7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)

Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Байқоңыр қаласы №277 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Ермағамбет Мереке Зейнуллақызы

Дүниетану пәні, 4-сыныпСабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

ІІІ оқу тоқсанында өтілген «Жер - Ғарыш денесі», «Қоғам» бөлімдері бойынша оқушылардың білімдерін тексеру және тиянақтау.



Ә) дамытушылық:

Оқушының ойын,зейінін, есте сақтау қабілетін,белсенділігін, шығармашылығын дамыту.



Б) тәрбиелік:

Білім қажеттілігін түсіндіру,тиянақты білім үйренуге тәрбиелеу.



Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Дамыта оқыту



Сабақтың типі:

Қайталау сабағы



Сабақтың түрі:

Сынақ сабақ



Сабақтың әдістері:

Ой қозғау, «сызбамен сөйлейік » әдісі, терминологиялық диктант, графикалық диктант, «Бинго» ойыны, «Кеңесші» ойыны.



Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Слайдтар, ақ парақтар, «Бинго» ойынының парақтары



Сабақтың пәнаралық байланысы:

Ана тілі



Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

1.Ой қозғау.

« Ауадай қажет » деген сөзді қалай түсінесіңдер ? сұрағына жауап алу арқылы оқушының назарын сабаққа аудару

ІІ.Мақсат қою кезеңі

Бүгінгі сабақта ІІІ оқу тоқсанында өтілген бөлімдер бойынша оқығанымызды еске түсіріп, қайталаймыз,білімімізді тиянақтаймыз.

ІІІ.Өтілген материалдар бойынша оқушы білімін тексеру.

1.Терминологиялық диктант

Оқушыларға бірнеше термин сөздер баған түрінде жазылған парақтар таратылады. Ал мұғалім нөмірленген олардың анықтамасын оқиды.Оқушылар әр терминнің жанына сәйкес келетін нөмірді жазады.

Термин сөздер:

Жыл -

Ғарыш -

Глобус -

Градус торы -

Тәулік -



Анықтамалар:

№ 1.Жердің өз білігінен айналып шығуына кеткен уақыт

№ 2. Жерді қоршаған бүкіл дүние

№ 3.Жердің Күнді толық 1 рет айналып шығуына кеткен уақыт

№ 4. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі

№ 5. Белгілі бір градус сайын жүргізілген паралельдер мен меридиандар глобустың бетін тор көздерге бөледі.



Оқушылар орындап болғаннан кейін тексеріледі.Берілген анықтамалар оқушылардан ауызша сұралады.



Дұрыс жауабы:

Термин сөздер:

Жыл - 3

Ғарыш - 2

Глобус - 4

Градус торы - 5

Тәулік - 1







2. «Сызбамен сөйлейік » әдісі

Әр оқушы өз бетінше алдындағы параққа «Глобустың градус торын» сызады, ол туралы түсіндіріп айтады.Сызбаны сызу барысында оқушыларға шығармашылықпен жұмыс жасауға рұқсат етіледі.



3. «Бинго» ойыны.

Өтілген материалдар бойынша сандық ақпараттарды еске түсіру мақсатында жүргізіледі.Қойылған сұраққа байланысты жауаптарын ұяшықтардан тауып белгілеп отырады.





1

1961

1960

1991

1971

2

17

18

16

15

3

650

550

50

21

4

4

1

2

7

5

40

60

20

70

6

100 млн.

150 млн.

120 млн.

160 млн.

7

65

68

70

41

8

4 000 км

400 000 км

4000 000 км

40 000 км

9

2 ғасырда

1 ғасырда

12 ғасырда

10 ғасырда

Сұрақтары:

1.Адам баласы тарихта қай жылы бірінші рет ғарышқа ұшты ?

2. Глобус қай ғасырдан бастап шығарыла бастады ?

3.Биылғы жылы Қазақ хандығының қанша жылдығы тойланады ?

4.Күн жүйесіндегі Марс нешінші планета ?

5.Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына қанша жыл ?

6.Күн мен Жердің арақашықтығы қанша км ?

7. Ұлы Жеңіске қанша жыл толады ?

8. Жер экваторының ұзындығы

9. Қағаз тұңғыш рет қашан жасалынды ?





4.Графикалық диктант.



Дәптерлеріне орындайды.

Туған-туысқандар мәтіні бойынша қайталау. Мұғалім туған-туысқандардың аттарын атап тұрады,оқушылар сәйкестендіріп, белгілермен белгілеп отырады.Ол үшін мынадай белгілерді қолданады.



Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)



Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)

  • Өз жұрты



Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)

  • Нағашы жұрт



Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)

  • Қайын жұрты





Оқылатын сөздер: Аға, балдыз, анаңның әкесі, пергамент, құдаша, қарындас, папирус, қайын аға, немере, жиен,бөле.



Осы сөздердің орнына берілген белгілерін салып отырады.













Жауабы:

Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)

Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)Дүниетану пәнінен Білімді тиянақтау тақырыбында сабақ жоспары(4-сынып)







Шығармашылық жұмыс

«Кеңесші »ойыны

Жұппен жұмыс жасайды.

Өскен кезде қандай шаруашылық немесе өндіріс орнын ұйымдастырар едіңдер ?

сұрағына әр жұп өз жобасын жасап ұсынады және онымен таныстырады.





ІV. Үйге тапсырма.

Өтілген бөлімдер бойынша 20 сұрақтан тұратын тест құрастырып келеді.





V.Оқушы білімін бағалау

Оқушылардың орындаған жұмыстарын жинап алып, тексеру арқылы баға қойылады.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал