- Учителю
- Тәрбие сағаты 'Алтын күз-2015'
Тәрбие сағаты 'Алтын күз-2015'
Сайыстың тақырыбы: «Алтын күз-2015»
Мақсаты:
1.Жас ұрпақты қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз мезгілінің кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге, әдемілікке үйрету;
2.Оқушылардың әртістік қабілеттерін,өзгешеліктерін дамыту, инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.
3.Ұқыптылықққа, шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, әдемі, таза болуға тәрбиелеу;
Көрнекілік:сахнада күз көріністері, күздік дастархан мәзірі,нақыл сөздер, шарлар.
Кеш барысы:(ақырын музыка ойналып тұрады)
Жүргізуші:Армысыздар, ұлағатты ұстаздар! Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
Жүргізуші:
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі « Күзгі бал-2015» сайысының күз ханзадасын іріктеп шығару.
Жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.
Ән: 4а класс окушы Гаухарды «Көңілді күн» әнімен қарсы алайық
Жүргізуші:
Ақудай әдеміміз
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе-тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратамыз,-дей отыра сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырайық!
1а класс оқушысы-Серікбаев Ерасыл
1ә класс оқушысы-Балтабай Алихан
1б класс оқушысы-Есмухан Ідіріс
2а класс оқушысы-Серікқали Сүндет
2ә класс оқушысы-Самат Айдын
2б класс оқушысы-Акімғали Санжар
Мына кәрзенкінің ішінен өздеріне ұнаған жапырақтарынызды таңдап алуларыңызды сұраймын. Сонымен
№1.............................
№2...........................
№3.................................
№4...................
№5....................
№6.......................
Жүргізуші:
Ендеше осы сайысымызды саралап, даралап, әділ баға беретін әділ қазылармен таныстырып өтсек. Әділ баға берушілер:
1....................................................................
2......................................................................
3....................................................................
Жүргізуші: Сайысымыздың шарттарымен таныстыра өтсек:
1. Таныстыру.
2. Күз келбеті. (сән үлгісі)
3. Өнер сайысы.(өз өнерлерін көрсету)
4. Күз тартуы (Күзгі көкөністерден,жеміс-жидектерден дайындалған салат ,оның жасалу жолы туралы айту)
Жүргізуші:
Өнер қуып жастарымыз өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген аруларым кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер дейміз, - дей келе, өздеріңізді таныстыруына кезек берейік. Сонымен
Жүргізуші:
Модельер болу оңайма?
Қиналып жатсаң мұнайма.
Әр мамандық өзгеше
Өз мәнінде шырайда,-деп келесі кезекте «Сән үлгісі» сайысы.Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек,сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап әкелуі тиіс еді.Табиғи материалдар пайдалануына да болады.Сайыскерлеріміз дайын болғанша ортаға 3ә класс оқушысы Мейрамбаева Аңсағанды өзбек биімен қарсы алайық.
Жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып,би билеп,жасап жатсаң текемет
Өнерінді көрсетші балақайым қанекей,-дей келе «Өнерің өрге жүзісін» сайысын бастаймыз.
Жүргізуші:
Еңбек деген байлық бар,
Ерінбеген алатын.
Жадырап жан сарайын,
Демалып бір қалатын - дей келе, әр қатысушыларымыздың өзінің қолдарынан жасаған «Күзгі тарту» атты сайысы бойынша барлық қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес,жеткізе мұратын.
Жеңбедім,жеңілдім деп ренжімегім.
Қатысуда бір жеңіс,жан болсан сен ұғатын.
«Алтын күз-2015» байқауын қортыңдылау үшін әділ қазы алқасына аз ғана уақыт береміз! Әділқазылар өз шешімін шығарғанша,
Шалқытып «Күз ару» ән салайық,
Өнерпаз, өрендерге тамсанайық,
Ән-шашуын біздерге алып келген,
3а класс оқушыларын әсем әнімен ортаға шақырайық. Хор 3 а класс оқушыларының орындауында «Күз тамаша» әні.
Ортаға әділ қазылар алқасын шақырамын. Сөз кезегі өздеріңізде.
Жүргізуші:
Ең басты мақсатымыз бүгінгі «Алтын күз-2015» сайысының «Күз ханзадасын» іріктеп шығару. Олай болса олда аңықталды. «Күз ханзадасы» ....................................................
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып, бүгінгі "Алтын күз-2015 " ертеңгілігін аяқтаймыз.
Бірге: Жеңісті күндерде кездескенше, достар!
2013-2014 оқу жыл
ы
«Күзгі баққа саяхат» күзгі балл кешінің сценарийі
Күні:23.10.2013 ж
Өтетін орны: акт залы
Кештің мақсаты: оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын, арттыру, ой-өрісін кеңейту. Табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялай білуге тәрбиелеу.
Кештің өтілу барысы:
1-жүргізуші:
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Күзгі баққа саяхат» атты күзгі балл кешіне қош келдіңіздер. Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-даланың дархан дастарханы. Күз - байлық, молшылық. Күзде егін жиналып, құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!?
2-жүргізуші:
Күз - мереке, Күз - ырыстың белгісі,
Қайтып барады мекеніне жыл құсы.
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,
Шат - шадыман халқымыздың тұрмысы.
1-жүргізуші:
Ақ көңілді, ақ пейілді жайыңыздар,
Үлгі тұту әрқашан ойымыз бар,
Қырандай қанат қаққан ұл-қыздарға
Қол соғып, қошеметтеп қойыңыздар, - дей келе ендігі кезекте бүгінгі «Күзгі баққа саяхат» күзгі балл кешінің ханзадалары мен ханшайымдарын ортаға шақырайық.
2-жүргізуші:
Әділқазы, алқасына бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, - дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1. Биология пәнінің мұғалімі - Алғазина Роза Каскабайқызы
2. География пәнінің мұғалімі - Айжарықова Әсия Қайроллақызы
3.Технология пәні мұғалімі -Бекболатова Әлия Қалиқызы
4.Бастауыш класс мұғалімі - Сатығалиева Ақмарал Темірханқызы
1-жүргізуші:
Келесі кезекте сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
І.Таныстыру
(әр жұп өздерін таныстыру, жоғары ұпай 5)
ІІ.«Өнерлінің өрісі кең»
(өнер көрсету сайысы, жоғары ұпай 5)
ІІІ.«Білімді мыңды жығар»
(Әр жұпқа сұрақтар жазылған жапырақтар таратылады, 3 сұрақтан 2мин, 5ұпай)
ІV.«Күз тартуы»
(жеміс-жидектерден, көкөністерден салат дайындау)
V.«Тосын сый»
VI.«Күзгі сән үлгісі»
(сән үлгісін көрсету)
2-жүргізуші:
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілейміз.
І.Таныстыру
(әр жұп өздерін таныстыру, жоғары ұпай5)
1-жүргізуші:
Құрметті көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім
Ендеше бірінші кезеңіміз үміткер жұптардың өздерін таныстыруы.
2-жүргізуші:
Әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, таныстыру бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.
ІІ.«Өнерлінің өрісі кең» (өнер көрсету сайысы)
1-жүргізуші:
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көкжалтыраған сап-сары алтын
Ағаштажапырақтарсылдырлайды,
Төгілген алтын теңгесансызжалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызылмидай
Қырмандақызыл алтын, қызылмаржан,
Жайнайдыжаратылысбергенсыйдай,-депСәкен Сейфуллин ағамыз алтын күздікереметшабытпенсарыалтынғатеңепжырлағанекен. Қазақөнердесеішкенасынжергеқоятынхалыққой. Ендеше, құрметтікөрермендер
Асылтастан, өнержастан,
Шығадыдепдарынды.
Халықайтса, қалтайтпас,
Әрқашандананымзы
Солшындықтыкүнделікті,
Көріпжүрмізөмірден
Өнеріментанысайық,
Тілекші боп көңілден-дей келе сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.
2-жүргізуші:
Әділқазылар алқасы сайыскерлеріміздің бағасын берсеңіздер.
ІІІ. «Білімді мыңды жығар»
(Әр жұпқа сұрақтар жазылған жапырақтар таратылады, 2 сұрақтан)
1-жүргізуші:
Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді
Білім ой мен арымыз,
Рухани ол нәріміз
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз!
Келесі бөліміміз «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Мұнда сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.
ІV.«Күз тартуы»
(жеміс-жидектерден, көкөністерден салат дайындау)
2-жүргізуші:
Алтындай сылдырлайды күздің үні,
Жібектей майда шуақ алтын күні.
Биылғы мерекелі нұрлы күздің
Тамаша бірдей сұлу күн мен түні
Сондықтан биылғы күз мерекелі,
Байлығы өте-мөте берекелі
Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,
Міне осы, шын бақытты ел екені,-деп ақын ағаларымыз тебірене жырлаған.
1-жүргізуші:
Көрсетеді өнер әр салада сайысып,
Қимылдарыжүргендейбіржайұшып
Мерекелік ас мәзірінжасапты,
Қыздарымызбармақтарымайысып. Келесібөлімімізмерекелік«Күз тартуы» деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден салаттар дайындап әкелу керекб олатын, олай болса, ханшайымдарымыз өз салаттарын таныстырып өтсін.
V.«Тосын сый»
2-жүргізуші:Келесі турымыз «Тосын сый» деп аталады.Бұл турда қорапшаларда жасырылған заттарды ханшайымдар ханзадалардың ым-ишаралары арқылы табуы керек.Егер дұрыс шешсе сол затты сыйлыққа алады.
VІ.«Күзгі сән үлгісі»
(сән үлгісін көрсету)
1-жүргізуші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз жанымен
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі.Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді.Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
Сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек.
2-жүргізуші:
Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп, қорытындылап болғанша бүгінгі кешіміздің қонағы Максимов Алтынбек пен 11ә класс оқушысы Ізімберген Жандарбектіңорындауында «Күзгі бақ» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Құрметті көрермендер «Күзгі баққа саяхат» атты күзгі балл кешін қорытындылау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.(Жеңімпаз жұпты марапаттау және ең әдемі Күз ханшайымы мен ең батыл да ержүрек ханзаданы анықтап марапаттау)
2-жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.
Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен - күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар, - дей отырып 9-11 сыныптар арасында өткен «Күзгі баққа саяхат»атты күзгі балл кешін аяқтауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:
Тамашалағандарыңызға рахмет, сау - саламат болыңыздар!