7


Конспект для уроков

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: Ыбырай.Әбдіраштың Жарасқаны.Мақсаты: оқушыларды өлеңдегі негізгі ойды аңғарып,түсініп,мәнерлеп оқуға үйрету. Міндеттері: Білімділік: оқушылардың өздеріне тұжырымдар жасатып,өз ойларын дәлелдеуге төселдіру. Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін,білімін,сөздік қ
предварительный просмотр материала

Бөлекшора Нұргүл Қалыбайқызы

Бастауыш класс мұғалімі

Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектеп

Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы

Сабақтың тақырыбы: Алтыннан да ардақты.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтіннің мазмұнын талдай отырып,

бидай туралы жалпы мағұлмат беру, негізгі ойды, идеяны

ұғындыру.

а)Білімділік: Оқушыларға мәтінді бөлімдерге бөліп әңгімелету,

көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын ояту.

ә)Дамытушылық: Мәтін жайлы түсінігін кеңейту

мақсатында топқа бөліп пікір алмастыру және ойлау

қабілетін, тіл байлығын, сөйлеу шеберлігін дамыту.

б)Тәрбиелілік: Еңбекқорлыққа еркін ойын айтуға,ізденгіштікке,

ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту


Сабақтың әдісі: СТО, түсіндіру, әңгімелеу, ассоциация, ИНСЕРТ, эссе


Көрнекілігі: суреттер, ақынның портреті,интерактивті тақта


Пәнаралық байланысы: қазақ тілі, бейнелеу өнері, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылығын ояту.

- Психологиялық дайындық.

- Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. (4-топқа бөлінеді)

1-топ: «Білгірлер»

2-топ: «Тапқырлар»


3-топ: «Ізденімпаздар»


4-топ: «Алғырлар»


- үй тапсырмасын сұрау.

- Әр топтан бір - бір оқушыдан сабақ сұралады. Оқушылар сабақ айтқан балаға сұрақтар қояды.

- Әлкейдің сүйікті ісі не еді?

- Әңгімедегі жер-су аттарына қарап, Әлкейдің туған жерін айт.

- «Кітап» туралы мақалдар білесің бе?

- «Дастандар» сөзінің мағынасы қандай?


















ІІ. Мағынаны ашу.

- «Алтыннан да ардақты» деген сөзді балалардан қалай түсінетінін сұрау, білетіндерін ортаға салу.


1-топ: Бидайдың шығу тарихы


2-топ: Бидайдан не жасалады?


3-топ: Көрініс: «Бидай мен тышқан» ертегісі.


4-топ: Сөзжұмбақ, мақалдар, жұмбақтар.


- Мәтінді әр топқа бөліп, оқушыларға парақшалар таратылады. Оқушы оқып отырған мәтіндермен таныса отырып, оған түрлі белгілер қояды. Ең соңында мәтін бойынша талқыланады.

Сұрақтар қою:

- Атасының немересіне өсиет әңгімелер айтып беруіне не себеп болды?

- Атасының екінші әңгімесіндегі байды сипатта.

- Осы әңгімедегі қорытынды ой қай сөйлемдерде берілген?

- «Үлде мен бүлдеге орану » дегенді қалай түсінесің?

- «Жұт» деген не?

Білемін ˅

Білгім келеді -

Үйрендім +





- Бидайды бір сөзбен қалай атауға болады?

- Бидайды «дәнді дақылдар» арасынан ажырата білесің бе?















ІІІ.Сабақтың ой - толғаныс бөлімі:


- «Нансыз бір күн» деген тақырыпта эссе жазу.

- Бағалау

- Үйге тапсырма беру.

- (20-22 беттегі мәтіннен мазмұнын айту, әңгімедегі ұлағатты сөздерді тауып жазып келу)




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал