- Учителю
- «Білім беру үрдісінің субъектісі ретінде оқушының шығармашылық қабілетін дамытудағы СТО технологиясының мүмкіндіктерін пайдалану »
«Білім беру үрдісінің субъектісі ретінде оқушының шығармашылық қабілетін дамытудағы СТО технологиясының мүмкіндіктерін пайдалану »
Зерттеу өзектілігі:
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жаңарулар адамдар санасында күрделі өзгерістер үрдістерін туғызып,іргелі және әмбебап білімдердің мәнін қайта ойластыру және оларды білім беру жүйесі арқылы жаңаша жүзеге асыруды талап етеді. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. Осы аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және оны тиімді пайдалану керек.
Қазіргі заманғы білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау. Өйткені қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір дәлелдеп отыр.
Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Ұлы ақын Абай атамыздың мына дана сөзі ойға оралады: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар». Шығармашылыққа баулу оқушы бойындағы талант көзін ашып, тілдік қорын байытып, ойлау, іздену сияқты психологиялық категорияларын қалыптастырып, оқушының дамуына өзіндік әсерін тигізеді. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» RWCT Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Эльконин-Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту педагогикалық технологиясын пайдалана отырып оқушылардың жұмысты дұрыс ұйымдастырып,өз даму деңгейіне сәйкес ой шыңдап,жетістікке жету мақсатын көздейді.Сын тұрғысынан ойлау сынау емес,шыңдалған ойлау.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту,мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдерін түзеді.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін оның шарттарының міндетті түрде орындалуын қадағалау қажет.
1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыруға уақыт керек.
2.Оқушыларға ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3.Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
5.Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынның дәйекті болуын қадағалау .
6.Бағалау.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі.Жеке,топтық жұмыстар әзірлеу,эссе,бақылау жұмыстары,әртүрлі кесте,модельдер жасап қорғау,дискуссия,пікір алмасулар сияқты танымдық-рефлексиялық әрекеттер арқылы оқушылар өздері үшін маңызды болған мәселелерді туындайды.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз-алған білімге сын көзбен қарау,іздену,оның ақиқатын дәлелдеу,яғни білімді саналы түрде алу.Бұл технологияның тиімділігі-оқушының құзыреттілігін арттырып қана қоймайды,сонымен қатар:
1.Жек тұлғаның жетілуіне,дамуына бағытталады.
2.Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынас орнауы.
3.Алған білімге сын көзбен қарау.
4.Оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.
5.Бірін-бірі сыйлауға баулу.
6.Мәселенің негізгі түйінін табуға дағдыланады.
7.Оқушының шығармашылық белсенділігінің артуы.
Ізденіс тақырыбының зерттелу деңгейі
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізгі Ж. Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
«Сыни тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Зерттеу нысаны:Оқушы субъектісін дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні:Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктерін бастауыш білім беруде қолдану
Зерттеу мақсаты:
Білім беру субъектісі ретінде оқушыға заман талабына сай білім,біліктілік қалыптастыруда СТО технологиясының мүмкіндіктерін анықтай отырып,
бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру, нәтижеге жету.
Зерттеу міндеттері:
*ТЭЖ-ының теориялық негіздерін түсініп,іске асыруды қамтамасыз ету.
*Білім беру субъектісі ретінде оқушының деңгейін көтеру,ынтымақтастықты жүзеге асыру.
*Ізденіс тақырыбы негізінде психологиялық қызметпен қамтамасыз ету.
*СТО технологиясын енгізудің жүйесін жасау.
*Мониторинг жүйесін қолдану.
Зерттеу болжамы:Егер СТО технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне енгізсем,білім беру үрдісінің субъектілерінің заман талабына сай дамуын қамтамасыз етемін.Себебі:
*Баланың жек,жас ерекшеліктерін ескере отырып,білім,біліктілік қалыптастырғанда;
Әдістері: *Жалпығылымилық
*Психологиялық-педагогикалық
*Ғылыми-ақпараттық
*Талдау
*Бақылау
*Сұрақнама
*Сауалнама
Көрсеткіштері:*Менің кәсіби шеберлігім
*СТО технологиясын толық меңгеру
*Жаңа технологияларды меңгеруім
*Оқушы құзыреттілігінің қалыптасуы
*Пән олимпиадалары мен түрлі интеллектуалдық сайыстардағы нәтиже
*Ғылыми жобалар сайысының көрсеткіштері
*Білім сапасының көтерілуі
*Оқушылардың ұжым болып қалыптасуы
Жалпы орта білімнің Мемлекеттік стандартының негізгі тұжырымдамасына сәйкес келесі түйінді құзыреттіліктердің тізімі көрсетілген.
Эксперимент кезеңдеріОқушылардың
шығармашылық қабілеттері
□ Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
□ Шығармашылық ізденіске жетелейді.
□ Өз ісіне деген сенім пайда болады.
□ Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
□ Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді
Шығармашылық қабілеттің сипаттамасы
□ Өз бетімен іздену
□ Ақпаратты жеткізе білу
□Өз әрекетін бағалай білу.
Әдістемелік ұсыныстардың сапасы
□ Әріптестердің бағалауы
□ Мектептің әдістемелік кеңесінің бағалауы
Зерттеу әдістері
Психологиялық
Салыстыру
Талдау
Байқау
Өлшеу
Эксперимент
«Интеллектуалды ойын түрлері»
«Математикалық білім сайысы»
«Интеллектуалдық даму деңгейін анықтау»
Шығармашылық диктант
Ауызша сауаттылығы
Салыстыру-ақиқат заттарымен құбылыстарының ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтау.
Талдау-әрбір элементті немесе құбылыстың жағын бүтіннің бөлігі ретінде зерттеу,зерттелетін пәнді немесе құбылысты құрауыш элементтерге бөлу, оның ішінде жеке жақтарды анықтау.
Байқау-адамның сезім мүшелерінің жұмысына және оның пәндік, материалдық қызметіне сүйенетін белсенді тану әрекеті.
Өлшеу-қандай да бір өлшемнің сандық мағынасын анықтау.
Эксперимент-заттар мен құбылыстардың арнайы жақтарын,оларды үрдісті қиындатпайтын жағдайларсыз зерттеу мақсатында ,арнайы жасалған жағдайларда қайта жаңғырту.
(ТЭЖ бағдарламасы және оның өлшемі / Т.В.Паньшина,2009)
Тәжірибе-эксперимент жұмысының кезеңдері
Уақыты
Кезең атаулары
I
2016-2017
Диагностикалық
II
2017-2019
Эксперименттік
III
2020-2021
Қорытынды
2016-2017оқу жылы
Тақырыптық теориялық негізін оқып-үйрену
Әдебиеттерге сараптама жасау.Авторларды білу. Негізгісіне тоқталу.
Қыркүйек
Қазан
ТЭЖ бағдарламасын жасау
Бағдарламаны бекіттіру.
Қараша
СТО технологиясын сабақта қолдануды , жүргізуді үйрену үшін арнайы курстарға қатысу.
Қалалық семинарларға қатысу.
Қазан
Тақырып бойынша негізгі түсініктерді меңгеру.
Әдебиеттер тізімін жасау.
Глоссарий жазу.
Қараша
Зерттеу түрлерін анықтау.
Зерттеу бойынша диагностикаларды меңгеру.
Желтоқсан
Интерактивті тақта мүмкіндігін үйрену.
Курсқа қатысу.
Уақытында
Проблемаларды анықтау.
Модельді бекіттіру. (МО отырысында)
Қаңтар
Тақырып бойынша білімімді көтеру.
Өзіндік білім көтеру жоспарын жасау.
Әдістемелік кеңеске, семинарларға қатысу.
Қаңтар
Үнемі
Жыл бойы істеген жұмысыма сараптама жасау, талдау, қорытындылау
Талдау жасау арқылы міндеттерді анықтау
Мамыр
2017-2018 оқу жылы
Әр 5 жыл сайын мектеп оқушыларын диагностикалау.
Мониторинг жасау.
5 жыл сайын
Қалалық сайыстарына қатысу.
«Жыл мұғалімі-2017» сайысына қатысу.
2017-2018
СТО технологиясын сабақта қолдану.
Ашық сабақтар, тәрбие сағаттарын өткізу.
сәуір
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға байланысты жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
Өлең шумақтарын құрастырту;
Ойдан жұмбақ,мақал-мәтелдер құрастырту;
Мәтінді аяқтату;
Кітапханамен байланыс жасату.
Қыркүйек
2018-2019қу жылы
Іс-тәжірибемді жинақтау.
Қалалық ғылыми -практикалық конференцияға қатысу.
жылда
ТЭЖ бойынша іс-тәжірибе алмасу.
Мектепте ашық сабақтар көрсету.
Жылына 1 рет
ТЭЖ -іске асыруда кабинет мүмкіндігін көтеру.
Кабинеттегі көрнекіліктерді толықтыру.
үнемі
Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру.
Әр пәнді сапалы оқыту.
үнемі
Біліктілігімді көтеру.
I санатты растау.
2018-2019ж
2020-2021 оқу жылы
ТЭЖ жұмысына қорытынды жасау.
Сараптама жасау,олқылықтарды анықтау.
мамыр
Тақырыпты қорытындалау.
Семинарға қатысу.
Сәуір
Іс-тәжірибе жинақтау.
Әдістемелік кеңесте баяндама жасау.
Ақпан
СТО технологиясын қолданудың тиімділігін көрсету.
Сабақ жоспарларының әзірлемелерін жасау.
Наурыз
ТЭЖ бойынша сараптама.
5 жылға мониторингін талдау,жасау.
Мамыр
Кәсіби деңгейімді көтеру.
Мұғалімнің жеке және кәсіби өсу бағдарламасын жасау.
Мамыр
Глоссарий:
Сабақтастық-оқытудың әр сатысындағы дұрыс , қажетті байланыстың болуы.
Өзбетімен жұмыс-белсенділік таныта отырып,оқу міндеттерін мұғалім тапсырмасымен немесе басқаруымен оқушыларды жұмыс істеуге бағытталған оқыту әдісі.
Дамыту-ескіден жаңаға, төменнен жоғарыға жүретін үрдіс.Өз жұмысына есеп беру,талдау жасай білу қабілеті.
(Қазіргі мұғалімнің терминологиялық сөздігі/ интернет)
Құзыреттілік-оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі. (12 жылдық білім беру,мемлекеттік стандарт, жоба, 2007)
«Құзыреттілік -ол білімге негізделген, интеллектуалдық және тұлғаның айқындалған адамның әлеуметтік-кәсіби сипаттамасы ретінде адамның өзекті, қалыптастырылатын тұлғалық қасиеті» деп тұжырымдайды.
Құзыреттіліктің құрылымдылық компоненттерін ұсынды:
-когнитивті (пәндік саладағы білімдер жиынтығы,олардың негізінде құзыреттілік қалыптасады.)
-іс-әрекеттік (практикалық тәжірибе)
-Операциялық-технологиялық (есептерді практикалық шешудің іскерліктері мен дағдыларының жиынтығы)
-тұлғалық (берілген пәндік іс-әрекет үшін маңызды дара психологиялық қасиеттер мен қабілеттерінің жиынтығы және тұлғаның бағыттылығы)
-құндылықтық (құндылықтың бағдарлардың,іс-әрекет мақсат пен міндеттеріне,адекватты мотивтердің,дүниетанымдық позициясының жиынтығы)
-рефлексивті (іс-әрекетті және оның нәтижелерін ойластыру, бағалау, болжамдау қабілеттілігі)
-коммуникация (байланыс қарым-қатынасы) И.А.Зимняя
</ ӘДЕБИЕТТЕР:
-
ҚР-ның үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы.. ҚР-ның Білім және ғылым Министрлігінің бұйрығымен бекітілген 25.06.2012ж №529
-
Білім беру ұйымдарында оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспары. 2012.29.06. №873 Үкіметтің қаулысы.
-
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016 - 2019 жылдарға арналғанмемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2016 ж. -
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2015 ж. 13 қараша, № 398 .
-
Паньшина П.В. Программа личностного и профессионального роста учителя
-
Қадірова Б.Н. Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту - ғылыми-педагогикалық проблема. // Білім-Образование. - 2004. - №2. - 16-20 бб.//
-
Жанатбекова Н. Шығармашылық қабілеттілік - даму негізі. // Қазақстан мектебі. - 2006. - №2. - 15-17 бб.//
-
Әмірова Ә.С. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру. - Алматы, 2009. - 52 б.
-
Бастауыш мектеп журналы/№ 2,2009 ж/
-
Серімбетова.С.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.// Бастауыш мектеп./2003.-№ 7.-32 б./
-
Бастауыш мектеп / №8, 2004ж, №12, 2001 ж. №7, 2006ж. №9, 2003 ж. /Қазақстан мектебі /№2, 2003 ж/
-
С.Ахметов. «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары».// Алматы «Рауан» 1994ж.//
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» // 2007ж, 27 шілде
8-ші бабы//
11.С. Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»
Қарағанды, 2011
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ
Қ.НҰРҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ № 43 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ
2015-2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН
ТӘЖІРБИЕ-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
ІЗДЕНІС ТАҚЫРЫБЫ: «Білім беру үрдісінің субъектісі ретінде оқушының шығармашылық қабілетін дамытудағы СТО технологиясының мүмкіндіктерін пайдалану »
Мұғалімнің аты-жөні:Баймухаметова Гулнар Ахмедовна
I санатты бастауыш сынып мұғалімі
Өскемен, 2016ж.
Әдістемелік бірлестік Келісілген: Бекітемін: отырысы хаттама № __ Оқу ісінің меңгерушісі № ____ мектеп директоры: қаралды: Нурсадыкова А.К_______ Шаянбаева Ж.А_______ «__» ________2015 ж «__» ________2015ж «__» ________2015 ж
2015-2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН
ТӘЖІРБИЕ-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
ІЗДЕНІС ТАҚЫРЫБЫ: «Білім беру үрдісінің субъектісі ретінде оқушының шығармашылық қабілетін дамытудағы СТО технологиясының мүмкіндіктерін пайдалану »
Мұғалімнің аты-жөні:Баймухаметова Гулнар Ахмедовна
I санатты бастауыш сынып мұғалімі
Өскемен, 2016ж.