7


  • Учителю
  • Ашық сабақ еңбек тақырыбы Геометриялық пішіндерден кілемше модельдеу.

Ашық сабақ еңбек тақырыбы Геометриялық пішіндерден кілемше модельдеу.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық пішіндерден кілемше модельдеу.

Сабақтың мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту. Ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды ізеттілікке, ұжымдыққа, епшілдікке тәрбиелеу.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік, іздену, топтық жұмыс.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекі құрал - жабдығы: Геометриялық пішіндер, пішіндердің суреттері, түрлі-түсті қағаз, түрлі-түсті қатты қағаз, қайшы, желім.

Пәнаралық байланыс: Математика, дүниетану, бейнелеу.

Сабақтың барысы.

Психологиялық ахуал: Психологиялық дайындық.

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылардық сабаққа дайындықтарын тексеру, құрал-жабдықтарын түгендеу, зейінін сабаққа аудару.

Қызығушылығын ояту

Мағынаны тану

-Балалар, бәріміз бері қарайықшы. Бүгін бізге сиқырлы хат келіпті. Сиқырлы хатты ашсақ ішінен не шығар екен?

-Сиқырлы хаттың ішінде неше түрлі пішіндер бар екен. Қане, кім маған пішіндерді атап береді?

(Балалар өздеріне таныс пішіндерді атап шығады, жауаптарын тыңдап, дұрыс екендікреін айтып өтемін.)

-Дұрыс айтасыңдар, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек және шаршы екен.

-Балалар, енді топтарға бөліну үшін мына дорбадағы пішіндерден біреуін таңдап, өз тобымызға ат қойып алайықшы.

(төрт бала дорбаның ішінен пішіндерді таңдайды, сол бойынша топтарды атаймыз.)

1-топ. Үшбұрыш.

2-топ. Төртбұрыш.

3-топ. Дөңгелек.

4-топ. Шаршы.

-Ал, балалар енді өз топтарың болған пішінге сипаттама беріп, топтарымызды қорғайықшы.

-Балалар, біз бұл пішіндер жайлы математика сабағынан жақсы таныспыз. Ал, бүгінгі сабағымыздың мақсаты - осы пішіндер жайлы білгенімізді одан әрі жетілдіру болмақ.

Өткен сабаққа шолу

-Балалар, біз өткен сабақта не жасадық?

-Аяққап жасадық.

-Қане, жұмысты кім үйден аяқтап келді?

-Сен бұл аяққапты жасауда нелерді пайдаландың?

-Оны немен безендірдің?

-Неліктен мұндай безендіруді таңдадың?

Ой толғаныс. (Әр топқа әр түрлі тапсырмалар беріп, орындауға уақыт беріледі.)

1-топ. 1 дөңгелектен, 8 үшбұрыштан Күнді құрастыру.

2-топ. 7 үшбұрыш, 1 шаршы, 1 дөңгелек, 2 тіктөртбұрыштан үй құрастыру.

3-топ. 8 үшбұрыштан ромб пішінін құрастыру.

4-топ. 4 үшбұрыш, 4 шаршы, 1 дөңгелектен кілемше құрастыру.

Сергіту сәті

-Балалар, шаршаған боларсыңдар. Ендеше, қолдарымызды демалдырып, өзімізді еркін ұстап бір сергіп алайық.

Бойыңды сергек тік ұста,

Емін - еркін тыныста.

Деміңді ішке тез ал да,

Сол қолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада.

Оң қол да бос тұрмасын,

Шеңбер сызып зырласын.

Қорыту

-Бүгін не өттік? Не жасауды үйрендік?

-бұл кілемшені жасау үшін нені пайдаландық?

-Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?

Бағалау

-Қане, жұмыстарымызды аяқтаған болсақ, топтан бір оқушы орнымыздан тұрып барлығына көрсетіп, түсінтіріп өтіңдер.

-Онда «Үшбұрыш» тобының жасаған жұмысы сендерге ұнады ма? Олай болса, қошеметтеп қояйық.

-Ал, «Төртбұрыш» тобына қандай баға береміз?

-«Дөңгелек» тобының жұмысын қалай бағалаймыз?

Оқушылар топ болып жасаған жұмыстарын көрсетіп өздері бірін-бірі бағалауды ұсынамыз. Үздік топты, ерекше көзге түскен оқушыларды мақтап, мадақтап қоямыз.

Үйге тапсырма

Жұмысты жасауға үлгермей қалған оқушыларға, жеке оқушыларға қосымша тапсырма беру. Кілемшені тағыда басқа пішіндерді қолданып жасап келуін тапсырма ретінде беру.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал