7


  • Учителю
  • Внеклассное мероприятие Аяулы күз, алтын күз

Внеклассное мероприятие Аяулы күз, алтын күз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Внеклассное мероприятие Аяулы күз, алтын күз «Аяулы күз, алтын күз»

1. Жүргізуші: Құрметті, ата-аналар, қонақтар! «Аяулы күз, алтын күз</<font color="#525252">» атты мерекелік ертеңгілігімізге хош келдіңіздер!

-Балалар мен сендерге бір жүмбақ жасырайын:

Қызыл, сары кемелер,

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады, толқиды.

(Жапырақ)

-Дұрыс айтасыңдар! Қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Күз!

2) Олай болса сендердің күз туралы тақпақтарыңды тыңдайық.

Внеклассное мероприятие Аяулы күз, алтын күзМадинабану: Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз



Махаббат: Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.



Мадина: Қазан айы басталды,

Құстар қайта бастады,

Туыстық, адал достықпен



Қанат: Күздің қараша айында

Алма,алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр түседі



Аружан: Алтын сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта атырап

көз тартады күлімдеп.

Мұны көріп қалай біз

Теңемейміз сары алтынға.

Сәтті болсын өмірің

Жүргізуші: Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

әділқазы алқалармен таныстырып,

кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

1._______________________________________________

2._______________________________________________

3._______________________________________________

Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Арулары силаған, халқым менің ,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық! Ал енді оқушылар бүгінгі алтын күзге қатысушы ханшайымдарды ортаға шақырайық.

(музыка әуенімен күз ханшайымдар кіреді №- 2 )



Жүргізуші: Құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Аяулы күз, алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді « Күз ханшайымдарды » өздерін таныстырсын. Внеклассное мероприятие Аяулы күз, алтын күз



1.Таныстыру (оқушылар өздерін жеке-жеке таныстырады)

Күз ханшайымдарды танып білсек сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік.

2. муз. сайысы ( өлең немесе би тамашаланады)

3.Үй тапсырмасы (күзгі жапырақтардан аппликация жасау)



Келесі бөліміміз «Білгенге маржан»деп аталады. Мұнда жапырақтардағы сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.



арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық.



Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)

0-сынып:1) тақпақтар

2) Қолшатыр биіВнеклассное мероприятие Аяулы күз, алтын күз



1-сынып 1) тақпақтар

2) «балапандар»биі



2-сынып 1) тақпақтар

2) « Саңырауқұлақтар биі » Внеклассное мероприятие Аяулы күз, алтын күз

3-сынып 1) өлең

2) тақпақтар



4-сынып 1) тақпақтар

2) көрініс «Ормандағы оқиға»

3) өлең «Скворушка прощается»



Мақал-мәтелдерді кезегімен алып, жалғасын айтады.

1. Жүзігің алтын болғанша… (жүзің жарқын болсын)

2. Ұлға отыз үйден тию… (қызға қырық үйден тыйым)

3. Атаңның баласы болма… (адамның баласы бол)

4 .Білекті бірді жығар…. (білімді мыңды жығар)

5. Шешен сөз бастар… (батыр қол бастар)

6. Әке көрген оқ жонар… (шеше көрген тон пішер)

7. Жақсы байқап сөйлейді… (жаман шайқап сөйлейді

, Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе,

)

8. Әдепті бала - арлы бала… (әдепсіз бала - сорлы бала)

9. Жақсыдан үйрен… (жаманнан жирен)

10.Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда соны алады)

11. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)

. 12.Ата - бәйтерек,.. ( бала - жапырақ

Жүргізуші:

Балалар менің сендерге жасырар тағы да жұмбақтарым бар, кәне шешіп көреміз бе?!

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.

(Сәбіз)

Бір сабақта көп түйме,

Жей алмайсың көк күйде.

Санап қара қанша,

Оның аты - ШИЕ.

Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты - ҚҰЛПЫНАЙ



Іші толған шәрбәт,

Дәмі сондай әйбат.

Үзесің бірден жүзін

Оның аты - ЖҮЗІМ.



Жайлы, жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін,

Қабат-қабат тоным бар,

Қалай оны шешемін?

(Қырыққабат)



Пісетін кезі дәл күзде,

Мезгілсіз оны үзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Оның аты - ШАБДАЛЫ.

2 сынып Ән: «Ертегілер әлемі» (МұқатАружан)

Жүргізуші: Келешекте әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.

Өнерлілер көбейсін күннен - күнге,

Өмір күрес әлі талай жарыстырар … дей отырып,

«Аяулы күз, алтын күз-2012» байқауының нағыз ханшасын жариялау үшін ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз

Әділқазылар алқасы «Аяулы күз, алтын күз» байқауының жеңіпаздарын марапаттайды.

Қымбатты көрермендер! Жеңіпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.



Тамашалағандарыңызға рахмет, сау- саламат болыңыздар.

























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал