7


  • Учителю
  • краткосрочный план на тему 'Алтын сөз'

краткосрочный план на тему 'Алтын сөз'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, «№ 7 орта мектебі»бастауыш сынып мұғалімі Жулаева Айнагуль Айткуловна Пәні: Әдебиеттік оқу Класы: 4 Мерзімі: Тақырыбы: Алтын сөз. Несіпбек.Айтов Жалпы мақсаты: Халқымыздың ізгі ниеті ақ бата ,игі тілектерімен таныстыру. Оқу нәтижесі:
предварительный просмотр материала


Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, «№ 7 орта мектебі»

бастауыш сынып мұғалімі Жулаева Айнагуль Айткуловна

Пәні: Әдебиеттік оқу Класы: 4 Мерзімі:

Тақырыбы:

Алтын сөз. Несіпбек.Айтов

Жалпы мақсаты:

Халқымыздың ізгі ниеті ақ бата ,игі тілектерімен таныстыру.

Оқу нәтижесі:

Оқушылар халқымыздың ізгі ниетті ақ бата түрлерін үйренеді.

Түйінді идея:

«Жаңбырменен жер көгерер,

Батаменен ер көгерер.»


САБАҚТАҒЫ ІС- ӘРЕКЕТ

Уақыты


1 мин

2 мин


5 мин

5 мин


15мин

5 мин

10 мин


1 мин


1мин

Мұғалімнің іс-әрекеті


«Күн шуағы»

Мен саған сәттілік тілеймін,бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.


Сыныпты топқа бөлу (ақыл, бата, тілек сөздері арқылы) Осы сөздер арқылы сабақ тақырыбын анықтап, мақсатын құру. Топ ережесін еске салу.

«Өрмекшінің торы» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау.

«Үш шапалақ»

«Ой толғау» бейнежазбадан «Көшпенділер» фильміндегі бата беріп жатқан жерден үзінді көрсету. Оқушыларға талдату арқылы тақырыпты ашқызу.

«Дана үкі» әдісі

1-топ Ақын өмірі туралы мәлімет таратылады, оқушылар «Ойлан, бөліс» әдісі арқылы топта талқылайды.Постер қорғайды.

2-топ «Түртіп алу» әдісі арқылы өлеңді топта оқып, талдау жасау, (өлең ұйқасына назар аудару, қай жолдары бір-бірімен ұйқасып тұрғанын анықтаулары керек)

3-топ Алдын ала дайындалған бата түрлері туралы мәлімет жазылған парақшалармен жұмыс жасап, талдайды.

«Бағдаршам»арқылы бағалау


«Автор орындығы»

Сынып оқушыларына білімге байланысты шағын бата шығару тапсырылады, сол батаны ұйқастырып шығарып автор орындығында оқып береді.

«Бас бармақ арқылы» бағалау


Сиқырлы таяқша

Қыдыр ата қонаққа келеді,сиқырлы таяқша арқылы оқушылардың білімдерін тексереді.

Бата дегеніміз не?
Батаны кімдер береді?

Батаны қай кезде береді?
Батаның қандай түрлері бар?
Батаны не үшін береді?

Батаның қандай пайдасы бар?
Жақсы білім көрсеткені үшін Қыдыр ата бата береді.

«Үш шапалақ» әдісі бағалау


«Қолтаңба» әдісі сабақтан не білгендерін стикерге жазғызып қол суретіне ілгізу.


Сабақ соңында оқушылар шарларға тілектер жазып басқа топтарға табыстап, өз көңілдерін білдіреді.

Бір-біріне тілек айту барысында сабақ аяқталады.

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.


Шеңберде тұрып ,өлеңді жалғастыра отырып жатқа айту.


Ақыл, бата, тілек сөздері арқылы топтарға бөлінеді.

Сабақтың тақырыбын анықтайды, бірлесіп мақсатын құрастырады. Топбасшыларын сайлап, топ ережесін ескертеді.

Бейнежазба көру арқылы батаның қаншалықты маңызы, қасиеті бар екенін түсінеді.


Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы топта орындап, тақтаға шығып басқа топтармен бөліседі.

Оқушылар топта өлеңді оқып талдау жасайды және ұйқасып тұрған жолдарды парққа жазады.

Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы топта орындап, тақтаға шығып басқа топтармен бөліседі.


Оқушылар өз ойларынан бата құрастырып, сыныпқа оқып береді.


Оқушылар сұраққа жауап береді


Әумин деп Қыдыр атаны шығарып салады


Оқушылыр стикерге сабақ бойынша алған білімдерін түйіндеп стикерге жазып, іледі.


Оқушылар үріліп тұрған шарларға өз тілектерін жазып басқа топтарға тарту етеді. Бір- біріне тілек айтады.

ресурстар

жіп

сөздер жазылған

жолақшалар


ноутбук

кесте


постер

А-4парақша

А-4парақша


сиқырлы

таяқша

автор орындығы

сиқырлы

таяқша

шар



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал