7


  • Учителю
  • 2- сыныпта Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай өткізілген тәрбие сағатының жоспары

2- сыныпта Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай өткізілген тәрбие сағатының жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағаты.

«Атамекен» бағдарламасының «Сөнбес жұлдыздар» бағыты бойынша өткізілді.

Тақырыбы: ХХғасырдың Гомері

Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету.

Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.

Түрі: ауызша журнал

Журнал парақтары:

1Өмірбаяны

2.Достар сыры. (ақын туралы айтқан жазушылардың пікірлері)

3. Шығармалары.

4. Фотошуақ.

5.Жамбыл ата ізбасары.

6. Сөзжұмбақ.

1-бет. Өмірбаяны.

Мұнда оқушылар ақынның өмірбаяны туралы айтып өтеді.

Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған.Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген. Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдың Гомері».1938 жылы «Ленин» орденімен, 1939 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді.Алғашқы өлеңдері Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет, Шашубаймен айтысқан, әсіресе 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп , Жетісудың атақты ақыны аталды. Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері,дастандары бар.

Суретін көрсету.

2-бет. Достар сыры.

Бұл бетте оқушылар ақын жазушылардың ойларын оқиды.

Жамбыл - ақыл ойдың алғыры , өзгеге ұқсамайтын дара , оқшау бет - бейнесін аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрә айтыс ақыны, әрә азаматтық әуеннің де ақыны. М. Әуезов.

Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. С. Сейфуллин.

Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың. І. Жансүгіров.

Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі. С. Мұқанов.



3-бет. Шығармаларынан үзінді оқиды..

Аружан:

« Халық -менің шын атым.

Жамбыл деген - жай атым,

Абылай :Балаларға.Арыстан:Жаныс ақынға.Нияз :Шындық туралы,

Айша :Қайта келген жастық шақ,Балнұр :Жасымнан атым аян ,Жамбыл едім.

Шыңғыс : Балама хат,Айзада :Алғадай туралы,Айтұмар : Ленинградтық өренім,Абылай : Алатау

</ 4-бет. Жамбыл Жабаев туралы фотосуреттер көрсету.

5-бет. Бала жамбыл туралы видеоролик көрсету.

6- бет. сөзжұмбақ шешу.

1.Жамбылдың әкесінің есімі.

2.Дүниеге келген айы.

3.қай таудың етегінде дүниеге келді?

4. Біреу сапар шегер алдында, үлкен іс бастарда оң тілек айту не деп аталады?

5.Жамбыл жас ұрпақты неге шақырады.

6. Жамбылдың ұлының аты кім?





Мұғалім:

Осымен Жыр алыбы- Жамбылдың 170 жылдығына арналған ауызша журнал тәрбие сағаты аяқталды



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал