7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары:134*2,268:2 түріндегі жазбаша көбейту мен бөлу 3сынып

Сабақ жоспары:134*2,268:2 түріндегі жазбаша көбейту мен бөлу 3сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

7.04.16ж.Сабақтың тақырыбы: 134*2, 268:2

Сабақтың мақсаты:а)Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайыңда түсінік беру. ә)Есептеу, есте сақтау қабілетін ой-өрісін, қабілетін дамыту.. б)Адамгершіліке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік,проблемалық; Сабақтың көрнекілігі: оқулық,жауқазын гүлі,топшамалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

II.Үй тапсырмасын тексеру. Ауызша есептеулер. Көркем жазу.

ІІI. Жаңа сабақ : 134*2, 268:2

Балалар мен бүгін үстелдің үстінен хат тауып алдым.Ол сендерге арналған ішінде бірдеңе бар сияқты.Мынау гүлдің бөлшектері ғой.(Оқушыларға көрсету)

-Ендеше хатты оқиық.Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен сіздің сыныпқа үлкен өтінішпен келдім.Маған сіздердің көмектеріңіз керек.Мен де сендер сияқты есептеу мен санауды үйренгім келеді.Мен жер бетіне құлпырып шыққым келеді.Маған көмектесіңіздерші.

-Мені қандай гүл деп ойлайсыздар? Көктемде алғаш күн күркірегеннен кейінгі шығатын қандай гүл? Жауқазын . -Ендеше біз жауқазын гүлінің жер бетіне шығуына көмектесейік.

Жауқазынның №1. Мына өрнекті оқиық . 134 *2 ; 268:2 1)134 санының бірлігін,ондығын және жүздігін атау 1 жүзд.-100 3 онд.-30 4 бірл.-4 Осылардың әрқайсысын 2-ге көбейтеміз 100*2=200 30*2 =60 4*2 =8 Толымсыз көбейтінділердің мәндерін табамыз. 200+60+8=268

Енді осы өрнекті баған түрінде есептейік. 268 санының жүздігін,ондығын,бірлігін атайық 2 жүзд.-200 6 онд.-60 8 бірл.-8 Неше толымсыз бөлінгіш шығарып алдық? (3) Осылардың әрқайсысын 2-ге бөлеміз. 200:2=100 60:2=30 8:2=4 Бөлінділердің мәндерін табайық. 100+30+4=134 Баған түрінде бөліп көрейік. Міне,балалар жауқазынның бірінші тапсырмасын орындадық.Жер бетіне жауқазынның несі шығады? (сабағы) тақтаға ілу

Жауқазынның Есеп 2.1)есептің шартын оқимыз 2)есепті талдау 3)қысқаша шартын жазу

4)шешуін,жауабын жазу Енді осы есепке кері есеп құрастырайық.

І кітапта-138 бет ------? 2 есе кем ІІ кітапта ? 2есе артық ------ ? 3 есе артық

ІІІ кітапта ? 3 есе кем -------92 бет Ш:1)138*2=276 1)92*3=276 2)276:3=92 2)276:2=138

Ж:92 бет бар 138 бет

Жауқазынның 2 тапсырмасын орындадық.Сабақтан кейін не шығады?(жапырақ)

ІY.Сергіту сәті .-Балалар енді бойымызды сергіту үшін Ойна да ойла!ойынын ойнайық.

Жауқазынның №3 Өз бетімен орындау.-Дұрыс міне барлығымыз тапсырманы орындап болсақ сабақтан кейін не шығады? -Өскін немесе гүл шанақ (ашылмаған гүл) өседі.

Жауқазынның №4. Тақтаға шығару. №5 -Көпбұрыш неше тік төртбұрыштан құралған?

-Дұрыс, 2 тік төртбұрыштан құралған.Енді осы көпбұрыштың периметрін және ауданын табайық.

АЕКДОВ көпбұрышы -Периметрді қалай табамыз, қане кім айтады? Р=3+4+2+2+1+6=18см

S=а*в S=4*3=12см2 S= 2*1=2см2 S= 14 см2

-Міне балалар жауқазынның барлық тапсырмасын орындадық.Енді осы жауқазын жайында не

білеміз?

№6.Өз бетімен орындау.

Y.Бекіту -Сонымен балалар біз қандай тақырыппен таныстық?

- Дұрыс,үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тақырыбымен таныстық.Өз білім деңгейіміміздің қаншалықты екенін көрсеттік. - Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлудің тәсілдерін үйрендік.

YI.Үйге тапсырма №7 166-бет . Бағалау











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал