- Учителю
- Тақырыбы: 'Дауыссыз б мен п' Қазақ тілі
Тақырыбы: 'Дауыссыз б мен п' Қазақ тілі
Сыныбы: | 2 «Б» | ||||
Пәні | Қазақ тілі | Уақыты:09.10.2015 | Мұғалімі: Б.И.Куспанова | ||
Сабақтың тақырыбы | Дауыссыз б мен п әріптерінің емлесі | ||||
Мақсаты | Үнді,қатаң, ұяң дыбыстарды еске түсіріп,б мен п әріптерінің емілесін меңгету.
| ||||
Күтілетін нәтиже | А. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін еске түсіріп, б мен п дыбыстарының ерекшеліктеріне, емлелік ережелеріне тоқталу. | ||||
Сабақ түрі,типі | қайталау | ||||
Әдіс-тәсілдер: | «Қораптағы сұрақ», «Қар үйіндісі» бағалау | ||||
Көрнекіліктер: | көкөністер мен жемістер суреттері, сызба, дауыссыз дыбыс түрлері жазылған парақтар, оқулық | ||||
Сабақ барысы
| |||||
Сабақ кезеңдері
| Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті
| |||
Психология лық ахуал | Мен бәріңе Денсаулық тілеймін! Мен бәріңе Қуаныш тілеймін! Мен бәріңе Мейірім тілеймін! Мен бәріңе шуақты күн тілеймін! Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! | Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |||
Қызығушы лықты ояту | «Иә-жоқ» Сұраққа жауап беру
| Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | |||
Мағынаны тану | Мағынаны ашу. Сызбамен жұмыс «Дауыссыз дыбыстар» Дауыссыз дыбыстар
Қатаң… Ұяң... Үнді...
Көркем жазу
Оқулықпен жұмыс. 92-жаттығу. Сөйлемдерді оқу. Қарамен жазылған сөздердің жазылуына назар аударту. Кітап,доп сөздерінің соңғы әрпі неліктен өзгергенін сұрау.
Ережемен жұмыс
Өзіндік жұмыс.93-жаттығу. Берілген сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін қосып жаздырту, п-ның өзгеру себебін түсіндіру.
Топпен жұмыс 3-топқа Тәртіп, топ, қорап сөздерін беру арқылы сөйлемдер құрату,оларға дыбыстық талдау жасату.
| Қатаң, ұяң. Үнді дыбыстарды оқушылар өздері толықтырып, еске түсіріп жазады. Қатаң:к,қ,п,с,т,,ф,х, һ,ц,ч,ш,щ Ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з Үнді: л,м,н,ң,р,й (у) Шешім шығару: дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс естілсе, б-ға өзгереді. Оқушылыар әдемі ,көркем етіп дәптерлеріне жазады. Кітап - кітабы, жіп - жібі. Балдырған бірінші партада отырады Оқушылар 92-жаттығудағы сөйлемдерді оқиды. Кітап,доп сөздерінің соңғы әрпі неліктен өзгергенін өз түсініктері бойынша айтып береді.
Оқулықтағы ережені оқушылар хормен оқиды.Мағынасына назар аударады.
Оқушылар 93-жаттығудағы берілген сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін қосып жазады, п-ның қалай өзгергенін түсіндіріп айтып береді
Әр топ өздеріне берілген сөздермен сөйлемдер құрайды және сол сөзерге дыбыстық талдау жасайды.Топ ішінде өзара талқылап,әр топтан бір оқушы оқиды. | |||
Сергіту сәті | Кел балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді болып жүрейік. Кел балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік! | Оқушылар бірге хормен айтады. | |||
Ой толғаныс | Тақтада жұмыс. 95-жаттығудағы екі бағандағы сөзерді жұптастырып жазғызу. Сөз соңындағы п дыбысының б- ға өзгеру себебін түсіндіру
Ой қорыту. Үлестірме парақтардағы дауыссыз дыбыс түрлерін толықтыру. Сөздердегі керек әріптерді қойып, айту. | Жаттығудағы екі бағандағы сөзерді жұптастырып жазады. Шап - шабу Жап - жабу Теп - тебу Сеп - себу Тап - табу Кеп - кебу Сөз соңындағы п дыбысының б- ға өзгеру себебін түсіндіріп айтып береді. | |||
Үйге тапсырма | Үйге тапсырма: дауыссыз дыбыс түрлерін жаттап келу, 96-жаттығуда берілген берілген сурет бойынша әңгіме құрау /33 бет/ | Күнделіктеріне жазып алады | |||
Бағалау |
| Бағалау парақшасын толтырады. | |||
Кері байланыс |
| Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |