7


  • Учителю
  • Внеклассное мероприятие Тапқыр достар

Внеклассное мероприятие Тапқыр достар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Тапқыр достар»

Мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, сабақтан басқа, мектепке деген қызығушылығын арттыру, қарапайым мектеп өмірін оқушылардың шығармашылық қабілеттерімен көркемдеу.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, шарлар, кесілген әріптер, сайыстың әр кезеңіне арналған арнайы көрнекіліктер, музыкалық сапарлау.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сахнаның дайындығын, оқушылардың дайындығын тексеру.

Психологиялық ахуал: Әсем әуенмен оқушылардың көңіл - күйлерін мерекелік іс- шараға аудару.

Мұғалім:

  • Қайырлы күн құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, келген қонақтар!

1 слайд: - Мен сөзімді Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мынадай сөздерінен бастағым келеді: «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді»

- Олай болса, құрметті оқушылар, Отанымыздың келешегі, көркеюі де, балалар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан да сендердің таңдауларың - салауатты, білімді болу.

- Ендеше, бүгінгі іс шарамыздың тақырыбы:

2 слайд: «Тапқыр достар»



Келді міне ,бүгін сын алуға,

Сын алып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділқазы әділ баға.

Әділқазы алқасымен таныстыру.Жоғары сыныптың үш оқушысы.

- Бүгінгі сайыста өзінің білімдерін, біліктерін көрсететін сайысқа қатысушы топтарды сайысымыздың кезеңдерімен таныстырайық.

І. «Сәлем- сөздің атасы» таныстыру кезеңі

ІІ. «Сиқырлы әріптер»

ІІІ. «Сурет сырлары»

ІҮ. «Логика әлемінде»

Ү. Сөз тапқанға

ҮІ. «Отбасының орны» моделдеу

ҮІІ. «Қолқа салу»

  • Ал, енді іске сәт, сайысымызды бастайық, «Сәлем- сөздің атасы» демекші, бірінші кезең таныстыру. (топтар өздерін таныстырады: топтың аты, топтың ұраны)

Әділқазы алқасының бағалары.

- Келесі кезең «Сиқырлы әріптер». Мұнда әр топ бір әріп таңдайды. Ойыншылар қойылар сұрақтарға бұл әріптен басталатын әрі жылдам, әрі шынайы жауап беру керек.

Топтарға арналған сұрақтар:

  1. Сіз кімсіз?

  2. Жасыңыз қаншада?

  3. Болашақта кім болғыңыз келеді?

  4. Сүйікті пәніңіз қандай?

  5. Білім көзі неде деп ойлайсыз?

  6. Кімді мақтаныш тұтасыз?

  7. Партада оң жақ көршіңіздің есімі кім?

  8. Сүйікті жануарыңызды атаңыз?

  9. «Сұлулық жүректе» деген рас па?

  10. Сыныпта үздік оқушылар көп пе?

  11. Қандай мемлекетте тұрасыз?

  12. Астанасы қай қала?

  13. Сүйікті жазушыңыз кім?

  14. Сыр айтатын адамыңыз кім?

  15. Жауабыңызға ризасыз ба?

Әділқазы алқасы бағалайды.



- Келесі кезеңіміз «Суреттер сырлары» мұнда ойыншылар көремендерге суреттердің атын атамай мимика-пантомимка арқылы тапқызу қажет.



1 топ: Қалам, күннің көзі, қызғанақ, шырша, кітап, парта, жылқы, кесе.

2 топ: Кеме, қарындаш, ай, сәбіз, көктем мезгілі, дәптер, орындық, түйе.

Әділқазы алқасының бағасы.



-Келесі кезеңде кімнің тапқыр екендігін бақылаймыз: «Логика әлемінде»

  1. Тауық таразыда бір аяқпен тұрғанда 2 кг, ал екі аяқпен тұрғанда қанша кг? (2 кг)

  2. Ақ қайында 5 алма өсті. 3 құлап түсті. Ақ қайында қанша алма қалды? (ақ қайында алма өспейді)

  3. 3 түйеқұс ұшып келеді. Біреуін аңшы атып тастады, қанша түйеқұс ұшып кетті? ( түйеқұс ұшпайды)

  4. 2+2*2 = ?

  5. 3 кг ет 3 сағатта піссе, 5 кг ет неше сағатта піседі?

  6. Аулада қаздар жүрді. Дана 6 аяқ санады. Аулада қанша қаз бар?

  7. 2 бала 3 сағат шахмат ойнады. Әр бала неше сағат ойнады?

  8. Ағашта бірнеше құс отырған.Оларда 8 қанат болды. Ағашта неше құс отыр?

  9. Ат сиырдан қарарақ, сиыр иттен қара, ең қарасы қайсысы?

  10. Таңертең 2 әке, 2 бала, 1 немере ас ішіп отырды. Үстел үстінде 3 алама тұрды. Үстел басында отырғандардың әрқайсысы бір алмадан жеді? Қалай? ( Ата, әке, бала)

11.Түнгі 12:00 -де жаңбыр жауып тұрды, 24 сағаттан кейін күннің көзінің болуы мүмкін бе? (жоқ)

12Алманың жартысы неге ұқсайды? (екінші жартысына)

13.Жаңбыр жауып тұрғанда, сауысқан қандай ағашқа отырады? (Сулы)

Әділқазы алқасының бағасы.



-Келесі кезең: «Сөз тапқанға»

«Қазақстан» сөзінен жаңа сөздер құрау.

Әділқазы алқасының бағасы.

-Келесі кезең «Отбасының орны» моделдеу (Алма жеміс ағашы,тамыры,бұтақтары,жапырағы, жемісі). «Ағаш жеміс»арқылы отбасын моделдеу (Ата-ана,баланың орны) және неге тамыр, жеміс, жапырақ,бұтаққа теңелді оқушылар өз ойларын ортаға салады

Сен жас буын, жаңа тал,

Гүлің де өсіп шашырар.

Тамырыңды жайып тереңге.

Тәлім және білім ал!

Әділқазы алқасының бағасы.



-Келесі соңғы кезең: «Қолқа салу» кезеңі, Жеңген команда, жеңілген командаға өнерін көрсетеді. Жеңілген команда жауап қайтарады.

Мұғалім: Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,

Оған да үкі, тұмар тағылса да, -

Дегендей сөз әділқазылар алқасына беріледі. Әділқазы алқасы ойынның қорытындысын шығарып марапаттайды.

Мұғалім:

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.

  • Көріскенше, күн жақсы болғай!

  • Назар аударып тамашалағандарыңызға, уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал