7


  • Учителю
  • Планирование Математика 2- сынып

Планирование Математика 2- сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Бекітемін:


Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспары.


Күні: 18.12.2014 ж

Пәні: Математика


Сыныбы: 2 «а»

Пән мұғ:Қамбарова Ж

Сабақтың тақырыбы:

Қосу және азайту. 23+7 30-7

Жалпы мақсаты:

Екі таңбалы санды қосу және екі таңбалы саннан азайту тәсілдерінің түрлерін үйрету және жаттығулар орындау арқылы меңгерту.
ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.алға қойған мақсаттарына жетуге, ойшылдыққа, шапшаңдыққа және тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ,математика 2-сынып Б..Қабатай,С.Рахметова. «Атамұра» 2013 ,электронды оқулық

Күтілетін нәтиже

Топпен бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді,ынтымақтастыққа қалыптасады,

диалог арқылы бір-біріне сұрақ қоюы,ізденуі,сыни тұрғыдан ойлауы дамиды,сөздік қоры молаяды.

Негізгі идеялар:

Ауызша есептеу дағдылары дамиды.

Қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта,слайдтар,маркер,стикер,суреттер, бейнетаспа, электронды оқулық.

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

Жаңа оқыту әдістері, СТО, АКТ, ой қозғау.

Жұмыс түрлері:

Сұрақтарға жауап беру, ой-толғау, топтық жұмыс, жеке жұмыс

жұптық жұмыс, шығармашылық жұмыс


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

«Әлібектің түстері қызыл, көк және жасыл доптары бар. Қызыл доп көк доптан үлкен, ал көк доп жасыл доптан үлкен. Ең үлкен доптың түсі қандай? Ең кіші доптың түсі қандай

Оқушылар тапсырманың шешуін табады.

Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөледі.

Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді,топ басшыларын сайлайды.

Үй тапсырмасын сұрау

Ә.Дүйсенбиевтің «Ақылшым-мұғалім» өлеңін жатқа сұрайды.

Өлеңді мәнерлеп жатқа айтады,топтар бір-біріне ашық,жабық сұрақтар қояды.Әр топтан бір оқушы шығып,автор орындығына отырады.

Ой қозғау

Күз мезгілі,күздегі тіршілік жайлы видеодан көрсете отырып,жаңа тақырыпты ашады.

Оқушылар ынта қойып тыңдайды. Сабақтың тақырыбын өздері ашады.

І. Білу


Жаңа тақырыпты хабарлайды.

Жолақтарды пайдалана отырып, қосу, азайту тәсілдерін орындау тәсілдерін түсіндіреді.

Қосу, азайту тәсілдерін еске түсіреді


ІІ.Түсіну

№2 тапсырма


Бос әйнекшелерге сан қойып , өрнек құрып, оның мәнін табады.


ІІІ. Қолдану


Жұптық жұмыс.

№ 3 тапсырманы жұпта орындатады

Жұппен өрнектердің мәнін табады


Сергіту сәті

Оқушыларды сергітіп алу мақсатында бейнетаспа ойнатылады

Оқушылар қызықты әуенге жаттығуларды бірге орындады

ІҮ. Талдау


Топпен жұмыс

«Дөңгелек» ойыны арқылы өрнек құрады

Топпен бірлесе отырып, өрнек құрып , мәндерін табады.

Ү.Жинақтау

Есеп шығартады

Қыз балалар - 30 кітап

Ұл бала - ? 3 кітап кем

Шешуін табады.

ҮІ.Бағалау

Әр топқа бағалау үшін бағдаршам таратылады.

Оқушылар «бағдаршам» арқылы бір-бірін бағалап шықты

Үй тапсырмасын беру

Үйге деңгейлік тапсырмалар береді.

№ 6 тапсырма

VII. Рефлексия

Рефлексия парақтары таратылады

«Жетістік баспалдағы»

Оқушылар сабақ бойынша өз ой-пікірлерін рефлексия парақтарына жазады




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал