінбе», «ақты аттама». Тыйым сөздер жазылған көрнекіліктер ілінеді.

VІ. Түсінгендерін тексеру:

Әр топтан 1-1 оқушыдан осы ұғымдарды қорғауға шығады. (1 ұпайдан).

Ой шақыру көрнекілігі ілініп, оқушылар ақылдаса отыра 1 оқушыдан әр топтан шығарып, мақал-мәтелдерден, жұмбақ жасырудан, өлең шығарудан жарыс жүргізіледі. Қалғандары дәптермен жұмыс жасайды.

VІ. Бекіту:

Төрт түлік -түйе, жылқы, сиыр және қой-ешкі малдары. Жұп, аша, айыр тұяқты және тақ, тік тұяқты болып бөлінгенмен, олардың бәрін қосып халық аяқты мал деп атайды.Малдың шығу тегі туралы қызықты аңыз көп. Солардың біріне құлақ ассақ түйе- сордан (сордан, ащы шөпке әуестігі, шөлге шыдамдылығы ескерілсе керек), жылқы-желден (желден жүйрік), сиыр-судан (сулы-нулы қонысқа үйір), қой-пейіштен (жуас, момын, шаруаға қолайлы), ешкі-тастан (тау-тасқа секірген жеңіл мінезді) жаратылыпты-мыс.

  1. Қымыз, шұбат,құрт, сүт қандай пайдасы бар?

  2. Төрт түліктің пайдасы?

  3. Төлдері қалай аталады?

Жарыс әрі қарай жалғасады. 1 топ жұмбақ жасырады. 2 топ табады.

1 топ төрт түлікті сипаттайды, қандай түлік екенін оқушылар табады.

VІІ. Бағалау:

Оқушылардың тақтаға аты-жөндері жазылған тізбе ілініп әр оқушыны топ басшылары бағалайды.

Оқушылар түгел бағаланады.

Үйге тапсырма:

Төрт түлікті жаттау.Автор туралы ғаламтордан мәлімет іздеу.

Бүгін сабақта не үйрендік? Не білдік? Не ұнады?

















</<br>














































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал