7


  • Учителю
  • Урок по родному языку на тему 'Ата-ананы құрметтеу' (3 класс)

Урок по родному языку на тему 'Ата-ананы құрметтеу' (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақ тақырыбы: Ата-ананы құрметтеуМақсаты: А) Білімдік мақсаты: Мәтінді оқу, талдау, негізгі ойды ашу. Оқушылардың ата-анаға құрмет, қамқорлық сезімін арттыру. Ішкі сезімдері мен тебіреніс толқындарын ояту. Ә) Дамытушылық мақсаты: Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисы
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы: Ата-ананы құрметтеу

Мақсаты:

А) Білімдік мақсаты:

Мәтінді оқу, талдау, негізгі ойды ашу. Оқушылардың ата-анаға құрмет, қамқорлық сезімін арттыру. Ішкі сезімдері мен тебіреніс толқындарын ояту.

Ә) Дамытушылық мақсаты:

Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген оқушының ынтасын ояту, қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту.

Б) Тәрбиелік мақсаты:

Әке-шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей білуге, құрбыларын сыйлай білуге үйрету. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу. Мейірімділікке, парасаттылыққа, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

.С\көрнекілігі: Интерактивті тақта.Б.Момышұлының, Қайқаустың, ұлы ғұламалардың суреттері.Плакатқа сызылған сызбалар.

с\түрі: Аралас сабақ.

с\барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Алға мақсат қойған

Жалқауларды мүлдем жойған

Кішкентай менің бүлдіршіндерім

Қай кезде болмасын

Ұстаз шәкірт біргеміз

Баршамызға тілейміз

Ажырамасын іргеміз

Ал балалар бүгін сабағымызды жақсы көңіл күймен бастаймыз.Қане,балалар,үйге қандай тапсырма берілді?

Үй тапсырмасын сұрау:

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» мәтінін оқып түсінік айту, жеті атаны сұрау,дәптерге сызбаны толтыру.

(Оқушылар түсінік айтады)

Өткен сабақ бойынша мұғәлімнің сұрағы:

1) Жеті атаны кім айтады?

2)Б.Момышұлы туралы қандай нақыл сөздерін білесіңдер?

3)Ұшқан ұя әңгімесінің авторы кім?

4)Б.Момышұлының ерлігі туралы кім айтады?

Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.

. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

5)Қандай өлеңдерімен шығармаларын білесіңдер?

Мұғалімнің сөзі: Бауыржан атамыз айтқандай

«Тәртіпке бас иген құл болмайды,тәртіпсіз ел болмайды»дегендей тәрбие әрбір отбасынан басталады.

Отбасында атамыз,әжеміз,әкеміз,анамыз және бауырларымыз бар, олардың әр қайсысын қадірлеуіміз керек .

Топқа бөлу

Миға шабуыл

1 топ Адасқан әріптер.

Мәңгілік елдің мәртебесі асқақ болуы үшін бізде бәрі бар.Ендеше ,барды бағалап ,дамыта білейік халқым!Әлемдегі ең мықты 50 елдің сапына еркін қосылып ,енді қуатты 30 елмен иық тірестіруге бет алдық.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014жылы 16 желтоқсанда Қазақстан халқына жолдауында айтылған.

2 топ Сөзжұмбақ әлемі

Ата-ананы құрметтеу

3 топ Есепке кім жүйрік?

Қайқауыс

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - ата - ана. .

Жаңа сабақ: Ал, енді балалар, Қайқаустың үгіт насихатқа толы «Қабуснама» кітабынан үзінді келтірілген ата-ананы құрметтеу туралы әңгімемен таныстырамын.

Интерактивті тақтада көрсетіліп оқылады.

Қабуснама- ертеде жазылған үгіт- насихатқа толы кітап.Оны жазған адамның есімі Қайқаус.Ол бұл кітапты өзінің ұлына арнап жазған. Бұл кітапта адам шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ғұмырының ақырына дейін не істеу керектігі, яғни дұрыс өмір сүру жолы жазылған. Бұл кітап иран тілінен түрік, ұйғыр, неміс, өзбек, француз, орыс, ағылшын, қазақ, татар тілдеріне аударылды. кітабын жазған.

Өзбек тілінен қазақ тіліне аударған Тұрсынәлі Айнабеков.

Қайқаус кім?


Қайқаус Каспий теңізінің оңтүстік жағалауында 1021 жылдары дүниеге келген.Қайтыс болған жылдары белгісіз.Ол 63 жасында Қабуснаманы өзінің ұлы Гиланшахқа арнап жазады. Сол дәуірдің бүкіл адамзаттың мәдениеті мен әдебиетін байытқан алып тұлғалар дүниеге келді

Оларды атап өтетін болсақ -Фердауси,Қожа -Ахмет Яссауи,

Омар һаям Әл Фараби

Сол ғұламалардың бірі Қайқаус өнегелі өсиетке толы «Қабуснама» кітабын жазған.

Ал,балалар, жаңа cабақпен таныстырамын өздеріңе түсініксіз сөздерді есте сақтап отырыңдар.

Ата-ананы құрметтеу туралы.

Ей, перзентім, ата-ананы құрметтеуің керек екенін ақыл-ой,парасат тұрғысынан байқап білгейсің.Өйткені әрбір перзенттің тегі ата-ана ғой. Не үшін анамды құрмет жасаймын деп ойыңада алма.Олар сен үшін өзін өлімгеде қиятыны белгілі.

Ей,перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітпе.....Олардың көңіл күйіне қаяу салып,қапаландырма.Сені жан-тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-ананың көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен өшқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің.Өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығында бағаламайды.Егер сен өз перзентім құрметтесін десең, сен де ата-анаңды құрметте.Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді жақсы болады.Сол сияқты ата-анаға деген ізет,құрметіңді аямасаң , саған деген олардың тілегі қабыл болғаны.

Дәптермен жұмыс: (түсініксіз сөздерді дәптерге жаздыру)

Перзент-бала.

Парасат-сана,ақыл-ой.

Қаяу-реніш.

Оқулықпен жұмыс: (3оқушыны оқыттыру минутпен )

2 сыныпта 50 сөз оқуымыз керек

Ой қозғау.
Осы мәтіндегі айтылған ойларға сай келетін қандай шығармалармен таныстық? С .Көбеев тің Атасы мен немересідеген әңігімесін оқыдық.

Ата-анаңды құрметтесең, сен де сондай игілік көресің». Осы сөздер естеріңде болсын, балалар.
Сергіту сәті \Көңілді күн\

1 топ

Сәйкестендіру тест
Анаға қарап қыз өсер ------------------ Алдыңа сол келер

Ата - бәйтерек --------------------------- Әкеге қарап ұл өсер
Атаңа не істесең ------------------------- Бала - жапырақ

Аталар сөзі ------------------------------ Ақылдың көзі.

2 топ

Сөздер банкісі

Мәтіндегі бір сөйлемді құрастыру.

Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.

3топ

Ата - анамызға (Теңеу сөздер жазу)
Аяулы анам ….
Қадірлі әкем…..
Әлпештеген әжем ….
Еркелеткен атам ….

1 топ Балалар, үйдің алтын қазығы кім?

Үйдің алтын қазығы - АНА. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі - қызға үлгі, әке тәрбиесі - ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғанышың, інің сүйенішің, қарыңдасың қанатың екенін ұмытпа.

2 топ Адамға ақыл беретін кім, балалар?

Адамға ақыл беретін - ата - ана, ұстаз, досың. Ата - ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.

3 топ Адам өмір сүру үшін не қажет?

Өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді.

Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата - аналарыңды сыйлай біліңдер!

Топтарды бағалау:

Қорытынды: Бүгінгі сабағымызда ата-ананы құрметтеу,қадірлеу керек екендігін тағы да тереңірек ұғындық.

Егер сен өз перзентім құрмет етсін десең, сен де ата - анаңды құрметте, сен ата - анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата - анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығамыз білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізеді біздерді.

Ана тілінің шыңына

Үйге тапсырма Оқу түсіну қалаған бөлігін жаттап алу.


ОҚО Сайрам ауданы Аксукент ауылы

№20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы:2

Сабақтың тақырыбы:

«Ата-ананы құрметтеу»


Бастауыш сынып мұғалімі:

Абдимитаева Гулнар

Умархановна





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал