7


  • Учителю
  • Word. Қызанақтың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бет

Word. Қызанақтың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бет

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



МАЗМҰНЫ





І. Кіріспе …..............................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім

2. Қызанақты өсіріп-баптау және оның адам ағзасына

тигізетін пайдасы



2. 1 Қызанақтың шығу тарихы ............................................................5

2. 2 Қызанақ көкөнісіне сипаттама .....................................................6

2. 3 Қызанақтың сұрыптары ................................................................7

2. 4. Қызанақты бау-бақшада өсіру және оны

күтіп-баптау тәсілдері.......................................................................11

2. 5 Қызанақтың адам ағзасына пайдасы ........................................14

2. 6 Қызанақтың қолданылуы ........................................................... 19



ІІІ. Қорытынды ......................................................................................21

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................22















І Кіріспе

Word. Қызанақтың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бет

Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды, далалы, таулы аймақтан тұрады. Міне, осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағын ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген.

Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.

Әбу - Насыр әл - Фараби, Әбу - Әли ибн - Сина, Беруни. Әл - Джуржани және орта ғасырда өмір сүрген т. б. ғылымдар халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануға зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады.

Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады.

Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі-дәрмектің 78%, ішек-қарын, бауыр ауруларының шипалы дәрі-дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілерінің 80%, қан тоқтататын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады.

Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктер де жатады. Сондай-ақ, бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы.

Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарды. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналды.

Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген.

Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ерітінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі-дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.

Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу - фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем-домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын ролі аса зор екені тәжірибеден мәлім. Сонымен қатар химиялық тәсілмен жасалатын дәрі-дәрмектерге қарағанда дәрілік өсімдіктердің артықшылығы өз алдында.

Зерттеудің мақсаты: Қызанақтың өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Қызанақты тұрмыста сақтау және пайдаға асыру жолдарын ашып көрсету.

Міндеттері:

- қызанақтың шығу тарихын анықтау;

- қызанақ көкөнісіне кеңінен сипаттама жасау;

- қызанақтың сұрыптарына зерттеу жүргізу;

- қызанақты бау-бақшада өсіру және оны күтіп-баптау тәсілдеріне тоқталу;

- қызанақтың адам ағзасына пайдалы жақтарын айқындау;

- қызанақтың қолдану және одан тұздықтар дайындау тәсілдерін көрсету.

Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

ІІ Негізгі бөлім



2. 1 Қызанақтың шығу тарихы



Қызанақтың отаны - Оңтүстік Американың солтүстік-батыс жағалауында орналасқан Эквадор мемлекеті болып табылады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен.

Кейбір деректерде қызанақтың б.з.д V ғасырларда перуан тайпаларында өсірілгендігі де айтылады. Үндістер бұл жемісті «помидорль» деп атайды екен, біздер қолданатын «помидор» сөзі осыдан шықса керек. Айтпақшы, ең қызығы француздықтарда қызанақты «махаббат алмасы» деген мағына беретін «pomme d'amour» деп атайды екен. Осындай романтикалық атауға ие болған көкөніс Еуропада бастапқы кезде тек сәндік өсімдік ретінде өсірілген, ал оның жемісін улы деп саналып келген. Германияда қызанақ терезе алдындағы тақтайларды, Францияда күркелерді сәндеу үшін қолданылса, Англия мен Ресейде сирек ұшырасатын гүлдердің қатарында өсірілген екен. Қалай болғанда да, қызанақтардың бүгінде әлем халықтарының сүйіп жейтін сүйкімді жемістерінің бірі екендігіне дауымыз жоқ.

Валенсияға жақын, кішкене испан қалашығы Буноль жыл сайын тамыз айының соңғы сәрсенбісінде қызанақты өлермен шайқас - Ля Томатинаның орнына айналады. Осылай созылмалы фиеста аптасы аяқталады. Шайқас алдындағы түні қызанақтары бар жүк машиналарының дайындығы жүреді, олар келесі күні шамамен азаңғы сағат 11-де қалашықтың негізгі алаңына шығады. Мерекенің жүргізушілері екі сағаттық "қанды" шайқасты бастайды. Шайқастан кейін өзенде суға түсіп алуға, сосын теңдесі жоқ жергілікті шараппен іше отырып, әйгілі паэльді жеуге болады.





2. 2 Қызанақ көкөнісіне сипаттама



Қызанақ - жемісі жеуге жарамды, біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде «помидор» атауы итальян тіліндегі «pomodoro - алтын алма» дегеннен шыққан. Ал «томат» атауы француздардан «tomate» деген сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Түрінің көптігімен, дәмімен және диеталық қасиеттерімен танымал. Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған болып келеді. Кейбір түрлерінің тамыры 1 метр тереңдікке дейін барады. Өсімдікке дұрыс күтім жасалса, тамыр сабағының бойына да өсіп шығады. Осыдан қызанақты тек тұқымы арқылы емес, тамыр сабақтары арқылы да көбейтуге болатынын көреміз. Сабағының биіктігі түріне қарай 30 см-ден 2 метрге дейін барады. Ұсақ, сарғыш түсті болып келетін гүлдері бір түпке жиналып өседі. Бір сабағында аталықтары да, аналықтары да кездеседі. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі. Қызанақты жеміске де, көкөніске де жатқыза береді. Өйткені, 1893 жылы АҚШ Жоғарғы Соты қызанақты көкөніс деп қабылдаса, 2001 жылы еуропалықтар оны жеміс деп шешті. Біздің елде қызанақ көкөніс деп саналады.

Қызанақ-жылу сүйгіш өсімдік. Оның өсуі үшін оңтайлы температура: күндіз-20-250С, түнде-12-150С. Температура 150С төмендесе, қызанақ гүлдемейді. 100С өсуін тоқтатады, ал-1,50С опат болады. Сонымен бірге ол үшін өте жоғары температура да зиянды. Температура 330С -қа жеткенде, өсімдік өсуін баяулатады, ал 350С болғанда болғанда фотосинтез тоқататылады; егер осы кезде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендесе, онда түйіні түсе бастайды. 25-300С және топырақтың орташа ылғалдылығы өскін 5-6 тәулікте пайда болады. Егер топырақтың температурасы 110С-тан аспаса, онда тұқымдары дерлік өнбейді. Бірақ термиялық өңдеуден өткен тұқымдар 80С, тіпті одан да төмен жылылықта біргелкі өскін бере алады.

Оның 3 түрі бар (кейбір деректерде 7). Қазақстанда 1 түрі: кәдімгі (ас) Қызанақ (T. esculentum) барлық жерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 30-40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі - екі не көп ұялы жидек, пішіні әртүрлі. Салм. 25-500 г, кейде 800-900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4,5-8,1% құрғақ зат, 3,5-8,5% органикалық қышқыл,минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар. Жемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Жартылай түйіршікті, қарашірігі мол топырақта жақсы өседі. Әр га-нан ашық жерде өсіргенде 150-200 ц, ал жылыжайларда 1 м2-нен 12-15 кг өнім алуға болады. Қазақстанның әр аймақтарында қызанақтың әр мезгілде пісетін бірнеше сұрыптары бар. Ерте пісетін сұрыптары: Белый налив 241, Ранний 80, Ақтөбелік 85, Глория, т.б. сорттары Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, т.б. облыстарда аудандастырылған. Негізгі зиянкестері: картоп қоңыр көбелегі, ызылдауық қоңыз, колорадо қоңызы, т.б. Ең көп тараған аурулары: бактериялық теңбілділік, фитофториоз, макроскориоз, т.б. Қызанақ жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.



2. 3 Қызанақтың сұрыптары



Қызанақ сұрыптары өсу даму кезеңдерінің ұзақтығы бойынша тез пісетіндер (өскін пайда болғаннан жемісін бірінші рет жинағанша 110-115 тәулік), орташа мерзімде пісетіндер (115-120 тәулік) және кеш пісетіндер (125-130 тәулік) болып бөлінеді. Қазақстанның Солтүстігінде аязсыз кезеңнің қысқалығына байланысты тек тез пісетін және жекелеген жағдайларда орташа мерзімде пісетін сұрыптар өсіріледі.

Ашық жерге арналған сұрыптар.

Агата. БОӨШҒЗИ-Н қырым селенкция стансасында шығарылған. Ерте пісетін, салаттық сұрып. Өсінді кезеңі- 110 күндей. Детерминантты, биіктігі 45 см, байлауды және өгей бұтақсыздандыруды тілемейді. Жемістері жайпақ- домалақша тегіс. Тасымалдылығы өте жоғары. Жемісінің салмағы 80-110 г. Жемісін бір мезгілде байлайтындығымен ерекшеленеді.

ЛАМАНТИН F1 (Lamantin)

Үлдірлі төмен жылыжаймен ашық грунтқа егуге арналған ерте пісетін, жоғары өнімді, түптік дөңгелекті, шырынды, көпкамералы, негізінде дақтылық жоқ. Өте қарқынды қызыл түсті.

ШЕДИ ЛЕДИ F1 (Shady Lady)

Ерте пісетін жоғары өнімді қызанақ буданы, жаңа күйінде пайдаланады және тасымалдайды. Бұл типтің түбіне лайық жинақы, күңгірт-көк.

ТАРПАН F1 (Tarpan)

Түпті қызғылт жемісті қызанақ, пісу мерзімі ерте (өскіні пайда болғаннан кейін 98-105 күнде піседі). Жемісі жеткілікті тығыз, өте шырынды қызғылты қызанақтарға тән өзіндік дәмдік қасиетке ие.

ПЛАТИНУМ F1 (Platinum)

Жаңа піскен күйде қолданылатын және тасымалданатын жоғары астықты ерте пісетін қызанақ буданы. Жаппай көктегеннен кейін 90-100 күні піседі.

Жабық грунтка арналған

ШЕННОН F1 (Shannon)

Индетерминантты, ерте пісетін қызанақ буданы, жемісі ұзақ сақталынады. Жеміс салмағы 160-180 г. Жеміс мүсіні дөңгелек, ептеп қабыстырылған. Үш аптадан артық сақталынады.

АКСИОМА F1 (Axiom)

Үлдірлі жылы жайлар үшін ерте пісетін индетерминантты биф-қызанақ жемісі, ірі (180-200 г, кейбір жағдайда одан да ірі) түп негізінде дақтылық жоқ, біркелкілігі өте жоғары.





Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru</<font size="4"> поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!









Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!









10





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал