7


  • Учителю
  • Төрт түліктің кеңесі 2 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Төрт түліктің кеңесі 2 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәннің аты

Уақыты:15.10

Мұғалім: Айтмукашева А.З.

Сабақтың атауы

Төрт түліктің кеңесі

Мақсаты

- төрт түлік мал және оның пайдасы туралы біліп, әңгімелеп үйренеді;

- ойлау, танымдық қабілеттері, ойын жеткізе білу дағдылары артады;

- еңбекті бағалай білуге тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сиыр мөңірейді. (Әр малдың мөңіреген, маңыраған, кісінеген, боздаған дауыстары естіліп тұрады).

- Қой не істейді?

- Қой маңырайды.

- Жылқы не істейді?

- Жылқы кісінейді.

- Түйе не істейді?

- Түйе боздайды.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

тері - кожа көлік - транспорт

киіз - кошма жүн - шерсть

алаша - дорожка қазы жасайды - делают казы

серік - спутник маңызды - важный

Сөздік жұмысы: сөздер оқылады, аударылады, қайталанады.

2. Тақтадан «перде» нүктесін басу арқылы сөзді жабамыз да аудармасы арқылы табамыз.

3. Сөздік дәптерлеріне жазады.

4. «Енді біз осы төрт түлік малдың адамға қандай пайдасы бар екені туралы айтамыз. Мына бейнекөрсетілімге назар аударып, тыңдайық». Тақтадан төрт түлік мал мен олардың пайдасы жайлы хабар беретін бейнекөрсетілімді қараймыз, мәтін оқылып тұрады.

5. Оқушылар мәтінді өздері дауыстап оқиды.

«Қазақ халқы үшін төрт түлік мал өте маңызды болған. Олар адамның жан серігі, айрылмас досы болған.

Қой - төрт түлік малдың ішіндегі момыны. Қойдың еті, сүті, майы, терісі пайдалы. Жүнінен киіз басады. Киім-кешек, алаша, кілем тоқылады.

Сиыр - ірі қара малға жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен айран, қаймақ, құрт, ірімшік жасалады.

Жылқы - ер қанаты. Ол - сезімтал, талғампаз жануар. Жылқының сүті қымыз денсаулыққа пайдалы. Жылқыны көлік ретінде пайдаланады. Қазақта ат ойындары көптеп саналады.

Төрт түліктің төресі - түйе. Оның еті - тамақ, шұбаты - сусын, жүні - киім. Түйе - таптырмас көлік. Ол шөлге төзімді келеді».

6. Сұрақтарға жауап береді.

- Қой бізге не береді?

- Ет, жүн, тері.

- Сиырдан адамдар не алады?

- Сүт, ет.

- Сиырдың сүтінен не жасайды?

- Сүттен айран, май, құрт жасайды.

- Жылқының қандай пайдасы бар?

- Жылқы ет, қымыз береді. Атпен шабады. Ат ойындары бар.

- Адамдар түйені қалай пайдаланады?

- Түйенің сүтінен шұбат жасайды. Түйені көлік ретінде пайдаланады.т.б.

IV. Бекіту.1. Оқулық, дәптермен жұмыс. 80-беттегі 2-тапсырманы жазбаша орындайды. Мысалы: «Жүннен не жасайды? Жүннен киіз басады. т.б.»

2. Жұмыстар оқылып, тексеріледі, қателері түзетіледі.

3.Тестілеуші құралды пайдаланып оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді.



Сергіту сәті





Ой толғаныс

«Кішкен ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар»

- Бұл не?

- Бұл қой.

- Қойдың төлі не?

- Қойдың төлі - қозы (оқушылардың жауабынан кейін төлінің суреті шығып отырады).

«Екі айнасы бар, Екі найзасы бар»

- Ол не?

- Ол сиыр.

- Сиырдың төлі не?

- Сиырдың төлі - бұзау.

Үйге тапсырма



Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</</p>

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Төрт түліктің кеңесі 2 сыныпқа арналған сабақ жоспарыТөрт түліктің кеңесі 2 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



























































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал